Қазақ құдайға қалай сенеді?

Жарнама

Қайран, сөз сыйлаған, асыл сөзден мар­жан тізген да­на халқымыз, ай­тар ой­ын, ақыл уағызын өлеңмен, жыр­мен жеткізіп, елінің жүрегіне жол та­ба білген. Елін өлеңмен жақсылыққа шақырып, өлеңмен жамандықтан тыйған екен. Өсиеті мен өнегесін де өлеңге өрнектеген. Халқын иманға, бірлікке шақырып, адамгершілікке үйреткен. Жер бетіне сәулесін шашқан Ис­лам дінінің де қазақ жеріне та­ра­лу­ы­на ең бірінші осы сөз өнері се­беп болған деседі. Сөз  зергері М.Әуезов өз зерттеулерінде бы­лай де­ген екен: «Қазақ ор­та­сы­на іслам дінінің та­ра­у­ы­на көбінесе қазақтың ақындықты сүюі се­беп бол­ды де­ген дұрыс пікір. Ел­ге не жай­ыл­са да, әдебиет жұрнағы бо­лып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана жай­ы­ла­тын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, сұлу сөзсіз кел­ген құрғақ үгіт бол­са, он­дай­ды ел тыңдамаған да, ұқпаған, ықылас қоймайтын болған. Сондықтан, да мұсылманшылық діні де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып кел­ген. Бұған ескі әдебиеттегі то­лып жатқан қиссалар дәлел. Жа­ра­ма­зан өлеңі де сондайлық дін мағынасы мен дін үгіті бо­лып шығып, бері кел­ген соң қыдырма жа­ра­ма­зан­шы­лар әнге са­лып ай­та­тын бол­ды».

 Қазақтың дінге қалай сенгенін білу үшін өлең-жыр­ла­ры­на үңілсек жетіп жа­тыр:

«Аллаһ аты­мен бас­та­дым сөз әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Рақымды Ием пайғамбарын жіберді,
Кісі ізгісі, ел са­ра­сы жігерлі,

— деп жырлаған Жүсіп Баласағұни ба­ба­мыз­дан бас­тау алған діни уағыз өлеңдер дәл қазіргі күнге дейін өз жалғасын та­у­ып келеді екен. Ер­те ор­та ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі ғұлама, ой­шыл ақын Жүсіп Баласағұни өз шығармаларында Ис­лам дінін жан-жақты түсіндірген. Аллаһқа қалай се­ну ке­рек, оның пайғамбары кім, қандай құлшылық ету керектігі жөнінде өлең өрбітеді. Бұл Ах­мет Иүгнекиде бы­лай жалғасын та­ба­ды:

«Бір Аллаһ өлтіретін тірілтетін,
Көрерсің сен де оны көзің жетіп.
Иесі құдіреттің жалғыз құдай,
Өлгендерді тірілту оған оңай.

Ай­тай­ын артықтығын Пайғамбардың,
Ұғып ал толғауымен ой мен ардың.»
Одан кейін Қазтуған, До­спам­бет, Шалқиіз жы­ра­у­лар­мен шыңдалып, Бұхар жы­рау­мен: Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес на­маз,
Біреуі қаза қылмасқа,

— деп биікке жетеді. Үмбетей мұсылманның ішкі дүиесін дін мұсылман және  тіл мұсылман деп бөлсе, Қабан жы­рау:

 «Дүниенің опа­сы­зын біліп тұрып,
Қылмаймыз хақ бұйрығын мой­ын са­лып.
Бір күні ажал жақын жет­кен күні,
Мал пұлың жаныңызды қалмайды алып.

Ер­кек, әйел,әммемізге иман па­рыз,
Жаратқан бір Аллаһты есіне алып.
Бір Аллаһ иманыңды нәсіп қылса,
Ішерсің ха­у­зы ка­у­сар суың қанып,»

— деп жыр­лай­ды.
Өз за­ма­нын­да да­на Абай да халқын Исламның хақ нұрына шақырып өткені баршаға аян.

«Аллаһ мінсіз әуелден, Пайғамбар хақ,
Мүмин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ.
Құран рас, Аллаһтың сөзідүр ол,
Тәуилін білерлік ғылымың шақ.

 Аллаһтың, Пайғамбардың жо­лын­да­мыз,
Ын­та­мыз­ды бұзбастық има­ны­мыз.
Пай­да мақтан, әуесқой шай­тан ісі,
Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?»

де­ген өлең жолдарының өзі адамның има­нын оя­та­тын, жүрегіне әсер ететін көркем уағыз емес пе?!

Осын­дай даралардың да­на сөздерімен бойымызға иман­ды дарытқан, Аллаһты аузы­нан тастамаған, шариғаттан асып аттамаған бабалардың ұрпағы, асылдардың сынығы едік деп мақтанамыз, ал, өзіміз кейінгі ұрпағымыз мақтанардай не қалдырғанымызды ой­ла­ну­ды ұмытып кетеміз. Ұлымыз иманға келіп намазға жығылса, керісінше: «Не бол­ды сон­ша, жас емессің бе?» деп Ібілістің сөзін сөйлейміз, ал қызымыз иманға кеп жаулығын сал­са:  «Заманға сай болмайсың ба?» — деп азғырамыз. Біреу арақсыз адал той жа­сай­мын де­се, бүткіл ағайынымызбен дүре түрегеліп қарсы шығып жа­та­мыз.

Қазақта қазір Үмбетей айтқан дін мұсылмандардан гөрі, тіл мұсылмандар көбейіп кет­кен бе деп қаласың. Себебі:

Дін мұсылман ба­ла­сы
Адамдықтан жерімес.
Тіл мұсылман, қарашы,
Арамдықтан шегінбес.
Дәніккесін бұл шіркін

Адал бір дәм жегізбес, — де­ген екен ақын. Шындығында да, Аллаһтың арам де­ген нәрсесінен шегіну тұрмақ, оны өмірінің қалыпты жағдайына ай­нал­ды­рып алған ба­у­ыр­ла­ры­мыз ту­ра­лы не айтуға бо­ла­ды. Құдайға сенеміз, мұсылманбыз дегенімен, арақ-ша­рап­сыз дастарханының сәні кірмей, жемқорлықсыз қарны той­май, өсімқорлықсыз дүние жи­май қалатындай хал­ге жет­кен қандастарымыз қаншама.

Пайғамбар (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Барлық мас қылушы – арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе ха­рам» және Құранда Аллаһ тағала: «Иә, иман келтіргендер, үсті-үстіне өсім жемеңдер! Аллаһтан қорқыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» (Әл-Ғимран 130) Аллаһ пен оның Пайғамбарының ашық тыйған нәрселеріне қарсы келуіміз, оны істеуіміз біздің дін мұсылман екенімізге күман туғызады.

Әлде бізге:

« Би­лер па­ра жемеңдер,
Жалғанды жол­дас демеңдер.
Ақырет қамын іздеңдер,
Жалған бетін кезбеңдер,»

— дейтін Шор­тан­бай­лар жетіспей жүр ме?!

Аллаһқа серік қосуды ата-ба­ба діні деп, қабірлерге түнеуді аталардың жо­лы деп ада­сып, жүргендер қай ата-бабасының уағызын тыңдады екен деп таң қаламын.  Сол 9 ғасырдан бері ба­ба­ла­ры­мыз бір Аллаһқа табынуға шақырып кел­се, Пайғамбардың жо­лы­мен жүруді өсиет ет­се, сон­да қай ата бабаның жо­лын сілтеп жүр. Шариғаттағы ең ауыр күнәні бабаларымызға таңып, екі есе күнаһар бол­май, Аллаһтың сөзі Құранды ашып оқыса, анық жа­зы­лып тұр: «Шындығында Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны қалаған пендесіне кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, ол қатты ада­са­ды.» (Ни­са,116 )

Сондықтан, еліміз еге­мен бо­лып, тәуелсіздіктің бейбіт туы жарқырап тұрған еліме енді ұрпағына на­си­хат ай­та­тын, жамандықтан тый­ып, жақсылыққа шақыратын, даналықпен сөз сап­тар аза­мат­тар қажет. Ал, он­дай аза­мат­тар имандылық пен ізгілікті ұстанған текті ел­ден ғана тумақ. Тектілігімізді жоғалтпай, ба­ба­лар салған даналықтың са­ра жо­лын, Исламның жарық нұрын ұрпақтарымызға төге білейік.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz