Ұлт әні неге ұрпақты үркітеді?

Жарнама

Жаһандану за­ма­ны өз нарқымен, салынған са­ра жол­да қайратты қарқынмен күн са­нап күшейіп келеді. Ел эко­но­ми­ка­сы ілгерілеп, нарықтың парқын көріп отырған жай­ы­мыз бар, кеудемізді керіп мақтанышпен ай­та­мыз. Ол­да бол­са тәуелсіздіктің арқасы! Алай­да  ұлттық өнердің көкжиектен көрінбей қалуы, тіл мен ділдің жағдайы мүшкіл қалыпқа еніп, тәрбиенің мән-жайы бетбұрысқа қажет бол­май та­са­да қалғаны да ақиқат. Бұл да тәуелсіздіктің белгісі ме? Нақ осы­лай кесіп айтқан қателік бо­лар, бірақ ас­тар­сыз емес.

Зерттеуші ғалым В.В. Рад­лов­ты «Ал­ты жа­сар ба­ла­дан алпыстағы ақсақалға дейін өлең айт­пай­тын, дом­бы­ра тарт­пай­тын қазақты көрмедім… Қазақ – өнерлі, әнші, ақын халық» — дегізіп таңқалдырған қазақтың дәстүрлі өнерін кейінгі ұрпақ қалай қабылдайды, түйсінеді, міне осы жай­лы сөз қозғамақпын. Бұл күнде за­ма­на­уи әндерді дәстүрлі әнмен салыстыруға да, жарыстыруға да мүлдем келмейді.  Кешегі өткен өнерлі қазақтың бүгінгі ұрпағының талғамы тіптен бөлек. Өзіңді қойып, өзгенің бәріне еліктеуді дағдыға айналдырғаны соншалық қазіргі жас­тар­дан ән ата­сы Әміренің, қазақ өнерін сан бе­лес­ке биіктеткен Жәнібек Кәрменов, Мәдениет Еше­ке­ев сын­ды да­рын­ды да арын­ды ағаларымыздың кім екенін сұрасаңыз «әйтеу бір ақын или тағы бірдеңке, ко­ро­че ай­тып тұрғаныңа қарағанда атақты болған шығар» де­ген жа­у­ап ала­сыз. Сенбесеңіз ба­сым­нан өткен жайт­ты  жа­сыр­май ай­тып берейін.Оқиға бы­лай бол­ды. Уни­вер­си­тет лиф­ты­сы­нан дәстүрлі ән тыңдап шығып ке­ле жатқанмын. Сабаққа асығып ба­ра жатқан студенттердің де қара мол еді. Ке­нет  у-шу, абыр-сабырдың бір ме­зет­те ба­сы­лып, таңырқаған кейіптегі жанарлардың маған қадалғанын байқадым. Жай­лап на­зар­ла­сам шы­ны­мен де сын көзбен сыр­тым­нан сы­нап тұрғандардың көзқарастары мен­де екен. Келесі ке­зек­те жап­пай мазақ қылған күлкінің, «мы­нау не қосып алған», «ауыл­бай­ский» де­ген сөздердің ас­тын­да қалғаным тағы рас. Жастардың жын көргендей үрпейісіп, төбе ша­шы тік тұрғанда мендегі ұлт әні менімен бірге ұялғандай. Қоянды қамыс, ерді на­мыс өлтіреді демекші әуенімді өшірмедім. Көш кетті. Ұрпағын ұзатып тас­тап, қорланып ұлттық ән қалды. Ұзатқан ұл-қызының қайта ай­на­лып ке­лер-келмесі де бұлыңғыр…

Қайран қазағым аңқылдап жүргенде немістер қымызынан, жал­пыл­дап жүргенде жа­пон­дар қазы-қартасынан ай­ыр­ды. Келесі ке­зек­те кім, немізді әкетпек? Ұлттық дәстүрден ай­ы­рыл­дым де­ген­ше, ұлтымды жоғалттым де!

Арай­лап атар ақ таңды біздің немерелеріміз Arash-тың әнімен қарсы алып, бесігінде Тиматидің сандырағымен тер­бел­ме­се екен…

Ай­бек Қосанов. Се­мей қаласы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Ұлт әні неге ұрпақты үркітеді?"

avatar
Қоңыр
Қонақ

Айбектің көтерген тақырыбы өте құнды дүние, музка, ұлттық саз ол қазақтың жаны. одан безіну ұлтсыздықтың анық белгісі…

wpDiscuz