Қазақ балалары арасындағы тілдік қатынас

Жарнама

Қазақ балалары арасындағы тілдік қатынасБой­ы­мыз­да еліктегіштік қасиет қаншалықты ба­сым бол­са да біз со­ны жеңе оты­рып, өзіміздің тілімізді, дінімізді, жерімізді, салт-дәстүрімізді сақтай ала­тын ұрпақ бо­лу­ы­мыз шарт. Қазақ қызы бой түзеп, босаға жаңартқанға дейінгі тәлім-тәрбиесі, әрине, ата-анасының қолында бо­ла­ды. Ұяда не көрсең, ұшқанда со­ны ілесің демекші, біз өсіп ке­ле жатқан жас ұрпақтың ой­ын дұрыс қалыптастыра білуіміз ке­рек. Ата-ананың міндеті – ұл-қызға дұрыс тәлім-тәрбие бе­ру. Өзінің тілін сүюге кішкентайынан баулуға міндетті.

Ана тілін жетік білмеген ба­ла мек­теп­ке ба­ра са­ла ағылшын, орыс тілдерін үйренеді. Баланың са­на­сы­на құйған ата-ананың ақылы далаға кетіп, ол баланың ана тілі жай­лы ойы өзгерері сөзсіз. Мек­теп қабырғасын ат­тай са­лып, өзге тілді меңгере бас­та­са, ертең ол ба­ла­дан қандай пат­ри­от шығады?

Ағылшындардың зерттеулеріне қарасақ, мы­са­лы, ағылшын, орыс, қазақтың сәбилерін алып, үшеуіне де өз тілінде ән не­ме­се сөздер айт­са, олар тек өз ана тілінде шыққан сөздерге мой­ын бұрады екен. Яғни, ба­ла ту­ы­ла салғаннан бас­тап өз тілін бой­ы­на ана сүтімен-ақ қабылдайды. Ол өсе ке­ле тілін да­мы­та­ды, жетілдіреді, бай­ы­та­ды. Сон­дай шақта ол баланың өзегіне өзге тілді құйса, ол ба­ла­дан ақын, жа­зу­шы, ғалым секілді ұлы тұлғалар шықпайды. Ашық түрде айтсақ, біз өз тамырымызға өзіміз бал­та ша­бу­да­мыз. Жа­по­ни­яда 15 жасқа дейін ба­ла тек өзінің ана тілін ғана үйренеді екен. Сол өзге тілді үйренбей ар­т­та қалған Жа­по­ни­я­ны көрген жоқпын.

Қазаққа оян деп ұрандаған Ах­мет атам «Ба­ла бас­та­у­ыш мек­теп­те тек өзінің ана тілін ғана оқуы ке­рек», — де­ген бо­ла­тын. Бірақ қазақтар артық қыламыз деп тыртық қып ала­тын түрлері бар. Әрине, ХХІ ғасырда адам ба­ла­сы жан-жақты бо­луы шарт. Қадыр Мыр­за­ли­ев айтқандай:

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бет­те.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

 

Біріншіден, тәй-тәй ба­сып ке­ле жатқан болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дұрыс жеткізе білейік. Мағжан ата­мыз «Мен жастарға сенемін» де­ген. Сол сенімді ақтау – бізге міндет. Бірақ ол міндетті орындауға ағаларымыз қол соз­ба­са, елсіз қалған жас ұрпақ қайда ба­рып соғыларын кім білсін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «жоғарыдағыларға» ай­та­рым, бас­та­у­ыш сыныптарға ана тілінен басқа тілдегі пәндердің оқытылмауы және «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, ата-аналардың құлағына ал­тын сырға, балаларының ана тілін меңгеруіне кедергі жа­са­май, өздерінің де жағдай жа­са­у­ын­да…

Аяп­бер­ген Ұлжан
Ал­ма­ты облыстық И.Нүсіпбаев атындағы №4 мек­теп-интернаттың 11-сы­нып оқушысы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz