Ұрпақтың қамын ойлап қам жаса

Жарнама

Денсаулық дұрыс бол­са қандай бақыт,
Аурудың ке­лер шағын ой­ла­май­ды.
Күнәнің за­рдап­та­рын білер бо­са,
Ешбір жан жамандыққа жо­ла­май­ды.
Ақиретке шын иман келтіргендер,
Бұл өмірде тірі жан­ды қорламайды.
Құранның шын ләззатын сезінгендер,
Батыстың өлеңдерін тыңдамайды.
Шариғаттың үкімін қабылдаса,
Адам­зат бір ти­ын­да ұрламайды.
Де­мо­кра­тия құлағынан су ішкендер,
Ақсақалдың ақылын тыңдамайды.
Тәкаппарлық теңізіне шомылғандар,
Ал­ла­дан ту­ра жол­ды сұрамайды.
Адамның ең жа­ма­ны екі жүзді,
Жа­ра­ту­шы оларға қарамайды.
Иман­мен тақуалық қатар бол­са,
Он­дай жан қыл көпірде құламайды.
Ұрпақтың қамын ой­лап қам жасаған,
Қарттықтың қақпанында жы­ла­май­ды.
Ақында өмір дәмін та­тын­ба­са,
Елім, жерім, дінім деп жыр­ла­май­ды.
Өмірдің шын ляз­за­тын сезінбестен,
Уақытты өлтіру ке­рек деп асығады.
Тәңірдің хақпен бер­ген дініне емес,
Шайтанның шатағына бас ұрады.
Ақиқатты айтқанда басың кет­се,
Шындық де­ген қанша бізден қашық әлі.
Жалғандықпен өмір сүрген қоғамыңда,
Бағы да басқалардан тұр та­сып әні.
Агенттің бармағын білген жас­тар,
Ата тегін сұрасаң ах ұрады.
Ана­сы­на ақ тілек жаз­ба­са да,
Пер­не тақта ал­пыс рет ба­сы­ла­ды.
Ас­са­ла­у­ын ауы­с­ты­рып басқа сөзбен,
Hello, при­вет – жан-жаққа ша­шы­ла­ды.
Қысқа көйлек киіп жүрген қарындастар,
Ұзын етек ки­ю­ге мас­та­на­ды.
Ұрпақтың тәрбиесін сұрасаңыз,
Ананың құрсағынан бас­та­ла­ды.
Құрсақта жатқан ұрық төрт ай­дан соң,
Періште жан үрлеумен бас­та­ла­ды.
Алланың қаһарына ұшырағандар,
Тозақтың тамұғына тас­та­ла­ды.
Ал­ла­дан ту­ра жол­ды сұрамаған,
Ақиқатқа жақындық қыла ал­май­ды.
Сұраққа алған кез­де жа­ра­ту­шы,
Сырт пішін, бай ке­дей­ге қарамайды.
Әр бір істе тәңірді есіңе ал,
Жа­ра­ту­шы сүйген құлын қорламайды.
Нәпсіңді жең, са­быр­лы би­я­зы бол,
Менмендік жақсылыққа апар­май­ды.
Дүниеңнен  зе­кет бер, жомарттық қыл,
Кедейлік саған келіп жо­ла­май­ды.

Жандос

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz