Тәуелсіздіктің үш тұғыры

Жарнама

Кез кел­ген елдің азаматтық рухының деңгейін сол елдің жор­на­лис­ти­ка­сы­мен бағалау арқылы ешбір қателікке ұрынбауға бо­ла­ды. Жор­на­лис­ти­ка елдің демократиялық деңгейін ғана емес, сол ел халқының өз мемлекетін қаншалықты би­леп отырғанын, қоғамдық пікірдің жа­сан­ды емес, қаншалықты ба­рын­ша табиғи қалыптасатынын, төртінші биліктің бар-жоғын, елдің са­я­са­ты қалайша жасақталатынын әйгілейді. Тіпті, БАҚ-ның қауқары әлгі елдегі сөз бостандығының шы­найы көрінісі бо­лып та­бы­ла­ды. Сай­ып кел­ген­де сөз бостандығы ұлттың билікке: «Аяз әліңді біл. Құмырсқа жолыңды» біл дегізетін ДА­Ты.

Қазақстандағы жорналистиканың қазіргі аху­а­лын сөз ет­кен­де көзге түсетіні — орыс және қазақ тілді БАҚ-тардың де­ко­ло­ни­за­ци­я­ны қалайша сөз етуінде. Алай­да, елдегі ба­с­ты до­ми­нант орыстілді жор­на­лис­ти­ка екенін ешкім жоққа шығара ал­ма­са да, әлеуеті ба­сым ұлттық бағытта қазақ баспасөзі бүткіл бір партияның міндетін атқарып тұр.

Бізде әлі күнге бірізге түскен тәуелсіздік қағидаттары. Жер-су, Жа­зу-сы­зу және Ата-тек  Ел­ба­сы айтқан деңгейде жүзеге ас­пай отыр.

Тілімізді қайыра түлетудің бірден-бір жо­лы – жер-су ата­у­ын қалпына келтіру. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру ба­ры­сын­да жергілікті аумақтағы тұрғындардың ұйқыдағы са­на­сы­на қозғау са­ла оты­рып, мемлекеттік деңгейде мәселе көтеру қажет.

Қазақстанның Кеңес үкіметінің бо­да­нын­да болған ғасырға жуық 70 жылдық та­ри­хы – отршылдықтың бірден-бір куәсі. Бұл уақытта Қазақстандағы жер-су ата­у­ла­ры жап­пай орыс­тан­ды­рыл­ды. Еліміздегі дәуірлер бойы сақталып ке­ле жатқан географиялық ата­у­лар осы кез­де қатты өзгерістерге ұрынып, олардың төл ат­та­ры халық жады­нан өшірілді. Мұқым бір ауылға шоқша сақалды бір мұжықтың атын қоя са­лу өріс ал­ды. Қазіргі кез­де еліміздің әр түкпірінен сол күндердің тірі куәлары іспеттес орыс ағайындардың арбиған ата­у­ла­рын жиі кездестіреміз. Тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді жинағалы да бір боз­ба­ла ержетті. Алай­да, қазақ даласындағы осы сұрықсыз көрініс сол күйінде қалып келеді. Біздің аудан­да да осы тек­тес күй. Бей­не бір Ре­сей жерінде жүргендейсің… Алдыңнан Романның ауы­лы қарсы алып, Дмит­рий мен Иван­дар аулы­на жалғасады да, Сос­нов­ка, Бе­ре­зов­ка бо­лып ұласып, соңында Пес­чан­ка бо­лып құмға сіңіп жоғалады.

Біздің басымыздағы осы зар бұрынғы империялық ел­дер мен колониялық елдерді де алаңдатып отыр­са ке­рек. Мәселен, Ре­сей өз аумағындағы құлаққа жағымсыз ата­у­лар­дан қалай құтыларын білмей дал бо­лу­да. Ал он­дай ата­у­лар орыс көршіде жетерлік қой. Ал, біз болсақ: «Несін ауы­с­ты­ра­мыз?», «Қажеті қанша?», «Осы кімге ке­рек?» де­ген кері тарт­па күштерден аса ал­май, әлі жүрміз. Орыс­ша ата­у­ла­ры­мыз­бен бүкіл Алашқа мазақ бо­лып отырғанымызды біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Соның көбі өзіміздің қаракөздер. Өкінішті, әрине.

Белағаш ауда­ны 1944 жыл та­ра­ты­лып, одан үш орыс тілді аудан бөлініп шықты: Бо­ро­ду­ли­ха, Но­во­шуль­ба және Но­во­пок­ров­ка (кейін Жаңасемей) бөлініп шығып, 1990 жылдардың соңында қайта осы үш аудан біріктірілді. Қазір аудан аумағында өзгертуді қажет ететін (бүгінгі күннің көзқарасымен алғанда) жер-су ата­уы бүкіл аудан көлеміндегі атаулардың 90 – 95 пай­ы­зын құрайды. Яғни, аудандағы атаулардың бәрі дерлік орыс тілінде де­уге бо­ла­ды. Соңғы жыл­да­ры бірен-са­ран көше ат­та­ры өзгертіліп, тұрғындар ара­сын­да аз­ды-көпті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алай­да бұл аздық етеді. Кең көлемді жұмыстар жүргізуге аудандық ономастикалық комиссияның қуаты жетпейді. Бұл іске мек­теп оқушыларын, жал­пы тұрғындарды, зи­я­лы қауым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды көбірек тар­ту қерек. Ономастикалық комиссияның жа­ны­нан түсіндіру және на­си­хат­тау жұмыстарымен ай­на­лы­са­тын жұмыс топ­та­ры құрылса. Оларға та­рих, әдебиет, тіл салаларының ма­ман­да­ры басшылық жа­сай оты­рып, халық ара­сын­да жұмыс істеуі тиіс. Ал, бұл топтардың қызметін үйлестіру, оларға жал­пы басшылық жа­сау – ономастикалық комиссияның құзіретіне енуі қажет.

Соңғы кез­дер­де ономастикалық ко­мис­сия жер-су атауларының төл ата­у­ла­рын іздеу бағытында жұмыс ұйымдастырып отыр. Соның нәтижесінде, жергілікті көнекөз қарттармен әңгімелесу ба­ры­сын­да бірқатар елді мекендердің бір кездері қалай аталғандығы ту­ра­лы бол­жал­дар анықтала бас­та­ды. Мәселен, бір кездері Пе­тро­пав­лов­ка ауы­лы – Ақсақал, Но­во­пок­ров­ка – Жы­ра, Жек­се­най, Қайыңды (осы үш атаудың бірі), Ка­мы­шен­ка – Үш тал, Рем­ки – Қара өзек, Жер­нов­ка – Диірменді, Про­ле­тар­ка – Ақши, Уба-Фор­пост – Қу қала, Но­вод­во­ров­ка – Жаңа қорған, Дмит­ри­ев­ка – Шұңқыращы, Пе­ре­ме­нов­ка – Өткелді аталған екен. Жақында бір ағамыз: «мен жер-су аттарының өзгергеніне қарсымын және жүрген-тұрған жерімде осы­ны на­си­хат­тай­мын, өйткені халықтың қалтасынан ақша шығып кетеді», – деп мар­дым­си­ды. Ол кісіге және жал­пы осы ни­ет­тес жандарға ай­та­ры­мыз: Ұлт ру­хы ақшадан да жоғары!

Жер-су ат­та­рын өзгертуге әрине қалай бол­са со­лай ке­ле салуға бол­май­ды. Бұл са­я­си тұрғыдан да салмағы бар іс. Қазақстан тәуелсіз мем­ле­кет ретінде өзінің тәуелсіз та­ри­хын, жаңа та­ри­хын жа­зып жатқан кез­де, елді-ме­кен­дер­ге, географиялық объектілерге ертең өскелең ұрпақ мақтан тұтатындай ай­бын­ды да ай­бар­лы, қазақы рух­тан қайнап шыққан ата­у­лар бер­ген дұрыс. Бұл ата­у­лар жас ұрпаққа отансүйгіштік бағытта тәрбие бе­ру­ге лайық болғаны аб­зал. Айтқанда құлақ құрышы қанатындай әуезді болғаны да ләзім.

Жер-су ата­у­ла­рын өзгерту бір күнде орын­да­ла қалатын оңай ша­руа емес. Бұл көп еңбек етуді, отансүйгіштік пен шыдамдылық та­ны­ту­ды қажет ететін іс. Жергілікті жер­де әйтіп-бүйтіп жүріп, қыңырайған өңкей кесірді көндіріп, атын өзгертуге қол жеткізгенмен іс бітпейді. Осы өзгерістің об­лыс­та, үкіметте бекітілуі үшін бірнеше жыл ке­рек. Тіпті, са­ры­лып сан жыл­дар тосқанда, үкіметтен бекітілмей кері ора­луы да мүмкін. Ия, қаншама еңбек, қаншама жүйке зая кетті де­ген сол. Осы жүйені оңтайландырса, бәлкім, бәрі басқаша бо­лар ма еді? Ал, көше ат­та­рын өзгерту еп­теп оңайлау. Оны жергілікті билік өзі ше­ше береді. Тек ни­ет пен көзқарас оң бол­са болғаны. Алай­да осы оңай істің толғағын тоқсан қып жіберетін де өзіміз ғой.

Аудан­да соңғы жыл­да­ры бірқатар көше ат­та­ры өзгертіліп, игі істің ұшы шыққандай бол­ды. Ка­мы­шен­ка ауы­лын­да Пес­ча­ная көшесіне Д.Қонаевтің есімі берілді. Ми­хай­ли­чен­ко­во ауы­лын­да Ле­нин көшесіне Абай есімі берілсе, Ка­ли­нин көшесі Достық көшесі деп қайта атал­ды. Новошүлбі ауы­лын­да Со­вет­ская көшесіне – Абай, Ки­ров көшесіне – Қ.Сәтпаев, Со­юз­ная көшесіне – Ә.Молдағұлова, Кол­хоз­ный көшесіне – М.Мәметова,  Школь­ный көшесіне – С.Бур­ла­чен­ко, Ко­ма­ров көшесіне – М.Мер­ку­лов есімдері берілді. Но­во­пок­ров­ка ауы­лын­да Со­вет­ская көшесі Тәуелсіздік көшесі деп қайта атал­са, Се­ми­лет­ка көшесіне Т.Ама­нов есімі берілді. Крас­ный Яр ауы­лын­да Ле­нин көшесі Достық көшесі деп өзгертілді. Аудан орталығында да төрт көше өзгертіліп, Круп­ская көшесі – Тәуелсіздік, Ле­нин көшесі – Достық, Ки­ров көшесі – Бірлік көшелері деп өзгертілсе, Ком­му­нис­ти­чес­кая көшесіне жерлесіміз, ІІ жаһан соғысының Шығыс (орыс-ал­ман) майданының  ба­ты­ры Ф.Серединнің аты берілді. Бұның бәрі қуанарлық жай. Тек, осын­дай іргелі істер жалғасын та­ба берсін.

Осы­лай­ша, Тәуелсіздіктің бірінші жо­лы – жер-су ата­у­ын қалпына келтіру осы ту­ра­сын­да Қызылжар қазақтары мемлекеттік деңгейде үлкен мәселе көтеріп, АЛАШТЫҢ  ұйқыдағы са­на­сы­на қозғау сал­ды. Империялық ел­дер мен бұрынғы колониялық елдерді неоко­ло­но­лизм дәуіріндегі алаңдатып  отырған ортақ мәселенің бірі — жер-су ат­та­ры.  ТМД кеңістігіндегі  РФ-ын­да жағымсыз ұғынылатын ауыл­дар: Там­бов­та – От­хо­жее; Тверь­де– Боль­шие Пуп­сы, За­до­во; Ка­лу­га­да – Ниж­нее Бе­лев­ко­во, Де­шов­ки; Курскіде – Ку­ри­ца; Ом­бы­да – Боль­шие Мур­лы, Ма­лые Мур­лы; Во­ро­неж­де–Хре­ни­ще; Архангельскіде–За­до­вая; Ле­нин­град об­лы­сын­да–Мош­ня; Ни­же­го­род­та– Ка­ки­но; Псков­та – Соп­ля­ко­во, ал бүкіл Ре­сей бой­ын­ша: Бло­хи, Об­ля­и­ще­во, Дур­ни­ха, Дро­че­во, Ов­ни­ще, Опух­ли­ки, Вы­пуки, Па­ра­ши­но, Бля­ва, Бля­ди­ще­во, Зад­не­во, Ко­сые Хар­чев­ни, Ско­во­род­ка, Скот­ное, Боль­шие Же­реб­цы, Бу­ха­ло­во, Ва­ги­но, Гни­ло­ме­до­во, Го­рю­но­во, Ду­ра­ки, Ду­ра­ко­во, Пер­ду­но­ва, Хе­ров­ка, Не­го­дя­и­ха, По­гу­лян­ка, Сса­ки­но, Со­ба­ки­но, Коз­лы, Ко­зяв­ки­но, Ку­ек­ну­ло, Лоб­ко­во, Ло­пу­хи, Ло­хуш­ки­но, Ло­хан­ки­но, Со­во­ло­хи, Ма­че­хин Ко­нец, За­ды, Дур­лай, Но­вые Ма­ты, Боль­шие Нос­ки, Пер­вая Зу­ба­чист­ка, Мар­тыш­кин Ху­тор, Та­ра­ка­ны, Ма­лые Гни­лу­ши, Ко­бе­ли­ное, Го­ло­дран­ки­но, Ман­ды, Мо­чи­лы, Мош­ня, Му­сор­ка, Му­хо­до­е­во, Но­во Блу­до­во, Но­во­по­зор­но­во, Поп­ки, Пьян­ки­но, Суч­ки, Тру­со­во, Ту­пи­ца, Вы­бье, Жуп­ки­но, Пед­ри­ло­во, По­но­со­во, Жуч­ки, Вис­лое, Кры­си­ха. Бұның бұлай бо­лу­ын аз сан­ды 100 аса ұлттың мүлдем орыс­та­нып, өз тілі мен тегінен ай­ы­ры­лу­ын­да екендігінде қазір олардың тілінде ешкім сөйлемейтіндіктен за­ма­на­уи орыс әдеби тілінде бұл ата­у­лар халықтық  эти­мо­ло­ги­я­мен ұғынылып отыр дейді РҒА мүшесі ф.ғ.док­то­ры, проф. Ев­ге­ний Кра­син.

Осын­дай тәлімсіз ата­у­лар­дан Францияның  “CONDOM”  ауы­лы эхо­ту­риз­м­мен жер-су ата­у­ын тіркестіріп пай­да да та­у­ып отыр. Біз орыс­ша ата­у­ла­ры­мыз­дан  әліде   ары­ла   ал­май  отыр­мыз. Орыс­ша ата­у­лы ауылдарға әкім болған әкімдер әкіреңдемесе, біз жа­за-жа­за әкіреңдеп болдық. Сіз не дейсіз, оқырман, орекеңдер өз ата­у­ла­ры­нан қалай құтыла ал­май отырғанын сөз еттік. Біз  кеңес  үкіметіндегі  ата­у­лар­дан ары­лып  бұрынғы  та­ри­хи  ата­у­лар­ды  қайтадан   қалпына  келтіріп  бүгінгі  егеменді  еліміздің  та­лап­та­ры­на сәйкес   қазақша атауға бет бұрайық!

Бірақ, біздің аудан­да осы бағытта  біршама жұмыстар жүргізіліп, көше ата­у­ла­ры за­ма­на ағымына сай өзгертіліп, жаңаша ата­лып жа­тыр. Аудан әкімшілігінің осы қадамына жұртшылық дән ри­за. Енді Бородулихаға (Қарағайлыға) бұрынғы Белағаш ауда­ны де­ген 1944 жылға дейінгі та­ри­хи ата­лу­ын қайтарып бер­сек, нұр үстіне нұр бо­лар еді. Одан да арғы жағдайды ала­тын болсақ, Бұқтырмадан бас­тап, Құлынды да­ла­сы­на дейінгі Ертістің оң жағы «Ішкі округ» деп аталған. Сол «Ішкі округтің» де орталығы Белағаш ауы­лы болған, Белағаш ауда­ны құрылғанға шейін, яғни ХІХ ғасырдың ор­та­сы­нан Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта қазіргі Бо­ро­ду­ли­ха ауда­ны өңірі «Белағаш да­ла­сы» деп аталған. Енді аудан мен ауылдың аражігін ашып, Аудан аты­на–Белағашты, ауыл аты­на–Қарағайлыны қайтарып беріп, ақ және қызыл отар­шы­ла­ры теліген Бо­ро­ду­ли­ха­дан құтылатын сәт ту­ды.

Осы бағытта ерен еңбек етіп жүрген Бо­ро­ду­ли­ха ауданның құрметті аза­мат­та­ры С.Тәбәрікұлы мен Т.Рымжановтың ақсақалдық кеңестері мен ой­лы мақалары белағаштықтардың ұйқыдағы ой­ы­на қозғау сал­ды.

Енді мәселенің екінші қыры қазақ әліпбиіне көшейік.

Біріншіден біз 42 әріптен әлі құтыла ал­май отыр­мыз. Оның себебі бір кездері тілден ғылыми дис­сер­та­ция қорғағандардың өз еңбектерін қызғыштай қоруынан, ай­та­тын сыл­та­у­ла­ры тіл қысқалықты сүйеді. Осы арқылы ч, ю, я, щ, ц, у, қосарларын заңдастырмақ. Халықаралық лингвистикалық заңдылық бой­ын­ша ф, в, э, х, һ, және й ды­быс­та­ры тілімізде орнығу үшін осы әріп-ды­быс­тар­дан бас­та­ла­тын қазақтың төл сөздері бо­лу ке­рек. ь, ъ ды­быс­сыз таңбалары бізге ке­рек те емес, түркі сингормонизмін бұзады. Енді осы ды­быс­тар­ды, әріптерді алып тастасақ, тілімізде Байтұрсынов әліпбиіндегідей 28 әріп ой­нап шыға келеді, а-ә; о-ө; н-ң; к-қ; г-ғ; ү-ұ-у жу­ан-жіңішке сыңарларын (a` /ә/; о` /ө/; н`/ң/; к`/қ/; г`/ғ/; `у /ү/ және у` /ұ/) түрінде жа­за­тын болсақ, далаңдап латынға көшпей-ақ, камп (кампь­ю­тер) кілибәтіне (пер­не тақтайына) өзіміздің төл әрпімізді сый­ды­ра ала­мыз. Бұл үшін да­ныш­пан болудың керегі де жоқ. Тек жаңа ки­рил­ли­ца үшін жаңа бағдарламаға ақша бөле білу ке­рек. Сон­да орыс әліпбиінің қазіргі үстемдігінен құтыламыз, әрі көзге сүйелдей көрінетін қосымша артық таңбалаудан да ар­ты­лып, камп­та ба­су жеңілдейді. Оның үстіне ағылшын мен орыс бағдарламасының будандығынан өзімізге тән ұтысқа қол жеткіземіз.  Э бо­сап – тырнақша, х мен ъ бо­сап [ ] белгісі, ж ор­нын – я мен алмастырсақ — : мен ; белгілері,  ь – оры­на «б» қойсақ, ю жоқ болғандықтан – нүкте, б ауысқандықтан – үтір өз ор­нын­да қалады да, басуға да жеңіл, ағылшыншаға жақындаған нұсқа орнығып, (`) қою арқылы ла­тын­ша да қазақ тілінде жа­за беретін бо­ла­мыз. Бұл түбі көшетін ла­тын әрпін меңгеруді жеңілдетеді. Сер­би­яда үш әліпби қолданылады. Оны әркім өз демократиялық еркімен пай­да­ла­на­ды. Біз ба­ба түркі, бір таңбалық жаңарған байтұрсын әліпбиін, ла­тын және жаңарған кирилді жа­ры­са қолдануға бо­ла­тын 28 әріпке негізделген бірін-бірі оқитын бағдарлама жасасақ, бәрі өз ор­ны­на келеді. Ол үшін Елбасының төрт әліпбиге де ортақ әріп таңбасын бекітіп бергені ләзім. Оның үстіне төрт әліпиді оқытатын қазақ жа­зуы кур­сы тегін оқытылып, тегін та­ра­тыл­са, көп нәрсе ұтамыз!

Екінші бір түйтіл – ата-тегіміз.

Тәуелсіз Қазақ мемлекеті атанғанымызға да ат­тай жи­ыр­ма жылдың жүзі бол­ды. «Осы уақыт аралығында қазақ де­ген халықтың ру­хын көтерер, бар тіршілігіне нәр бер­ген, ұлттың бүкіл бол­мы­сы­мен біте қайнасқан асыл мұраларымыздың қаншасын тірілтіп, қаншалықты ұлықтай алдық?»- де­ген са­у­ал көкейімізде кес-кес­теп тұратыны анық.

Орыстардың отар­лау саясатының кесірінен атамыздың есіміне – ов, -ев, -ин, -на жұрнақтары жыл­жы­мас­тай бо­лып жалғанды. Осы ұлт бол­мы­сын айғақтайтын ерекшеліктің бірі – фа­ми­лия мәселесі әлі де бол­са бір жөнге са­лын­бай келеді. Осы мәселе жөнінде тәуелсіздіктің төл ба­ла­сы орыс тілді ауыл мен аудан жас­та­ры­на са­у­ал­дар қойған едік:

— Тәуелсіз ел­де тудың. Ен­де­ше фамилияңдағы орыс­тан ен­ген тіркес намысыңа ти­мей ме? Не­ге қазақтың ұлы мен қызы болғың келмейді. Алып тастауыңа не бөгет?

Бат­пан­дап кірген ауру­дан құтылудың қандай да­уа­сы бар екен?- деп Бо­ро­ду­ли­ха аудандық әділет басқармасына бас сұққан едік.

Бо­ро­ду­ли­ха ауданының АХАЖ бөлімінің төрағасы Са­ния : «Түк қиындығы жоқ. Ешқандай құжат жи­на­май­ды, тек арыз жаз­са болғаны. Халыққа қызмет көрсету орталығы бар болғаны бес күннің ішінде жа­сап, бітіріп береді»

Бо­ро­ду­ли­ха аудандық Әділет басқармасының іс жүргізушісі Рай­хан:

Кәмелеттік жасқа то­лып алғаш рет құжат алып отыр­са, жұрнағын алып тас­тау үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келіп өтініш жа­зу ке­рек. Қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне сай емес фа­ми­ли­я­лар бо­ла­ды. Мысалға: «Джам­бу­лов» де­ген сияқты. Біз оның туу ту­ра­лы куәлігіндегі –ов, -ев, -ин жұрнақтарын алып тас­тап, өзгертіп бе­ре ала­мыз. Егер кәмелеттік жас­тан асып кет­кен аза­мат бол­са, он­дай кез­де же­ке куәлігінің және еңбек кітапшасының, тіркеу қағазының көшірмесін өзі тіркелген ауданға жа­за­ды, со­дан кейін біз қорытынды шығарып, белгілі бір уақыт ішінде бекітеміз. ҚР-ның 1996 жы­лы 2 сәуірдегі жарлығы бар. Біз соған сәйкес жұмыс істеп жа­тыр­мыз. Және тағы бір қиын мәселе – тіркеуге тұру. Уақытша тіркеуде тұрған аза­мат же­ке куәлік ала ал­май­ды. Себебі тұрақты тіркеуде тұру ке­рек. Жал­пы менің өз ой­ым, ұлты қазақ бол­са же­ке куәлігінің барлығын қазақша тол­ты­руы ке­рек және ерікті түрде емес міндетті қылып, заңға өзгеріс енгізсе деймін,-деп жа­у­ап қатты.

Енді ағайын істің жөнін білдің, қазақ бо­лу­ды ары қарай жалғастыр. Бәрі өз қолыңда Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында ата-ба­ба аруағы ал­дын­да азаматтық бір іс жа­са.

Ол үшін қазақтарға «ов» пен «ованың» ор­ны­на үленген/үйленбегіне орай ( Та­сан б. Та­сан х.) Та­сан би­кеш, Та­сан  ха­ным, жас ерекшелігне орай: Та­сан т.   (Та­сан то­тай) Ер-азаматтарға м. «мыр­за» сөзін жас ерекшелігі, үйлеген/үйленбегіне қарамай қолдануымыз ке­рек.   Сон­да қазір Аза­мат Азат де­ген «ов­сыз» қолданулардың қайсы аты, қайсысы фа­ми­ли­я­сы екенін білмей қиналудан ары­ла­мыз.

Осы үш мәселені шешіп алсақ, біз өзіміздің алаштық си­па­ты­мыз­ды қайыра та­у­ып, тәңір текті, бөрілі байрақты ата-бабаларымызға бір та­бын жақындай түсер едік.

Ел  ағасы  Н На­зар­ба­ев  айтқандай,  Қазақстанның  болашағы  қазақ тілінде деп  айтқандай, орыс тілді аймақтардағы бар­ша тіл жа­на­шыр­ла­ры­на  тілдің  көсегесін  көгертуде  еңбектеріңізге Ұлығ Ұлу жы­лы толағай  та­быс  тілеймін. Ізденуден  жалықпаңыздар!

                                                               Ав­тор:  Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар,
Белағаш ауда­ны, Жұра ауы­лы, аудандық «Аудан ты­ны­сы» газетінің аға тілшісі, фи­ло­ло­гия магистрі       


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

2 Пікір на "Тәуелсіздіктің үш тұғыры"

avatar
Жексенай Медет
Қонақ

Менің атам Жексенай 1930 жылғы ашаршылық кезінде Ресейден келе жатып Новопокровка манында бір ауылды ашаршылықтан көмектескені жөнінде атам Жексенай ұлы Мәрден атам әңгіме айтып берген. Сол жерде жыра қазып егін егіп сақтап қалған. Сол туралы мәлімет тауып берсеніздер?!

Жексенай Медет
Қонақ

мәлімет болса менің элек.почтама жіберулеріңізді өтінемін! medet_04_06_90@mail.ru

wpDiscuz