Мультфильм және бүлдіршін тәрбиесі

Жарнама

Мультфильм және бүлдіршін тәрбиесіБала – әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» — деп баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені кһп болған адам білімді болады», — дейді. Бала тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы  бала үшін үлкен сабақ. Жас балалардың ұлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.

Мамадардың пікіріне сүйенсек, балалар мен жасөсіпірмдер телеаудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады екен. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демей ме?

Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жас балалар теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да сол көгілдір экраннан ұйренеді. Ендеше, жас буынның бойында туған тіл, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін, сондай-ақ, баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық рухтағы тәрбиесінің бекуіне жол салатын қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көптеп шығарылса кәні! Қазіргі ақпараттық заманда көгілдір экранның күшті  насихат құралына айналғанын ескерсек, отандық телеарналарға балаға ұлттық тәрбие беретін қазақ тіліндегі мультфильмдер шығару кезек күттірмес мәселе екенін атап айтқым келеді. Қазіргі балаларға жақын болған «Алдар көсе» мультсериалын бәрінің сүйіп көретіні де белгілі. Алдардың ақылдығын, әдемі әзілін ұғына білген бала да жақсы азамат болары хақ. Ал кешегі «Ер Төстік пен АйдаҺар» ертегісі де жарнамасымен көрерменді құштар қылып, сағындырып көрдік. Көрдік те ойға қалдық. Бүгінгі заман талабы, бала талғамы ма, шетелдің «Спанж Бобы», «Бентәні», «Мадагаскарын» тамашалайтын, кішкентай баладан гөрі ересектер жақсы түсінетін анимациялық туындыдай қабылдадық. Бірақ қазақтың төл ертегісінің исі мен мазмұндық желісі арқылы ғана ертегіні ерекше қабылдадық.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашан да халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, қиял-ғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар ұлттық тәрбие негіздері жатады. Міне, мұның барлығы дерлік адамгершілікке баулиды. Олай болса тәрбие – халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді.

 

Автор: Айтбибі Бекмағанбетова


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz