Темекі және жүктілік

Жарнама

Темекі жүктілік бо­лу мүмкіншілігін 3 есе­ге төмендетеді. Темекі тар­та­тын әйелдер бедеулікке жиі ұшырайды, ал ер­кек­тер­де жы­ныс функциясының әр түрлі өзгерістері пай­да бо­ла­ды.

         Жүкті кез­де темекі қауіп-қатер өсіреді:

  • Ба­ла­ны өлі туу
  • Түсік тас­тау
  • Күні жет­пей бо­са­ну
  • Жа­тыр­дан қан ке­ту
  • Ке­нет­тен нәрестенің қайтыс бо­лу син­дро­мы
  • Нәресте салмағының төмен бо­луы
  • Нәрестенің ты­ныс алу жол­да­ры ауруы

Сіз темекіні тастасаңыз ана­дан іштегі балаға қанмен ба­ра­тын ни­ко­тин­нен, токсикалық зат­тар­дан, көміртегінен және басқа улы зат­тар­дан өз балаңызды қорғайсыз. Темекіні тастаған күннен бас­тап жақсы жүктілікті және іштегі нәрестенің дұрыс да­му­ы­на мүмкіндікті ұлғайтасыз. Жүктіліктің қай уақытында да бол­са да темекіні тас­тау кеш бол­май­ды. Баланың дұрыс өсуіне ата-ананың екеуі де ықпал етеді. Кімде кім жүкті әйелмен не­ме­се баланың жа­нын­да тұрып, бір бөлмеде темекі тарт­са, олардың денсаулығына зи­ян келтіреді. Пассивті темекі тар­ту ты­ныс алу ин­фек­ци­я­сы­на, аст­ма бо­лу­ы­на, құлақ ауру­ла­ры­на, керең бо­лып қалуына дейін қауіп төндіреді. От­ба­сы мүшелері мен достарыңыздан баланың жа­нын­да тұрып темекі тарт­па­у­ын сұраңыз.

 

Б. Хаб­д­рах­ма­нов

/пси­хи­а­тр-нар­ко­лог/


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz