Насыбай атауы наразылық тудырмай ма?

Жарнама

Қазақ халқы ес білгелі бері өткенін өнеге қылып, бүгінгі ба­ры­на базарлық етіп, болашаққа бай­ып­пен қарайтын та­ту да берекелі, ары мен на­мы­сы арындаған ұлт. Тарихтың тәлкегінен та­лай тарыққан халқымыздың көрген бейнеті мен зейнеті де бір төбе. Ала­са­пы­ран за­ман­да елім деп еміренген ер­лер ел ертеңі үшін сын сағатта сан рет бас көтеріп жаншылған еді. Бірақ та өжет халқымыздың бол­мы­сы­нан өжет те қайсар бо­лып жаратылғаны бо­лар тектілігін бермеді. Қазақ оқыса ғана адам қатарына қосылады, қараң халықтың көзін ашып, қоғамды тәрбиелеу де кешегі өткен бабалардың мой­ны­на ілінген қыл арқан еді. Ұлт деп ұлыған тұлғалардың арқасында бүгінгі күнге терең де мол ру­ха­ни азық және та­рих пен тағылым ама­нат бо­лып қалып отыр. Ор­нын­да бар оңалар демекші тәуелсіздіктің ақ таңы арай­лап атқалы бері ел іргесі бүтінделіп, түтіні түзу ұшқалы кешегі өткен асыл азаматтардың елі мен жері, халқы үшін ет­кен ерен еңбегін бағалап, кейінгі ұрпаққа тәлім ету­де. Оның куәсі қазақты бар әлемге танытқан һәкім Абайдың жыр­ла­ры­мен су­сын­дап өсіп ке­ле жатқан өскелең ұрпақ. Өткенімді қай уақытта өрістетем кешегі, маңдайымның со­ры бүгін  бес елі демекші естіген құлақты елең еткізіп, көңілде күдік қалдырар қоғамдағы бұрыс қылықтың куәсі атан­дым. Қала халқының күнделікті тірлікпен алы­сып жүріп айналасындағы кикілжіңдер ба­ды­рай­ып тұрса да байқамауға әбден бой үйреніп алған. Аялдамалардың қайсыбіріне көз тіксең де шемішке, темекі, на­сы­бай са­тып оты­ра­тын саудагерлерді кезіктіресің. Оған бо­ла­ры бо­лып бо­я­уы сіңіп, етіміз үйреніп кеткелі қашан.Бірақ сол сатушыларымыздың өнімі білдей бір ұлтты жер­ге қаратарында ешкімнің жұмысы жоқ. Менің на­мы­сы­ма тигені на­сы­бай ата­уы. Қара це­ло­фан­мен қапталған насыбайдың сыр­ты­на ба­ды­рай­тып тұрып «Абай нос» деп жа­зып қойыпты. Жай атау бол­са көндігесің ғой, ал мы­нау шек­тен шыққан қараңдықтың белгісі емес пе? Ұлтымыздың бойтұмары атанған Абайдың атын насыбайға телмірту азғындықтың белгісі бо­лар. Бұл сұмдыққа қатарлас құрбы-құрдастарыма  қандай көзқараста де­ген ни­ет­пен ой бөліскенде олардың жүзінен жарқ етер на­мыс оты тұрмақ, күйініштің сыңайын танытпағанына аң-таң бол­дым. Көптің көзіне топырақ шашқаным емес, бірақ мұндай көзқарастан соң за­ма­ны­мыз аз­ды ма, қоғамымыз тоз­ды ма де­ген ойға келесің. Еліміз жарқын болашаққа қадам ба­сам де­се, өткнін ұмытпаса ке­рек. Мемлекетті құрайтын қоғам, ал қоғамның тай­ыз бо­луы жақсылықтың ны­ша­ны емес. Ұлтының ұлыларын ұлықтайтын, өткеннің өнегесін ұмытпайтын, елінің ертеңгісін гүлдендірер, тәуелсіздік тұғырын тік ұстайтын халқымыз өткенін өксітіп үлгі тұтпайтын бол­са, болашаққа жарқын қадам ба­суы неғайбыл…

Ай­бек Қосанов
Се­мей қаласы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz