Қазағым, таянды ғой қылта мойын…

Жарнама

Қазағым, таянды ғой қылта мойын...Менің алаңдайтыным, тұғыры биік һәм тұғыры ниһаятсыз, яғни тұғыры шексіз қазақтың мазаққа айналған хал-жағдайы. Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ тоқылатын бол­са, ол ал­ды­мен қазақтың да үстінен та­был­ма­ды. Қара қиындықты со­нау зар заманның төңірегінде ба­сы­нан өткерген қазақтың ержүректігі қайда кетті?! Қазақ сор­лы өзді-өзімен қырылысып, бәрінен де аузын ашып қалып жа­тыр. Мәкеңдердің (мәңгүрттер) қазақ тілін менсінбеуіне не істейміз?! Со­нау Абай, Ма­хам­бет, Ыбы­рай, Мағжан, Ах­мет, Әлихандар ми­рас қылып қалдырған қазақтың тілі емес пе!?

Толғанып таң қаламын пасықтарға,
Қанымды ұрттап ішер қасықтарда.
Елім деп еңіремес ер қазақтың
Жетімдігін жеп жа­тыр сасық қарға.
Ей, айтыңдаршы,
әлі менің елімде пасық бар ма!?

Иә, толғанып, қайғыға ша­лы­нып, та­сы­нып аласың бұдан. Та­рих­та қазақ де­ген ел болмаған, қазақ тілі жоқ, жа­зу­сыз қайдағы тіл, қазақ тілінде бірде-бір әдеби еңбек жоқ деп қазақ де­ген елді жоққа шығарған Шірігенскийдің (Жи­ри­нов­ский) сандырағын естігенімде, төбеме жай түскендей на­мыс­тан өртене жаз­да­дым. Ұстазым (Жан­са­нов Ме­дет) сол нәрсені көрсетпегенде, басқалары секілді сай­ран са­лып жүре бе­рер ме едім.

Ана тілі қазақтың да­ра тілі,
Ананың ақ сүтімен дарыған да.
Қасиеті жой­ыл­мас ана тілі,
Ана тілдің тұғыры біздің қолда.
Сол тілдің өзіміз ғой жа­на­шы­ры,
Ол өлсе, мен де өлермін, тай­сал­май­мын,
Тілім менің – көзімнің қарашығы.

Біздің билік өтірік ай­та­ды да, со­сын пат­ри­от болыңдар дейді. Қазақты аяп отырған жоқ олар. Біздің бұрымды қыздарымызды ше­тел­де коммерциялық жол­мен ақша та­ба­ды дейді. Қу қытай бол­са: «Қазақтың қонақжайлылығы соншалық, үйіндегі қызын қойныңа са­лып береді» деді. Қара көз қарындастарымыздың еңсесін түсіріп жат­ты осын­дай балағат сөздермен.

Қазақты қазақ қылу өзіміздің қолымызда. Менің жалғыз ба­сым қайда жетеді, жа­сым бол­са 15-те. Сол ба­сым­мен қазақты қайда ба­рып көтерсем де, жалғыз менің қолымнан келмесі анық. Бірлік бол­май, тірлік жоқ демекші, қазақтың ту­ра жол­дан адас­па­у­ын Ал­ла­дан тілеймін!

Аман­жол Жан­бо­та
Ал­ма­ты облыстық И.Нүсіпбаев атындағы №4 мек­теп-интернаттың 9-сы­нып оқушысы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz