Араб тілін үйренемін деушілерге кеңес

Жарнама

Қазір елімізде мұсылмандардың санының ар­ту­ы­мен араб тіліне қызығушылық ар­ту­да. Ту­ра жолға түскен ба­у­ыр­ла­ры­мыз Алланың адам­зат ба­ла­сы­на түсірген Құран Кәрімді түпнұсқада оқып, мағынасын түсінгісі келеді. Алай­да олардың көбісі араб тілін қалай оқу керектігін біле бермейді. «Араб тілін қай жер­де не­ме­се кімнен оқу ке­рек, жақсы оқулықтарда қайдан тап­са бо­ла­ды, қай мұғалім тиіді оқытады» де­ген сұрақтар тілді оқуға құлшынып тұрған әр адам­ды ма­за­лай­ты­ны анық. Осы мақалада сіз араб тілін омен осы сұрақтарға жа­у­ап бе­ру­ге ты­ры­са­мын.

Ал­ды­мен мен бір мәселенің ба­сын ашып алайық. Біріншіден, қазіргі кез­де мұсылмандар араб тілі деп тәжуидті түсінеді. Ал, негізі ол екеуі екі бөлек са­ла. Тәжуид Құран оқу ережесі. Бұл ғылым Құранды дұрыс оқуды үйретеді. Грам­ма­ти­ка­ны, синтаксисті және лек­си­ка­ны тәжуид қамтымайды.

Екіншіден араб тілінің өзі бірнеге топқа бөлінеді: классикалық араб тілі (фус­ха), за­ма­на­уи классикалық араб тілі және диалектілер. Классикалық араб тілі- Құран мен ис­ла­ми әдебиеттердің тілі. Шейхтардың бәрі өз еңбектерін классикалық араб тілінде жа­за­ды, уағыздар да КАТ жүргізіледі.  За­ма­на­уи классикалық араб тілін  оқыған араб­тар ауыз екі тілде және жаз­ба­ша тілде пай­да­ла­на­ды. Жи­ыр­ма екі араб еліндегі рес­ми тіл. Со­ны­мен қатар ЗКАТ ра­дио, те­ле­ди­дар (атақты араб Әл Джа­зи­ра) және га­зет-журналдардың тілі. Ал диа­лек- арабтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігенде пай­да­ла­ны­ла­тын тіл.

Араб тілін қай жер­де не­ме­се кімнен оқу ке­рек

Араб тілін тіл кур­ста­рын­да не­ме­се мұғалімнен же­ке сабақ алу арқылы оқыса бо­ла­ды. Қазіргі таңда араб тілін көптеген тіл кур­ста­ры ұсынады. Солардың ішінде ең та­ны­ма­лы- «Әлем тілдері» кур­сы. Бұл курстың ерекшелігі- тек шығыс тілдерін ғана үйретеді, ал артықшылығы сабақты қазақ тілді ұстаздар береді.  Со­ны­мен қатар, Орталық мешіттің қасында тұрған тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатында араб тілінің кур­сы бар. Он­да Мы­сыр­да оқыған қыз сабақ береді, алай­да ол сабақты орыс тілінде жүргізеді. Егер сабақ тек араб тілінде болғанын қаласыз, он­да Мы­сыр мәдени орталығына барыңыз. Мұнда ұстаздардың барлығы араб­тар. Тілдік кур­стар­да пай­да­ла­ны­ла­тын тәсілді «топтық сабақтар» не­ме­се «интеграциялық әдіс» деп ата­ла­ды. Аты ай­тып тұрғандай мұндай әдіс-тәсіл топтық сабақты тиімді өткізуге бағытталған. Оның незігі иде­я­сы топтағы барлық шәкірттерді саббақа жұмылдыру. Топтық сабақтардың өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылығы же­ке оқығаннан гөрі арзанға түседі, топ­та басқа шәкірттермен сөйлесуге бо­ла­ды, пікір ал­ма­с­ты­ра­сыз. Кемшіліктеріне тоқталатын болсақ, біріншіден топ­та мұғалім әр оқушыға көңіл бөле ал­май­ды, себебі сабақтың уақыты шектеулі. Нәтижесінде кейбір шәкірттер бағдарламадан ар­т­та қалып қояды. Екіншіден мұғалім сабақты жос­пар бой­ын­ша өтеді, одан ауытқи ал­май­ды. Мы­са­лы, ағылшын кур­ста­рын­да бір деңгейді төрт ай­да бітіреді. Тақырыпты түсіндіңіз бе, жоқ па, ол жағы мұғалімді қызықтырмайды. Әйтеуір бітіру ке­рек бол­ды. Көп жағдайда топ­ты тілді бір деңгейде білетін адам­дар­дан жасақтағанымен, шәкірттердің же­ке қабілеті ескерілмейді. Біреу ма­те­ри­ал­ды жыл­дам қағып ал­са, екінші бір адамға көбірек уақыт қажет. Мұның нәтижесінде сабақ кей­де ар­т­та қалған бір шәкірт үшін «тоқтап қалуы» мүмкін. Бұл да топтық сабақтардың кем тұсы. Ай­та кететін жайт, топ құрған кез­де кур­стар жас ерекшелігіні на­зар аудар­май­ды. Кей­де бір топқа оқушы және сту­ден­т­тер­мен қатар жа­сы қырықтан асқан адам­дар­ды да жи­най­ды.

Же­ке өткізілетін сабақтарға келетін болсақ, мұнда ен маңыздысы- жақсы мұғалім та­бу. Жал­пы же­ке сабақтарды беретін мұғалімдерді біздің қоғамда ре­пе­ти­тор­лар деп атай­ды. Өз тәжірибемнен байқағаным, КазГУдың ұстаздары көбіне грамматикаға көңіл бөлсе, КазГУМОиМЯның ұстаздары тілді практикалық тұрғыдан үйретуге ден береді. Өзіңзге ре­пе­ти­тор таңдаған кез­де мы­на критерилерді ұстаныңыз: жақсы мұғалім бағдарламаны сіздің мақсатыңыз бен қабілетіңізді ес­ке­ре оты­рып құрастырады, ма­те­ри­ал­ды сіздің психологиялық портетіңізге қарап өткізеді, негізгі оқулықпен қатар басқа да ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­ла­на­ды. Со­ны­мен қатар, ре­пе­ти­тор оқушымен бірінші күннен бас­тап жақсы қарым-қатынас ор­на­та білуі тиіс, себебі шәкірт өзін сабақта өзін еркін сезінуі ке­рек.

Же­ке сабақтардың кемшіліктерінен гөрі оның артықшылықтары ба­сым. Біріншіден мұғалім тек қана бір оқушыға көңіл бөледі, әр тақырыпты бүге-шүгесіне дейін түсіндіреді (оқушы бір тақырыпты толығымен түсінбегенше, жаңа сабақты бас­та­май­ды) және де уақыт шектеулі емес- қажет болған жағдай бір деңгейді бес-ал­ты ай бойы оқытуға бо­ла­ды.

Екіншіден, бағдарламаны шәкірттің мақсаты мен қалауы бой­ын­ша өзгертуге бо­ла­ды. Мы­са­лы, шәкірт сөйлеуді үйренгісі кел­се не­ме­се сөйлеп үйрену оған қиын бол­са сабақтың жетпіс сек­сен пай­зын сөйлеумен өткізсе бо­ла­ды. Көріп тұрғаныңыздай, же­ке сабақтар оқушының әлсіз тұстарын жоюға жақсы көмектеседі.

Үшіншіден, же­ке сабақтардың бағдарламасымен қатар олардың кестесін те өзгертіп тұруға бо­ла­ды. Оқушы сабақ кестесін көбіне өзі таңдайды.

Алай­да, же­ке сабақтардың тиімділігі мұғалімге бай­ла­ны­с­ты. Мұғалімдер көп болғанымен олардың ара­сын­да са­па­лы білім беретін пе­да­гог өте аз.

Қазақ тілді мұғалімді таңдаған дұрыс па, әлде міндетті түрде араб мұғалімді таңдау ке­рек пе?

Бастапқы деңгейде міндетті түрде қазақ тілді ұстазбен оқу ке­рек. Қазақ тілді ұстаз:
– грам­ма­ти­ка­ны тиімді және оңай түрде түсіндіре ала­ды;
–  сөйлемдерді құрастыруға көмектеседі;
–  өздері де кезінде араб тілін оқығандықтан оқушыда ту­ын­дай­тын қиындықтарды ше­шу жол­да­рын біледі;
–   кей­де ква­ли­фи­ка­ция жағынан тіл иелерінен кем түспейді
және араб тілі грамматикасының ерекшелігін түсіндіре біледі. Соңғысы оның артықшылығы.

Егер сіз араб тілін жоғары деңгейді білсеңіз, он­да «тіл иесін» таңдаған дұрыс, себебі сіз тілді қолданғыңыз келеді, ал шет елдікпен сөйлескен қызық. Оның үстіне тіл иелері, яғни араб­тар өзінің елі, халқы, мәдениеті, салт-дәстүрлері және басқа да қызықты дүние ту­ра­лы ай­тып бе­ре ала­ды. Мұнда «арабатардың бәрінен сабақ алуға бо­ла­ды» де­ген ой­дан ада бо­лу ке­рек, себебі тіл білу бір, ал оны үйрету- екінші мәселе. Сабақты тек мұғалімдікке оқыған араб­тар­дан алу қажет.

Тіл иелерінен «нөлден» оқу орын­сыз. Тіл иелері араб тілінің грам­ма­ти­ка­сын сізге дұрыс түсіндірмейді, ал оның ерекшелігіне мүлдем на­зар аудар­май­ды.

Оқулықтар

Араб тілінің оқулықтарын шар­т­ты түрлде екіге категорияға бөлінеді. Біріншісі- аутентикалық, яғни араб елдерінде шығарылған оқулық. Мұндай оқулықтардың артықшылығы — практикалық тілге көп көңіл бөледі және көбіне арабтардың күнделікті тұрмыста пай­да­ла­на­тын ле­кис­ка­сын қамтиды.
Аутентикалық оқулықтардың ішінде ең көп па­да­ла­на­ты­ны: «Араб бәйнә йәдәйк» (араб тілі сенің ал­дын­да). Бұл кітапты мы­на жер­ден жүктеп ала ала­сыз:
Араб тілінің грам­ма­ти­ка оқулықтары:

Қазақ тілінде жазылған оқулық- Тасымовтың «Араб тілі» оқулығы. Өкінішке орай ана тілімізде араб тілі оқулықтары жоқтың қасы. Өткен сенбіде оқулық са­тып алу үшін кітап дүкенге бар­дым, кітап сөрелерінде кілең ре­сей авторларының еңбектері. Ең өкініштісі «кәпірлер» араб тілін үйретуден де бізден озып кетіпті.
Орыс тілінде шығарылған оқулықтардың ерекшелігі олар «академиялық тілде» жазылған. МГИМОның (Ресейдің болашақ дип­ло­мат­та­рын дай­ын­дай­тын оқу ор­ны) ұстаздарының көп жыл­дар бойы жинаған тәжірибесіне сүйене оты­рып шығарылған бұл оқулықтар қарапайым оқушыға қиын бо­ла­ды. Егер де қазақ тілін жақсы білсеңіз не­ме­се бұрын бір шет тілін оқыған болсаңыз, он­да ре­сей авторларының еңбектері сіз үшін.

Төмендегі сайт­тар­дан орыс тілінде шығарылған араб тілі оқулықтарын жүктей ала­сыз:
http://www.ar-ru.ru/kutub
www.twirpx.com
www.rutrack.org

Айтпақшы тіл оқимын де­ген жандарға ес­кер­те кетейін: егер сіз зат есімді есімдіктен, сын есімді үстеуден ажы­ра­та алмасаңыз, он­да бірінші ке­зек­те қазақ тілінің грам­ма­ти­ка­сын қайталап шығыңыз. Араб тілінің грам­ма­ти­ка­сы өте күрделі, ана тілінізді дұрыстап меңгермесеңіз қиналасыз. «Өзге тілдін бәрін, өз тілінді құрметте» де­ген мақал бе­кер­ден айтылмағанын

Инет­р­нет кеңістігінде араб тілін қай жер­де оқуға бо­ла­ды?

Қазірге кез­де араб тілін Ин­тер­нет­те де оқыса бо­ла­ды.
Төменде көрсетілген сайт­тар араб тілі сабақтарын ұсынады:

ағылшын тілінде:
www.livemocha.com
http://www.arabic-studio.com/online_arabic.html

орыс тілінде:
www.alfarabinur.kz
http://www.internetpolyglot.com/russian/lessons-ar-ru

Араб тілін оқитындарға арналған фо­рум

http://www.arabic.ru/info/index.php

Араб тілін оқыған кез­де ең ба­с­ты­сы не қажет?

Жәңе соңында кішкентай, бірақ басқаларға қарағанда маңыздырақ, кеңес бергім келеді. Білім алғанда табыстың 80% сізге бай­ла­ны­с­ты, қалған 20% ғана мұғалімге тәуелді. Кей­де оқушылар «жақсы ұстаз» бол­са бол­ды, іс бітті деп ой­лай­ды. Бұл қате пікір. Мұғалімнің функ­ци­я­сы- cізге дұрыс бағыт бе­ру. Да­на халқымыз «білім алу —  ине­мен құдық қазғандай» деп бе­кер айтпаған бол­са ке­рек.

Ав­тор: Маг­ри­па Ог­ла­но­ва
Фо­то: http://islamdag.ru  http://alfarabinur.kz 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

7 Пікір на "Араб тілін үйренемін деушілерге кеңес"

avatar
Ұлықбек
Қонақ

сәлем, мақалаңыз жақсы екен… егер сайтымзға және жеке блогыма көшірсем рұқсатпа? егер рұқсат болса Е-поштама жауап жаза аласыздарма?

makala.kz
Әкімшілік

Болады, сілтемесін қосыңыз…

марта
Қонақ

араб тілін үйрететін қазақша сайттар жокпа екен грамматикасымен арабшадан қазақшаға аударатын сөздіктер де болса жақсы болар еді. почтама жауабын жаза аласыздарма егер сілтемелер болса жіберіңіздерші. сіздерге Аллах разы болсын!

mahat
Қонақ

сөздік маган да керек еды

Берікбай Германұлы Молқы-Қайып
Қонақ

Мүмкіндік пен уақыты бар бауырлар мен қарындастарымыз болса Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 9 медресесінде оқыса ғажап болар еді. Ал қыздар үшін Шымкентте және Қарғалы (Фабричный) ауылында қыздар медресесі бар

Айбану
Қонақ

Сәлеметсіз бе? Құрметті Мағрипа xаным сізге өтініш осы оқулықтар болса Basic arabic grammar @mail ма жіберіп берінішші раxмееет

Ақжол
Қонақ

Жақсы. Бірақ қате өте көп.
Мақалаларды шығарарда 1-2 мәрте қайталап шыққаныңыз абзал болады. Іске сәт!

wpDiscuz