Сағындырған Рамазан!

ramadanКөгілдір күмбезді көк аспан әлемінде жаңа ай туып жер бетіне шуағын шаша бастады. Бұл айдың тууын мүміндер аңсап, асыға күтуде еді. Дәл осы ай туғанда он төрт ғасыр бұрын Алла Елшісі адамдарды былайша сүйіншілеген:  «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл  ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл  ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады». Иа, бұл – әрине, барша мұсылманды сағындырып жеткен қасиетті Рамазан айы!

Күні бойы аузын астан, шөлден тыйған адам ауызашар сәтте жүрегі дүрсілдеп,  көңілі қуанышқа кенеледі. Дәл осы сияқты он бір ай бойы біздің рухымыз да шөлдеп, ашығып, рамазан айының келуін асыға күтеді. Рамазан айы жақындаған сәтте көңілі қобалжып, бейне-бір зарығып күткен қонағы есігін қағып тұрғандай күй кешеді. Иа, бұл иманның ләззатын сезген құлдың бойында болатын сезім. Пайғамбарымыз с.ғ.с. бұндай адамдар жөнінде : «Кімде-кім Рамазан айының келуіне қауанатын болса, Алла Тағала оның денесін тозақ отына харам қылды», — деген. Алланың сүйікті елшісі с.ғ.с. мен оның саңлақ сахабалары да рамазан айына аман есен жеткізуін сұрап Раббысына жалбарынатын еді.

Рамазан айының әрбір сәті төгілген інжу-маржан секілді. Оны жинаған да, жинамаған да өкінеді. Жинамағандар «неге жинамадым», — деп өкініштен өртенетін болса, жинағандар «неге көбірек жинамадым», — деп өкінеді. Себебі, тастың алтынға айналғаны секілді бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп беріледі. Алла Елшісі: Тіпті, Раббымыз «оразаның сыйлығын пенделеріне Өзім берем» деп ескерткен. Пайғамбарымыз с.ғ.с.-ның хадисінде: «Алла Тағаланың көздерің көрмеген, құлақтарың естімеген және ешкімнің ойына да келмеген нығмет толған дастарханына тек ораза ұстағандар отырады.», (Табарани)  — делінген.

Таң сәріден жақсылыққа ұмтылған, намаз бен Құраннан ләззат алып, мұқтаж жандарға қол ұшын беру, ораза ұстағандарға ауыз аштыру сияқты ізгі амалдардан інжу-маржан терген шынайы мүміндер  туралы Пайғамбарымыз с..ғ.с.: «Рамазан береке айы. Алла Тағала бұл айда күнәларды кешіреді, дұғаларды қабыл етеді. Бұл айдың құнын біліңдер! Тек жаһаннамға баратын адам бұл айда рахметтен мақұрым қалады» (Табарани), — деген.

Әсіресе, мың айдан қайырлы болған Қадір түні жасырынған соңғы он күндігінің түндерінде Раббымыздан дұға сұрап, таң атқанша құлшылық етудің маңызы зор. Пайғамбарымыз с.ғ.с.: «Егер кімде-кім иман келтіріп, сауабын Алла Тағаладан тілеп, Қадір түнін таң атқанша көз ілмей ғибадатпен өткізсе, онда мың ай Алла Тағалаға ғибадат жасағандай болады және жасаған күнәлары кешіріледі», — деген. Періштелер жер әлеміне түсіп, Алла Тағала құлдарының дұғаларын қабыл етеді.

Бізді жоқтан бар еткен, жүрегімізге иман нұрын құйып, хақ жолына салған Алла Тағалаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын. Осындай нығымтерге толған айдың әрбір сәтінен мол несібе алып, Мейірім мен Рақым Иесі барша дұға тілектерімізді, құлшылықтармызды қабыл еткей!!!

+12
0

Share This Post

guest
1 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
gulbanu.abueva
gulbanu.abueva
7 жыл бұрын жазылды

Ия Рамазан келип ,зу етип оте шыкты ,коп сауапты истер истеп,Аллахтан кеширим сурап,Аллахка лайыкты турде кулшылык етуин насип етсин. Амин