Махаббат мәңгі тақырып

Жарнама

Ма­хаб­бат, сүйіспеншілік, жақсы көру де­ген сөздерді естісек, адамның көз ал­ды­на ең ал­ды­мен қыз бен жігіт елестейді. Онан кейін ата-анаға, балаға де­ген, сол сияқты жал­пы адамдарға де­ген ма­хаб­бат­ты ой­лай­ды. Тіпті, кейбір адам­дар ма­хаб­бат­тан мүлдем мақрұм, есесіне дүниені, ақшаны өзінің туған ана­сы­нан да, ба­ла­сы, туған-ту­ыс­та­ры­нан да артық жақсы көріп жа­та­тын жайт­тар­ды да өмірде кездестіретініміз ақиқат.

Ал мұсылмандардың сезімі басқалай бо­луы ке­рек. Мүмін үшін Аллаһқа және Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сүйіспеншілік барлық нәрседен де артық тұруы тиіс. Бірақ кейбір мұсылмандардың ара­сын­да да Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген жақсы көру сезімін қалай оятсақ бо­ла­ды де­ген сұрақтың жа­у­а­бын іздегендер де та­бы­ла­ды. Бұл сұраққа кімнің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сүйіспеншілігі әлсіз бол­са, он­да оның Аллаһқа де­ген сүйіспеншілігінің де әлсіз болғаны деп жа­у­ап бе­ру­ге бо­ла­ды. Себебі кім қаншалықты Аллаһты сүйсе, оның Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сүйіспеншілігі де соншалықты болғаны. Және Аллаһқа де­ген бойұсынушылығы қандай дәрежеде  бол­са, сон­дай дәрежеде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бойұсынады. Құранда Аллаһ Та­ъ­а­ла:

«Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, он­да маған ілесіңдер. Аллаһ та­ъ­а­ла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені Аллаһ аса жарылқаушы, ерек­ше мейірімді» де. (Әли ғымран, 31) де­ген.

Және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Жа­ным қолында Болғанмен ант етемін! мені өздеріңнен де ата-аналарыңнан да, жанұяларыңнан да және дүниедегі бүткіл адам­дар­дан артық жақсы көрмейінше сендердің ешқайсыларың иман келтірген болмайсыңдар» де­ген. Иә, Нәбиге болған ма­хаб­бат­тан мүмін иманының қандай екендігін аңғаруға бо­ла­ды  Біздерде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сүйіспеншіліктің бо­луы міндет. Себебі ол сезім иманымыздың ажы­ра­мас бір бөлігі бо­лып та­бы­ла­ды.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген ма­хаб­бат­ты оятудың бірден бір жо­лы оның өнегелі өмірін оқып білу. Көркем мінездің бүткіл қасиеті бой­ы­на дарыған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратқа то­лы ғұмырын  оқи оты­рып, оған де­ген сүйіспеншіліктібойға да­ры­та ала­мыз. Тәрбиешілердің ұлысы Аллаһтың тәрбиесінде болған ол кіршіксіз та­за өмір жо­лын кешті. Ай­ша ана­мыз­дан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ту­ра­лы сұрағандарға: «Оның мінезі Құран бо­ла­тын» деп жа­у­ап қататын. Үлкенге құрмет, кішіге кішіпейілділік танытқан Ол (с.ғ.с.) надандықтың себебінен кесір тигізгендерге кешіріммен қарап қана қоймай, зұлымдығын жақсылықпен қайтару арқылы оның қас-жауларының қаншамасы ис­лам­ды қабылдап, ажы­ра­мас до­сы­на ай­нал­ды. Жетім, жесірге қамқор бо­лып, ке­дей-кепшікпен бірге оты­рып тамақтанудан еш ар­лан­бай­тын. «Ухуд та­у­ын­дай байлығым бол­са, оны үш күннен артық ұстамас едім» де­ген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйіне кел­ген сый сый­а­пат­ты сол ара­да ақ жоқ-жітіктерге та­ра­тып беретін. Үйінде ай­лар бойы тамақ асыл­май, құр құрма мен су­ды қанағат ет­кен күндері де аз емес еді. Үй ішінде өз киімін өзі жа­мап, аяқ киімін  өзі жөндеп, ешкі де са­у­а­тын. Әрдайым науқастарды зи­рат етіп, олардың көңілін сұрайтын, көршілерімен та­ту, сахабаларының ара­сын­да өзін тең дәрежеде ұстайтын. Қарапайымдылықты ұнатқан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзін басқалардан бөлектегенді ұнатпайтын. Ол адамдардың ара­сын­да ең жо­мар­ты, ең ба­ты­лы,  тілі тек туралықты сөйлейтін шын­шыл, әрі ең әділі бо­ла­тын. Және де ол қыздан да бе­тер ұялшақ бо­ла­тын. Ол (с.ғ.с.) аяқтары ісіп кет­кен­ге дейін на­маз оқитын. Одан: «сіздің өткен және ке­лер күнәларыңыз кешіріліп қойған емес пе?» деп сұрағанда: «Шүкір етуші құлдардан бол­май­мын ба?!» деп жа­у­ап қататын.

Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ту­ра­лы ай­та беретін болсақ, әлі де көп нәрсе жазуға бо­лар еді. Оның ұлы ахлаққа ие екендігі ту­ра­лы Аллаһ Та­ъ­а­ла Құранда:

«Шын мәнінде сен ұлы көркем мінез иесісің»  (аль-Ка­лам:4) дейді. Осыншалықты көркем мінез иесі бо­лып та­бы­ла­тын Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) сүймеу мүмін үшін мүмкін емес шығар.

Сахабалардың Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қалай жақсы көргендігі ту­ра­лы оқиғаларды білу арқылы да олар­дан көптеген үлгі алуға бо­ла­ты­ны­на көзің жетеді.

Бірде Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.)  Омар қол ұстасқан күйде бірге ке­ле жат­ты. Омар: «Иә, Аллаһтың Елшісі, өзімнен басқаның барлығынан сені артық жақсы көремін» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «сен мені өзіңнен де артық жақсы көрмейінше иман келтірген болмайсың» деді. Сон­да Омар: «Иә, Аллаһтың елшісі, шын мәнінде, енді мен сені өзімнен де артық жақсы көріп кеттім» дейді. Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Міне, сен енді иман келтірдің, Омар» деді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жа­нын­да әрдайым жүретін са­ха­ба­лар оны бір сәт көрмесе тағат тап­пай, сағыныштан оны қайта көруге асығатын. Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір са­ха­ба келіп: «Иә, Аллаһтың Елшісі, шын мәнінде, мен сені өзімнен де ба­ла­ла­рым­нан да бүткіл адам­дар­дан да артық жақсы көремін. Ал қашан мен үйге ба­рып, сен ту­ра­лы жанұямның ара­сын­да ай­та бас­та­сам, менің күш қуатым мен сабырлығым оған жет­пей, сені қайта көруге және сенің дауысыңды ес­ту үшін мен үйден атып шығып саған қарай аял­дай­мын. Бірақ мені бір нәрсе алаңдатып жүр. Аллаһ Та­ъ­а­ла жәннәттің ең жоғарғы са­ты­сын саған бе­ру­ге уәде етті. Егер сені он­да көре ал­ма­сам ол жақта мен не істеймін?» дейді. Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешнәрсе деп тіл қатпады. Себебі Ол не жа­у­ап қатарын білмеген еді. Бірақ та кейін оның жа­у­а­бын Аллаһтың Өзі жіберген еді:

«Ал және кім Аллаһқа, Пайғамбарға бойұсынса, міне, со­лар Аллаһ Та­ъ­а­ла нығметке бөлеген пайғамбарлар, шын­шыл­дар, шәһиттер және игілермен бірге бо­ла­ды. (Ни­са 69)

Иә, бұл Аса Мейірімдіден болған ұлы жа­у­ап еді. Жақсылықтың қайтарымы тек қана жақсылық.

Тағы бірде бір са­ха­ба Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Иә, Аллаһтың елшісі, Қиямет күні қашан бо­ла­ды? деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) одан: «Ал, сен ол күнге не дайындадың?» деп сұрағанда, әлгі са­ха­ба: «Мен бұл күнге Аллаһқа және Оның Пайғамбарына де­ген ма­хаб­ба­тым­ды дай­ын­да­дым» деп жа­у­ап береді. Сон­да Аллаһтың Елшісі: «Ен­де­ше, сен сол күні өзіңнің жақсы көргендеріңмен бірге боласың» деді. Шын мәнінде, біз кімді қатты жақсы көрсек, Қиямет күні сол адам­мен бірге бо­ла­ды екенбіз. Ол күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) шапағат ету құқы беріледі. Ен­де­ше Нәбиді бүкіл жа­ра­ты­лыс­тан артық жақсы көрсек, ахи­рет­те Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында бо­ла­ды екенбіз. Нен­дей жақсы жол­дас!

 Со­ны­мен қатар, са­ха­ба­лар сезімдерін тілмен ай­ту­мен ғана шек­тел­мей, іс жүзінде де дәлелдей білді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шақырғанда Ис­лам­ды еш күмәнсіз  қабылдаған Әбу Бак­р­мен бірге Ме­ди­не­ге хидж­ра жасағанда ол Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) біресе озып, біресе ар­та қалып ке­ле жат­ты. Мұның себебін сұраған Нәбиге: «артыңнан қауіп келіп қалатын сияқты болғанда ар­та қаламын, ал енді қауіп алдыңғы жақтан ке­ле жатқандай бо­лып көрінгенде  алдыға оза­мын» деп жа­у­ап берді. Ал ансарлықтар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Ме­ди­не­ге хиж­ра жа­сай­ты­нын естігенде жүректері қуанышқа то­лып, Оны (с.ғ.с) көруге асығып, күнімен, түнімен тағатсыздана күтумен бол­ды. Ал ол ке­ле жа­тыр де­ген ха­бар жет­кен­де қуаныштарында шек бол­май, Аллаһқа тәкбир, тәхмил ай­тып ал­ды­нан қарсы алған еді.  Кейін мұсылмандар Меккені бағындырғаннан  кейін ансарлықтар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайта көшіп кетеді ме деп қатты алаңдады. Бірақ  Нәби: «Иә, ан­сар­лар, сен­дер мененсіңдер, ал мен сендерденмін» деді. Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Ме­ди­не­де қалатындығын білдіргендігі еді. Мұны естіген ансарлықтар қуанғандарынан көз жас­та­ры­на ерік берді, тіпті, олардың жылағаны соншалық, жас­та­ры­нан сақалдары су­лан­ды.

Сол сияқты мы­на бір оқиға қандай да бір адам­ды бол­ма­сын таңырқатпай қоймасы анық: Ху­най шайқасында жеңіске жетіп қайтып ке­ле жатқанда, мұсылмандардың ал­да­ры­нан  қарсы ке­ле жатқан бір са­ха­ба әйелді көрген Омар оны бірден та­ни кетті. Бұл соғыста оның үш бірдей жақыны Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қорғаған шәһидтердің қатарында болған еді. Сон­да Омар оған әкесінің қайтыс болғанын айт­ты. Бірақ та әйел әкесін іздеп жүрмегенін айт­ты. Бұл жауапқа таңырқаған Омар оған бауырының шәһид болғанынан ха­бар берді. Әйел ба­у­ы­рын да іздеп жүрмегенін айт­ты. Бұған одан да бе­тер қайран қалған Омар оның күйеуінің де қайтқанын білдірді. Сон­да әлгі әйел: «Мен күйеуімді де іздеп жүрген жоқпын, мен Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) іздеп жүрмін, ол үшін қатты қорқамын, оған бірдеңе бо­лып қалған жоқ па, жа­ра­лы емес пе екен» деп жа­у­ап берді. Міне, бұл сахабалардың әйелдерінің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сүйіпеншілігінің бір ғана көрінісі еді.

Олар өздері жа­ра­лы бо­лып өлім халінде жат­са да Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аман ба екен деп уай­ым шегетін. Тіпті, өз бас­та­рын өлімге тігіп, Нәбиді жан тәнімен жа­у­ла­ры­нан қорғаудан еш тай­ын­бай­тын. Бұл олар үшін тек қана бақыт пен мақтанышты ту­ды­ра­тын. Ху­байб ат­ты са­ха­ба­ны өз ру­лас­та­ры ис­лам қабылдағандығы үшін қатты  азап­тап, оның денесін бөлшектеп жұлып жа­тып одан: «Өзіңді құтқарылған күйде, ал Му­хам­мад­ты өз орныңда болғанын қалар ма едің?» деп сұраған мүшріктерге денесі қанға боялған Ху­байб: «Аллаһпен ант етемін. Менің өз жанұямның ор­та­сын­да, балаларымның ара­сын­да тыныштық пен бейбітшілік те бо­лып, ал Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тіпті бір тікеннің кіргенін де қаламас едім» деп жа­у­ап береді. Қайтпас  қайсарлық танытқан бұл сахабаға де­ген  таңқалысыңды жа­сы­ра алмайсың.

Иә, бұл сахабалардың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сүйіспеншілігінің кейбір көріністері еді. Олардың ма­хаб­бат­та­ры шы­найы еш ри­я­сыз бо­ла­тын. Тек бір Аллаһтың разылығын іздеген, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) адал жол­дас болған жан­дар еді. Ухуд та­у­ын­дай ал­тын­ды садақа етсеңдер де са­ха­ба­ла­ры­ма же­те алмайсыңдар» де­ген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) оларға де­ген сүйіспеншілігі де ерек­ше еді.

Ал біз Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген сезімізді қалай білдіреміз?

Бүгінгі күні біздің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген ма­хаб­ба­ты­мыз әлсіз. Бір-бірімізбен кез­де­се қалсақ, Пайғамбар ту­ра­лы өте аз ай­та­мыз не­ме­се тіпті ес­ке де ал­май­мыз. Керісінше, біз өмірдегі мәселелерді, жұмысымыз жай­лы, ба­ла­ла­ры­мыз ту­ра­лы сөз қозғаумыз көбірек кездесіп жа­та­ды. Бұл иманның әлсіздігінен. Негізінен, әрбір мұсылман үшін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ор­ны артық бо­луы қажет. Себебі кімде кім біреуді қатты жақсы көрсе соның айтқанымен жүруге не­ме­се істеген ісін қайталауға ты­ры­сып бағады. Сондықтан біздің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) де­ген ма­ха­ба­ты­мыз оның сүннет амал­да­рын оқып, үйрену, амал ету арқылы күшейеді. Ал оның сүннеті Оның бүткіл өмір жо­лы бо­лып та­бы­ла­ды. Оның ғұмыры  тек Аллаһқа бойұсынудан, Оның әмірін адамдарға жеткізуден тұрады. Ал біз қаншалықты Пайғамбар өмірін білсек, соншалықты оның сүннетін орын­дай ала­мыз. Оның сүннетімен жүру арқылы біз оған де­ген ма­ха­ба­ты­мыз­ды дәлелдейміз. Ал Нәбиге де­ген ма­хаб­бат Аллаһқа де­ген махаббаттың айғағы. Кім Аллаһ ма­хаб­ба­ты­на ие бол­са ол Иншаллаһ біздің көздеген мақсатымыз жәннәтқа ие бо­ла­ды.

Ав­тор: Гүлнұр Шаймерденқызы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz