Химияның негізін салушылардың бірі Қазақ жерінде дүниеге келгенін білеміз бе?

Жарнама

Химияның негізін салушылардың бірі Қазақ жерінде дүниеге келгенін білеміз бе?Бүгінгі күндері химия ғылымының негізін салушылардың бірі қазақ жерінде дүниеге келгенін көпшілігіміз біле бермейміз.Мен оқып танысқан зерттеу еңбектері мен түрлі оқулықтарда былай жазылған:Ұзақ кезеңдер бойы химия ғылымы алхимия өнерінің шырмауында болды.Сондай ескірген көзқарастар мен қате пікірлерден химияны арашалап ғылым жолына бағыттаған ағылшын ғалымы Роберт Бойль болатын — деп жазды.Расында, алхимия өнерін дербес ғылым ретінде қарастырған әрі оның өз заңдылықтары болатынын дәлелдеген ағылшын ғалымынан 7 ғасыр бұрын Қазақ жерінде дүниеге келген, әлем халықтарына “Екінші Ұстаз” ретінде белгілі Әбу Насыр әл — Фараби болатын.

Химия туралы жалпы түсініктер өте ерте замандардан бастау алады.Сонау мәдениеті өрлеген Месопатамия,Қытай,Грек кейінірек шыңдалып үлкен жетістікке жеткен кезең саналатын Араб халифатының тұсында ерекше өнер ретінде жоғары бағаланды.Осы кезеңде бұл өнер ерекше даму жолына түсіп Ибн Хайан(721 – 815 ж.) , әл – Рази (866 – 925 ж.) , Ибн Сина (980 – 1037 ж.) секілді атақты ғалымдар жемісті еңбек етті.

Бұл еңбекті жазу мен үшін ұзақ ойлануды қажет етті. Себебі ерте замандардан бастау алатын таңғажайып ғылым Алхимия туралы мыңдаған зерттеушілер жазып келеді. Зерттелетін зат құнды болған сайын оған қызығушылар да көп болатыны белгілі. Алхимия бұл өлтірмейтін ғажайып затты немесе сиқырлы философиялық тасты іздеуден басталды. Сол қызығушылық міне бұл күнде керемет химия ғылымына негіз болып отыр. Менің мақсатым алхимяның тарихын айту емес, себебі алхимия туралы кітаптар баршылық. Мен орта ғасырда өзінің озық ойымен замандастарынан әлдеқайда озық кеткен әйгілі энциоклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Алхимия өнеріне қажеттілік туралы” деп аталатын керемет туындысын талдап оның қаншалықты маңызды екенін түісіндіру болмақ.Бұл еңбек толық талданып, химия ғылымы саласында өзіне лайықты орынын ала алмай келеді Еңбектің көпшілік қауымға белгісіз болып қалуы да сондықтан. Бұл зерттеуді жазу Ұлы Баба алдындағы қасиетті борышым деп білем.

Алхимияны сол кездің ғалымдары бір металды бір металға қосу арқылы алтын алу ісіне пайдаланды. Ол кездің ғалымдары қазіргідей жасаған тәжірибелерін жария етпей, керісінше өте құпия сақтады. Әр ғалым өз пайдасын ойлап күні түні өз зертханасында зерттеулер жүргізді Әсіресе бұл өнер араб халифатында қанатын кеңге жайды, әрі зор табыстарға да жетті.Тіпті Алхимия 4 құпия ғылымның қатарына кірді.Бүгінгі таңда ғылымның қан тамырына айналған химия сол кездердегі алхимияның жемісі. Осынау болашағы бұлыңғыр болған, сенің еңбегіңе ешқашан кепілдік бермейтін бұл өнер жолында барлығы бірдей табысқа жетіп, байлыққа белшесінен батпады. Тек саны саусақпен санарлық алхимиктер ғана қара

металды жылтыраған алтынға айналдыруға қолы жетті. Бірақ бір өкініштісі алтынға айналған қара метал аз ғана уақытқа алтынның қасиетін сақтады, содан соң қайта баяғы қалпына келетін. Бірақ мұндай жолды таңдаған алхимиктер қатты қателескен болатын. Бұл мақсат оларды шөл даладағы сағымдай адастырды.

Сол жылдардың бірінде Фараби Халифаттың астанасы Бағдат шаһарында тұрып жатқан болтын.Шаһар халқы Фарабиді ерекше қадірлеп, “Ғалымдардың ғалымы, Даналардың көшбасшысы” — деп дәріптейтін.Бір күндері шаһардың озық ойлы ғалымдары,бұл өнерден талай опық жеп, нала болған саудагерлері келіп Фарабиден бұл өнердің дұрыс не бұрыстығын анықтап беруін өтініп сұрап келеді.Ол өз замандастарын бұл өнер туралы барлық халықтар білетіндей,түсінетіндей кітап жазуға уәде беріп, шығарып салады.

Міне, осы кезден бастап бұл өнерді зерттеуге мықтап ден қоя бастайды.Күтпеген сұрақтың қойылуы әрине мәселенің маңызды болып бара жатқанын байқатты. Енді Фараби тек кітап ақтарып ойланумен айналыспай, керісінше алхимиктердің жасаған тәжірибелерін жасап, олардың көрген қиындықтарын өзі де басынан кешірді.

Ол олардан бөлек өз алдына жаңалық ашуға ұмтылды. Бірақ ол осы талпыныстарымен “Алхимияның алтын заңын” жазып жатқанын өзі де байқамаған болатын. Ол ертелі кеш темір металдың қасиеттерін зерттеумен айналысты.Себебі алхимиктер осы бір металдың ерекше қасиеттерге ие екендігін үнемі айтатын.Былайша ойланып қарасаң дүниенің тірегі оның мықтылығында.Ал мұндай қасиетті темірден көруге болатын.Тіпті оны айтпағанның өзінде қасиетті Құран Кәрімдегі елу жетінші сүре “Темір” деп аталуы да тегіннен тегін емес екендігін аңғартатындай.

Ол соңғы кездері “Ғалымдар үйіне” де баруды қойды.Тек бөлмесіндегі көк түтіннен басы ауырған сәттерде ғана бақ ішіне серуендеуге ғана шығатын.Ол не істемекші?Қандай пайда көрмек?Мұншама еңбек кім үшін және не үшін? Әлде ол байлықты ойлап ойы бұзылды ма?Себебі ол да пенде,ал пенде алтынның алдында дәрменсіздік танытуы әбден мүмкін ғой.Бірақ бәрі бұл ойлағандай болмады.Ғалымның күндіз-түні кітап ақтарып, күні бойы зертханасының көк түтініне тұншығып еңбектенуі жалғыз ғана мақсат үшін еді.Ол мақсат адасқан адамзатқа ақиқат ғылымның жолын көрсету болатын.Мұның барлығы қазіргі химияның дамуына жол ашқан ерен еңбек болатын.Ол бір айдан астам уақыт бойы қарт алхимик шалдардың әлемінде өмір сүрді.Оның күнделікті өмірі салдырап жатқан темір қазан,балқыған

темір мен мыс,күмістер мен түрлі қоспалардың қасында өтіп жатты.Сонда ғана ол нағыз алхимиктердің жан дүниесін терең сезінді.Осындай тебіреністер оны кітап жазуға итермелеген еді.Жай ғана кітап емес,Химия ғылымының заңын жазу…

Фараби еңбегін мынадай сөздермен бастады:

“Бұл кітапта мен бұл өнердің қажеттілігін атап өтіп,ол қандай жолмен дәлелденетінін және бұл өнерді зерттеушілердің жіберген қателіктерін көрсетуді мақсат етіп қойдым ”-дей келе бұл өнердегі адасушыларды екі топқа бөледі. “Біріншілері,өнерді жоққа шығарады және бұрмалайды”-бұл топтағылар қарапайым халық,саудагерлер мен кейбір кертартпа ғалымдар. “Екіншілері мойындайды, бірақ оның мүмкіндігін асыра пайдаланады”-бұл топтағыларға ғылымнан пайда табуды көздеген алхимиктер кіреді.Фараби өз зерттеулеріне басшылыққа аларлық бірде бір кітаптың болмауы адамдар түгілі алхимиктердің өздерін адастырды.

