Жылойдың дәрігер қызы

Жарнама

«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында «елге көрік болатындай өссе екен» деген ізгі тілек жатқандай. Елдің көркі болу үшін ел аңсаған жақсы қасиеттердің бәрі адам бойынан табылуы тиіс. Қадір ақынның : —

«… Құр жылтырақ сақталмайды есте де,

Шын сұлулық тереңдікте емес пе?» ,- деген сөзі бар.

Барлығының түйіні бір тереңдік. Ол – ақыл, ол — парасат, ол – біліктілік.. Қыз бойында осы тереңдік табылуы шарт. Ақыл, парасат, ұстамдылық үйлесім тауып, бір арнада тоғысқан кезде ғана қазақ қызы деген мәртебелі атқа ие болып, адами бақыттың биігінен көрінеді.. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық сыпайылық, әдемілік, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспешілік, махаббат мұратына жетудің талабы, намысы, қайрат-жігері осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылымға ие.

« Шын» интернет порталында » Ажарына емес , ақылына сенген ару» деген мақала басылып шыққан еді. Шынайы жазылып, білікті дәрігер қыздың азаматтық бейнесін баяндаған.. .Әріптестері оны тек білікті , емі шипалы маман ғана емес, кәсіби , рухани ұстаз тұтады. Мамандығы дәрігер. ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі , аудандық мәслихат депутаты , Жылой тұрғындарына танымал маман – дәрігері . Америкада болып мамандығын жетілдірген..

Жақсыны жақсы қасиеттері үшін құрметтейді. Ондай жақсылар көп жұлдыздар арасында жалғыз жарқырайтын ай сияқты. Біреудің көлеңкесінде көрінбей жүргенше дербес жұлдызша болуға тырысып жүретіні құптарлық.. Өз мерейін, өз беделін ортайтпай жүрген, ойы ізгі адамдармен теңесіп, қатар жүруге қадам жасап жүргені ұнамды. Өмірге сергек қараған , жақсылық атаулыны бойына сіңіңірген жанның алдында жайнап ертеңі тұрады. Ертеңіне үмітті , жанында серік — сенімі бар. Сол сенімімен ылғи алға қадам жасауда. Сұлу сымбатыңда талғампаздық бар.. Көрген сезгенін бүкпей айтатын , аржайы мінезі бар. Алыс ауылдың түкпірінде өсіп, ержетіп, көп нәрсе көріп ысылған . Жүріс – тұрысы мен істеген ісінде даланың жұпар иісі сіңген.

Халықта «Әкесіне ұқсаған қыз бақытты болады» деген сөз бар. Оның өмір жолы мен еңбектегі жетістігіне қарап , сол сөздің рас екеніне көз жеткізуге болады. Тайсалмайтын өр мінезді бір ел азаматы атанған ағамыз болған еді . Сол ағаның кенже қызы елге танымал маман , азаматтық істерге белене араласатын азаматтық деңгейіне көтерілді. . Керек жерде, әсіресе ойын түйіндеген тұста айтарын төгіп-төгіп жіберетін сөзге шешендігі де бар. Жүректен шыққан сөзі жүрекке жетеді. Елпілдеген ақкөңілділігі анасының дәл өзі. Еңбекқорлығы әкесі әкесіне тартқан. Ме-дицина тілімен айтқанда генетикалық коды мықты қойылған. Ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың дегенді әкесінің айтып отыратынын талай естіген едік.. Ол кісінің айтқан өсиет сөздері ойымызда орнығып алған. «…Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады. Аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын» дейтін.

Анасы ұл-қыз өсіріп, ерінің жағдайын да жасай жүріп, жайлы мінезімен ел аузына іліккен жан еді. . Дастарқанын жайнатып , қонақтарды жарқылдап қарсы алып, жол болсын айтып шығарып салатын кеңпейілді еді.. Анасының осы қасиетін бойына
мықтап сіңірген сол қызы мамандық қызметін де , қоғамдық жұмыстарын да жайлы атқарып жүр . Жабырқап , шаршап жүрмейді. Көңілі қашан да көкте. Шаруасы тірелген адамдардың бәріне де алаламай жақсылығын жасай береді. Қазақта біреудің баласы өнегелі азаматтығын көрсе: «Оның әкесі жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», – дейді. Тектіліктің нышаны ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен беріледі. Жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін тектілік тәрбиенің ұрығы екені дәлелденген..

Әкесі Мамбетов Тұрдығали Оңдасұлы – ҚР ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер , аудандық атқару бөлімінде жауапты қызмет атқарған , кейін Совхоз басқарған басшы , Жылой жұртшылығы « Жылойдың Дарабозы» атанған танымал азамат . Анасы Үмітжан – аудан мекемелерінде есеп саласында қызмет істеген. Отбасындағы 9 баланың барлығы білімді, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында еңбектеніп жүрген танымал мамандар.. Мамбетова Сәуле осы отбасының ең кенжесі , кішкентайынан айтарын ашық айтатын ерке мінезді болып өсті. Ол мектепті үздік бітіріп, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, емдеу ісі факультетін гинеколог — акушер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Бүгінде Атырау облысы, Жылой ауданы. Құлсары қаласындағы аудандық аурухананың акушер — гинекология бөлімі меңгерушісі. Аудандық мәслихат депутаты. Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығына мүше.. .Аудан тұрғындары денсаулығы мен отбасылық тұрмыстарын жақсарту, іскер әйелдердің белсенділігін жақсарта түсумен айналысады. Аудан орталығында балабақша, емханалар салу сияқты өзекті мәселелерді шешуге араласты. Құлсары қаласының 9 учаскесі тұрғындарының емхана мен балабақшаға мұқтаждығына байланысты осы учаске депутаты ретінде тікелей араласуымен емхана ашылып, жеке кәсіпкер Мергалиевтің қаржысымен балабақша салынуына себепкер болды. « Жүрек жылуы» бағдарламасына сәйкес ашылған аудандағы мүгедек балаларды қолдау қорына өз есебінен жылма – жыл қаржы қосып отырады.

Қазақстан Республикасы парламентіне аудан тұрғындарының экологиялық жағдайы мен табиғаты қиындығына сәйкес бұдан бұрын төленіп келген коэфиценттерін қалпына келтіру , әйелдер мен балалардың денсаулығына әсер етіп отырған экологиялық жайларға байланысты емдеу квоталарын көбейту мәселелері парламентке хат арқылы жолдады. Ол хаттың парламентке түскендігі туралы қабарланды. Аудандағы ауған соғысы ардагерлері қорын қаржыландыруға бастамашы болды. Аудан тұрғындарының бұдан басқа да әлеуметтік мәселелерін — тұрмыстық қызмет көрсету , жол — транспорт жайы , қаланың шет аймақтарында тұратын тұрғындардың электр, газ, су жүйелерімен қамтамасыз етілуі т.б. мәселелерін үнемі назарында ұстайды.

Мамандығына байланысты Америкада болып, білімін жетілдірді. Еңбегі танылып, жоғарғы дәрежелі дәрігер , Қазақстан республикасының денсаулық сақтау үздігі атағының берілді. Дәрігер — қарапайым мамандық атауы. Қарапайым қазақтың қызы, қарапайым еңбек жолы,өзі де қарапайым. Қазақ халқы «Қыз – жат жұрттық» деп бекер айтпаған ғой. Қызылқоға ауданы құрметті азаматы ,партия совет қызметкері болып басшылық қызметтер атқарған Зейнуллин Ғайнолланың келіні . Жолдасы — Абат Зейнуллин мұнай инженері

sakenСәкен Бозаев Атырау облысы ,
Құлсары қаласы.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Жылойдың дәрігер қызы"

avatar
Гульзи
Қонақ

Енбеги жана берсин!!!!!
Оте билимди маман.

wpDiscuz