Таңсәріде тұруды әдет қыл

Жарнама

Құдайға құлшылық еткің келсе,
Таңсәріде тұруды әдет қыл,
Өзіңді тозақ отынан құтқарғың келсе,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Сәріде тұрғандар ер болды,
Алладан үлес алды,
Ей,қапыда қалушы,саған түк те жоқ,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді,
Құдайдың құлы мақсатына  жетпейді,
Сәрі ұйқысы пайда бермейді,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде бір рет Алла деп айтсаң,
Алла жүз мың күнәңды жуып жібереді,
Әрі тағатыңды ойдағыдай орындайсың,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде айтқан бір Астағфираллаһ,
Күндіз жүз рет айтқанға тең,
Ей,досым бұған құлағыңды сал,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрып дәрет ал,
Көрдің қамын жатпай-тұрмай жаса,
Оны осы сағаттан бастап ойла,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұруды ниет ет,
Қараңғы түнде михнат шек,
Көрге барғанда рахатын көр,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұру-нағыз ғибадат,
Таңсәріде тұру-нағыз бақыт,
Таңсәріде тұру-сүйіспеншілікке ие болу,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде Жаратушының рақымы шоқ-шоқ,
Аяғыңнан басыңа дейін мың рақым етеді,
Саған мұндай дәулет керек болса,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Ей,келіңіз,рақымынан үміткер пенде,
Бұл дүниеде не үшін күнә жасадың,
О,дүниеде күнәдан құтылайын десең,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.

 

Үмбетәлі Сабырханов.
Жамбыл облысы.Т.Рысқұлов ауданы.Абай ауылы.
87005377777.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz