Жастар

Жарнама

Жас­тар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бо­ла оты­рып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Ке­нет­тен емес, БҰҰ Мыңжылдық да­му бағдарламасындағы негізгі шешуіші мәселе ретінде – жас­тар олардың қалыпты өмір сүруі, денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған.

Қазақстанда жас­тар жал­пы халықтың 30 пай­ы­зын құрайды. Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң бой­ын­ша жас­тар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жас­тар са­я­са­ты­на берілген анықтама -мем­ле­кет жүзеге асы­ра­тын және жас­тар­ды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, са­я­си, ұйымдастырушылық және құқықтық ша­ра­лар жүйесi қызметінің ая­сы.

Жал­пы алғанда, Қазақстан Республикасының жас­тар са­я­са­ты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты бо­лып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы кон­цеп­ци­я­сы» 1999 жы­лы 28 та­мыз­да қабылданған, оның мағынасын кең түрде аша­тын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жы­лы 7 шілдедегі «Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң» бар. Алай­да, оның бап­та­ры не себепті толық орын­дал­май­ды ? Оның толық орын­дал­мауы эффективті норамативті-құқықтық ба­за­сы жеткілкіті қамтасмасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар.
Ел­ба­сы ай­ту­ын­ша, төрт базалық эле­мент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, от­ба­сы құруға арналған жек үйі, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын жүргізуге арналған мүмкіндіктің бо­луы жас­тар мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Қазақстан жас­тар саясатының жеткілікті дәрежеде да­мы­мау себептері не­де екенін анықтау бұл мәселенің ба­ры­сын қарастыруға мүмкіндік береді:

Қаржыландыру— кез-кел­ген маңызды ша­ру­а­да қаржыландыру мәні аса жоғары. Алай­да ондағы мәселе, қалай тиімді және жеткілікті түрде қаржыландыруға бо­ла­ды. Гол­лан­ди­яда, Ис­па­ни­яда төменнен жоғарыға қарай, яғни жергілікті аймақтар өзіне қажетті ре­сур­стар­ды үкіметке жібереді, он­да талқыланып реттеуші шешім шығарылады.Фран­ци­яда аймақтар мен үкімет арасындағы ынтымақтасық және бай­ла­ныс негізінде реттеледі. Қазақстанға қаржыландыру кезінде аймақтардың мұқтажыдықтарын ба­рын­ша кең ес­ке­ру ке­рек.

Құрылым –әлем мемлекеттерінде жас­тар ісімен ай­на­лыс­та­ын тікелей құрылым бар. Қазақстанда Білім және ғылым министірлігі жас­тар са­я­са­ты департаменті, ҚР Президенті жанындағы Жас­тар кеңесі, Мәдениет министірлігі жанындағы комитеті секілді құрылымдар ай­на­лы­са­ды. Жас­тар са­я­са­ты жұмысын бір жүйеге келтіру арқылы біріктіру ке­рек. Бұл Қазақстанда Жас­тар са­я­са­ты жөніндегі агенттік құру арқылы бо­луы мүмкін. Жа­по­ния, Син­га­пур, Ма­ла­зия елдерінде жас­тар са­я­са­ты­мен құрылымдық-жүйелік түрде жұмыс істеу нәтижесінде туған.

Жас­тар ұйымдарының ор­ны. Жас­тар саясатындағы ба­с­ты орын­ды алушылардың бірі бо­ла оты­рып, жас­тар та­ра­пы­нан көтерілген мәселе лердің қыр-сы­рын білетін тікелей со­лар. Әлемдік тәжірбиеде олардың жас­тар са­я­са­тын орын­да­у­шы аса маңызды субъекті ор­нын ала­ды. Қазақстанда жас­тар ұйымдарыны тар­пы­нан мәселелер көтеріледі. Оларға тиісті құқықтар беріп тең ретінде қарстыру, пікірімен са­ан­су, жұмыстары көлеңкеде қалып кой­мауы бол­са бұл олар еңбегінің жемісі бо­лар еді.

Кешенді тәсіл – әлеуметтік, экономикалық, мәдени, са­я­си,құндылықтар мәселесін біртұтас жүйе ретінде қарастыру маңызды. Осын­дай тәсіл арқылы әрбір же­ке секторға көңіл бөлу негізінде ба­сым бо­лу міндет.
Билік құрылымдары жас­тар мәселесін оларға тең түрде қарау арқылы және олар­ды заң жо­ба­ла­рын тең түрде қатыстыру арқылы ше­ше ала­ды. Жас­тар –мем­ле­кет дамуының са­па­лы кепілі болғандықтан, олардың жай­ын бүгін қам же­ме­сек, еретең кеш бо­ла­ды. Еш­тен кеш жақсы демекші, жас­тар са­я­са­тын күн тәртібіне қойсақ, оған жас­тар­ды тең мүше ретінде қарастырсақ, бұл жұмысқа өз септігін тигізер. Жас­тар қоғам қараым-қатынасындағы келелі фак­тор.

Тұтастай әлемдік тәжірбиеде жас­тар са­я­са­тын жүзеге асы­ру­да екі мо­дель ба­сым еуропалық- он­да жас­тар са­я­са­ты са­ла­сын­да мем­ле­кет ба­сым, ан­гло-саксондық-жас­тар ұйымадары жұмыстарына мемлекеттің жүйелі түрде қатыспай оларға толықтай еркіндік бе­ру негізінде жасалған. Қазақстанға қай моделді таңдау ке­рек? Ең тиімдісі Жа­по­ния секілді екеуінде ұштастыра білу қажет. Еуропалық мемлекеттерінің ба­сым көпшілігінде (Гер­ма­ния, Ав­стрия, Ир­лан­дия, Ұлыбритания т.б) қаржыландыру аймақтық қажетіліктер бой­ын­ша орын­да­ла­ды. Оны Қазақстанда қолдану бой­ын­ша жас­тар әркелкі, мы­са­лы Ал­ма­ты, Ас­та­на секілді ірі қалаларда жас­тар көп шоғырланған оларға соған бай­ла­ны­с­ты қаржыландыру да ба­сым бо­лу ке­рек, ұйымдасыру сияқты әкімшіліктегі жас­тар са­я­са­ты ма­ман­да­ры да деңгейге сай бо­лу қажет.

Берікбол Ду­ке­ев


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

2 Пікір на "Жастар"

avatar
Дина Толегенова
Қонақ

Сөйлем арасында неге байланыс жоқ?

Айдын Ғапарқызы
Қонақ

Жастар мен жоғары білім саласының мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап көрсетті, жоғары оқу орындары тек ғылым-білім ғана емес, сонымен қатар жаңа инновациялардың ордасы болып, Отанымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекетке қолғабыс тигізуі тиіс. Сонымен қатар қай істің де алтын діңгегі – жоғары сапалы кадрлар құрамы. Бұл орайда Н.Назарбаев қазір өзін-өзі жан-жақты ақтаған «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіріліп, өркен жаятынын айтып, ел жастарының сенімін нығайтты.

wpDiscuz