Қыздарға әсемдік жарасады

Жарнама

Қыздарға әсемдік жарасадыҚазіргі заманғы қыздар туралы өз ойың қалай? Оларға қандай ақыл, кеңестер айтар едің? Бұрыңғы қазақ қызы мен қазіргі қазақ қызының арасындағы айырмашылықтар бар ма? Мысалы, тарихымызға үңілсек, қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамаған. Ертеде ата-бабаларымыз қашан да қыз баланы аялы алақанына салып, мәпелеп еркелетіп, көзінің ағы мен қарасындай қарап, тәнін сау, жанын таза етіп өсіруге тырысқан. Жақсы көрумен бірге өсіп келе жатқан нәзік жандардың тәрбие-тәліміне де немқұрайлы қарамай, қатаң талаптар қоя білген елміз. «Қыз өссе елдің көркі» деп бойжеткендерді тек бір отбасының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына, абыройына, тіпті ар-намысына балап келген. Қыз баланың жүріс-тұрысына, сөзіне, жиған жүгіне, киген киіміне құйған шайына қарап, ата-бабамыз оның қандай отбасынан шыққанына, қандай ананың тәрбиесінен өткендігіне баға беретін болған. Тағы да дәл осындай сұраққа әртүрлі адамдардың өз ойларын іркілмей айтып беруді сұрадым.

         Ерғалиева Жұлдыз, колледж студенті:

Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын, —

         Демекші, қазіргі заманғы қыздардың қазақ ата-салтын бойына сіңіріп өсіп келе жатқандығы, әрине, көңіл қуантады. Жеке өзім қазіргінің қыздарымен, бұрынғының бойжеткендерінің арасында айырмашылық бар деп санаймын. Себебі, қазірде ең бастысы тәрбиеге, ал екінші, ол қыздың араласатын ортасына байланысты. Сонымен қоса бізде еліктеушілік деген де бар ғой. Көгілдір экраннан, интернеттен көріп, білгендерінен бе екен, құрбыларым еуропаша шалбар киюге, шашын қиюға әуес. Неге қазақтың жастары дамымаған, жаңалықтар көрмейді, саясатты білмейді, АҚШ-тың астанасы қай қала десең, ол қай жақта дейді?, оны қоя берші біздің премьер-министр кім десең соның өзін білмейді… жастардың құмарлығы: майл @гент, жеңіл немесе «слабоумный» әзілдер, не қазақша, не орысша таза сөйлей білмейтін жастар…Ресейдің жастары: фэйс-бук-та отырса, ресейдің саясатын жақсы біліп, орыс тілін одан сайын дамытып, сол тілде сөйлеп, Ресейдің патриоттары болып, шетелге қыдырып жүреді. Бізде осындай ресейдегі жастардай адамдар қолмен санарлық.

         «Остановка», «идете», «давай», «привет» т.б. сөздердің орнына «аялдама», «жүреме», «жақсы», «сәлем» деп айтса болады ғой! Сол орысша мен қазақшаны араластырып айтса сол әдемі деп санай ма?

         Дегенмен, елімізде ибалы қыздардың шашын өсіріп, бұрымдарына көңіл бөледі. «Бұрымды қыз» байқауына қатысып, қазақи қалпынан айнымай жүргендерін де көріп мәз боласың. Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «қызға қырық үйден тыйым» деп білген. Қазақ халқында халықтың құрметіне бөленген, ақылына көркі сай ару қыздар аз емес. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Үлкендердің айтқанын екі етпей, тыңдай білуге, көшеде көп қаңғымай, әке-шешеге қолғабысынды көп тигізсек, бұдан артық не бар дер едім.

         Аманжолова Алтын, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі:

         Әдемі болып көріну – өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Әдемі болу өнерін үйрену қиын емес. Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу. Жас пен дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Сұлулық көші одан әрі жылжиды, бүгін «күтім» жайында сыр шертпекпіз.

         Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай, ол өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады. Өз-өзіне күтім жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу – наздық емес, асыра сілтеушілік та емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Қызың көргенді де ибалы, сөз – сынын, ісі – түзік, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана күліп, сызылып жәймен жүріп, айтқаныңды екі етпесе – ажарың. Ал тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауын ашып, көрінгенге көзін тессе, күндіз кетіп, түнде келіп жатса – азабың. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Қыз – қарындас, қыз – апаң, қыз – болашақ жарың. Қыз ертеңгі ана, қыз – ұлтымыздың келешегі.

Сондықтан да қыздарды аялай білейік!
Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де кезінде дара тұлға.
Ұрпағымыздың ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!

Махаббат Табынова,
колледж студенті


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz