Абай салған соқпақпен…

Жарнама

Осы біздің қазақ қазіргі күні (бұрынғы қазақтарды білмеймін) тым сыл­та­у­шыл бо­лып ба­ра­ды. Уәделі орынға бармайқойса, маңызды тап­сыр­ма­ны орын­да­май қойса, алған нәрсесін қайтармай қойса, біреудің сыр­ты­нан ғайбат айт­са, не­ге бұлай істедің десең, әр түрлі сыл­тау ай­тып, өзін өзі ақтап шыға келеді. Жә, хош дейік.

Адамдарға айтқан сыл­та­уы бы­лай тұрсын, қазір Ал­ла бұйырған амалдарға да сыл­тау ай­та­тын­ды шығарды. Бұлай дейтінім, бүгінгі кейбір жас­тар­ды, өзімнің за­ман құрдастарымды жамандықтан тый­ып, жақсылыққа шақырсаң, зи­на­дан қайтарып, на­маз оқу керектігін айтсаң «әлі жас­пыз ғой», «біраз жүре тұрайық та», «әлі ешнәрсе көрген жоқпыз ғой» де­ген сыл­та­у­лар ай­та­ды. Сан түрлі се­беп-сал­дар­лар келтіреді. Алай­да со­лар исламның па­рыз­да­ры балиғат жасқа (Балиғат жа­сы деп ұл ба­ла­да 12-15 жас ара­сы, қыз ба­ла­да 9-15 жас аралығы са­на­ла­ды.) толған сәттен бас­та­ла­ты­нын, бұл дүниенің қызығы уақытша бір құнсыз нәрсе екендігін, Ал­ла Тағала әрбір ізгі ни­ет­пен жасалған амалдың са­у­а­бы мен сый­ын беретінін, әрбір күнәлі істің жа­за­сын тартқызатынын олар білмейді емес біледі. Бірақ сол баяғы сыл­та­у­ын ай­тып жүре береді.

Үлкендер де олар­ды қостап, «не бол­ды сон­ша жап-жас бо­лып на­маз оқып, не күнә жа­сап қойып едің» дейтінін құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүр. Сол ақылшы аға-әпкелеріміз күнә жасаған адам­дар ғана на­маз оқиды, күнәсыз адам на­маз оқымайды деп ой­лай ма? Шындығында, на­маз балиғат жа­сы­на толған әрбір мұсылманға па­рыз, яки қасиетті бо­рыш және екі дүниеде бақытты болудың кепілі. Со­ны­мен бірге сол «жап-жас» деп еркелетіп жүрген іні-қарындастарымыз зи­на жа­сап, арын сатқанда, ұрлық жа­сап, жа­ман әдетке үйірсектенгенде, ел ішінде бүлік шығарып, әр түрлі қылмыстар жасағанда олар­ды «не бол­ды сон­ша, олар жап-жас қой» дей ала­мыз ба? Әрине, жоқ.

Өйткені има­ни тәрбие жас-кәріні талғамайды және Алланың бұйрығы жас пен кәріге бөлінбейді.

Ал, қазіргікейбір ел ағалары мен қарияларға (әрине барлығы емес)на­маз оқыңыз десең, дінді ай­тып, еліміздің жас­та­ры­на има­ни тәрбие бе­ру­ге шақырсаң бы­лай дейді:

«Зей­нет­ке шығып алай­ын, со­сын на­маз­ды алаңсыз оқимын» дейді. Ол кісі бірақ сол зейнеткерлік жасқа Ал­ла жеткізе ме жеткізбей ме одан бей­ха­бар. Өйткені, адам қашан дүние са­ла­ты­нын, ертең не бо­ла­ты­нын, қиямет күні қай уақытта бо­ла­ты­нан білмейді да біле ал­май­ды.

Оған қоса, «Әй, ба­лам ау, бір аяғым көрде бір аяғым жер­де тұрғанда маған не қылған на­маз, ша­мам да келмейді оған, еңкейіп сәжде қылсам қаным ба­сы­ма құйылып ке­тер» де­ген секілді ұзақ со­нар өзінің сыл­та­у­ла­рын суыртпақтата жөнеледі.

Сон­да ол кісілер кімді ал­дай­ды, өзін бе, әлде Ал­ла­ны ма? Әрине өзін ал­дай­ды. Өйткені, сан мың сыл­тау ай­тып, адам­ды сендіруге бо­ла­ды, ал сыл­тау ай­тып Ал­ла­ны ал­дай алмайсың. Өйткені, Ал­ла барлығын білуші, сезуші және көруші ұлы Жа­ра­ту­шы.

Ал­ла Тағала өзіне сыл­тау ай­тып, мазаққа қалудан сақтасын! Лай­ым, қазақтың әрбір от­ба­сын­да иман мен бірлік сал­та­нат құрып, жас­та­ры­мыз иман­ды да иба­лы, қарттарымыз тақуа және қадірлі болғай! Әмин!

 Тұрар


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Абай салған соқпақпен…"

avatar
Канат
Қонақ

маша Аллах! Аллах разы болсын!

wpDiscuz