Қызым, саған айтам….

Жарнама

Бұдан бірнеше жүздеген жыл­дар бұрын араб ру басыларының бірінің қызына құда түсіп, сөз бай­ла­са­ды. Туған ұясынан ұзатылғалы отырған қызын қасына оңаша алып, ана­сы мы­на­дай өсиет айтқан екен:

«Қызым, егер ата-ананың байлығы себепті тұрмысқа шығуға мұқтаждық бол­ма­са, сенің де туған ұяңды тастамауыңа бо­лар еді. Өмір біз ойлағандай емес. Біз ер­кек­тер үшін жаралғанбыз, ал ер­кек­тер біз үшін жаралған.» Ертең өзің ту­ып-өскен ұяңды тас­тап, өмірі көрмеген, білмеген адамның өмірлік жол­да­сы­на айналасың. Бей­та­ныс үйде өмірлік жолдасыңмен араң бұзылмас үшін, саған бірнеше өсиет ай­тай­ын. Осы­лар­ды іске асырсаң екі дүниеде де бақытқа кенелесің. Ал, қызым, маған құлақ сал:

  1. Қанағатты бол, яғни күйеунің әкелген азық-түлік, киім-кешегін разылықпен қабылда. Өйткені, қанағат жүрекке ра­хат сезімін ұялатады.
  2. Айтылған сөздерді әрдайым ықыласпен тыңда және оған бойұсын. Өмірлік жолдасыңа қарсы кел­мей оны­мен пікірлесіп, ынтымақта бол. Мұндай қылығыңмен Алланың разылығына ие боласың.
  3. Өмірлік жолдасыңның көзіне түсуі мүмкін нәрселерге зер са­лып, ісіңді ұқыпты ұста, оның көзі ешқашан жай­сыз нәрселерге түспесін.
  4. Жа­ман иісі шығуы мүмкін нәрсеге көңіл бөл. Олар­ды та­у­ып та­за­ла. Үйіңнен әр қашан хош иіс шығып тұрсын.
  5. Тазалық суға бай­ла­ны­с­ты, барлық нәрсе су­мен та­за­ра­ды.
  6. Еріңнің тамақтану, ұйықтау уақыттарына көңіл бөл. Тамақты оның әдеті бой­ын­ша әзірле. Өйткені, аштық ашу шақырады, ұйқысыздық қапаландырады.
  7. Еріңнің жақындарымен жақсы мәмеледе бол. Олар сенің жақсы әйел екендігіңді дәлелдейді.
  8. Еріңнің сы­рын ешкімге ай­ту­шы бол­ма. Егер ол біреуден еститін бол­са ренжіп қана қоймайды, өзіңе опасыздық жасауға се­беп бо­ла­ды.
  9. Еріңді құрметте, сөз қайтарып қарсы шықпа. Қарсы келіп дау шығарсаң, өзіңе дұшпан ретінде әрекет етуіңе себепші боласың.
  10.  Ерің көңілі түсіп отыр­са, сен қуанышты көңіл-күйде жүрме. Оның уай­ым-қайғысына ортақтасып, сен де сон­дай көңіл-күйде болуға ты­рыс.

Осы бір ғибратты хи­ка­я­ны оқыдым да, желкілдеп өсіп ке­ле жатқан қыздарыма жеткізуге асықтым. Біздің халқымызда «Ше­ше көрген тон пішер, Ата көрген оқ жо­нар» де­ген нақыл сөз бар, және де «Шешесін көріп қызын ал» дейді. Бұл мақал-мәтелдердің өзі ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған сыр сөздерге то­лы үгіт-на­си­хат­та­ры. Мұсылман әйеліне тән сабырлылық, төзімділік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттер ана сүтімен да­ри­ды. Со­ны­мен қатар шыдамсыздық, көрсеқызарлық сияқты абыройсыздыққа ұрындыратын әдеттер де на­шар тәрбиенің жемісі екендігі айт­па­са де түсінікті. Ата-ба­ба­мыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда со­ны ілерсің» деп тек­ке айтпаған. Анасының айтқан өнегелі сөздерін қызы жүрегіне сақтап, жүзеге асыр­са еліне елеулі, халқына қалаулы асыл ана бо­луы, сол арқылы үлгілі ұрпақ өркен жа­я­ты­ны анық. Ер­те за­ман­нан кейінгі біздерге дейін сақталған ана өсиетінің бойтұмардай құдіреттілігі де әңгіменің мәні мен маңыздылығында. Қыз өссе елдің абы­ройы, на­мы­сы. Жоғарыда ай­тып өткен мұсылман әйелінің қызына айтқан өсиет-өнегесі бұлғақтап көз ал­да­ры­мыз­да өсіп ке­ле жатқан қыздарымыздың құлағына қорғасындай құйылып, са­на­сы­на мөрдей ба­сы­лып сақталса деймін. Сан ғасырлар өтсе де маңыздылығы күннен-күнге ал­мас­тай жарқырап өшпейтін тәрбие тағлымдарын әр қыз ба­ла өміріне өзек өтсе жанұясында бақытты да, ба­ян­ды шаттыққа то­лы өмір сүретіндіктеріне септігі тиеді ғой деп ой­лай­мын.

Ав­тор: Орынгүл СМАҒҰЛ


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

2 Пікір на "Қызым, саған айтам…."

avatar
Гулназ Бисен
Қонақ

Сайтттагы малиметтер кызык екен!Сиздерге макала, сухбат жолдауга болады ма???

makala.kz
Әкімшілік
wpDiscuz