Ол “Бұл өнерді түсіндіру үшін олар кейде ақиқат,кейде өтірік айтатын поэтикалық сөздерді қолданады.Олардың сөзін түсінбейтіндер не ойлайды олардың бұл өнер туралы ойлары анық болмағандықтан бұл өнер туралы ешқандай білім алу мүмкін емес.Өз кітаптарында ғалымдар бұл өнердің іс-әрекеті туралы ештеңе айтпайды.Олар халыққа оқытып таратуды қаламады.Сондықтан бұл өнерді зерттеушілердің ойында абыржу,шатасу және бір көзқарастан екіншісінше ауысу бағытталады ”-деп өзіне дейінгі бұл ғылым туралы іліп аларлық бір де бір кітаптың жоқтығынан адамдар жалған сөздердің жетегінде кететіндігін түсіндіреді.Одан әрі былай деп жазады:- “Сонымен бірге бұл өнер түсініп кетуге қиын және толық дәлелдеуге де келмейтін түсініксіз өнер.Сондықтан ұқсас бөліктері бар денелерді,яғни минералдарды қарастыратын физика саласы әзірше бізге белгілі болғанша толық түсінік алуға да болмайтын физиканың бір саласы болып табылады.Ал оны тану тек логика өнерімен толық танысқанда ғана мүмкін болады”.

Расында бұл өнер туралы кітапты айтпағанның өзінде ғылымдағы басты құрал саналатын әр түрлі заттардың химиялық құрамы туралы қолжазбалар мүлде жоқ болды.Олар тек кездейсоқ бақытқа кенелуге сеніп,заттарды бір біріне байланыстырып ,сол арқылы тәжірибесінен байқағанын қағазға түсіріп отырды.Бірақ оларда тәжірибе алмасу деген атымен жоқ-ты.Білген ілімдерін бір бірінен жасырып құпия ұстады.Тек өз жақыны немесе баласына ғана айтып беретін. Мысалы Фараби “Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы”деп аталатын еңбегінде де мемлекет басына философияны жетік меңгерген адам отыруы керек деп есептейді.Осы

кітаптан тыс ғалым “Философтардың сұрақтарына жауаптар ” еңбегінде “Элемент дегеніміз не?”-деген сұраққа былайша жауап береді:

Жауап:Күрделі субстанциялардың бастаулары от,ауа,су,жер сияқты осындай элементтерден пайда болады.Күрделі субстанциялардың қарапайым құрамдас бөліктеріне жатады ”-деп сол дәуірдің өзінде элементтің нақты сипаттамасын берген еді.

Фараби бұл өнерді талдай келе соңына қарай практикалық яғни өзінің зертханасында жасаған тәжірибелерімен жазған теориясының дұрыстығын дәлелдейді.Ол: Атын,күміс басқа да отта жанбайтын бірақ балқитын металдардың бәрінің тегі бір.Сондықтан олардың айырмасы формасында емес олардың мәнді және кездейсоқ акциденцияларында(қасиеттері)-деп жазды.Яғни ғалымның айтуы бойынша отта жанбайтын бірақ балқитын металдардың тегі бір болғанымен қасиеттері арқылы бір бірінен ерекшеленеді.Өзінің шағын ғана зертханасында күні түні тынбай еңбектенгенінің нәтежиесінде осындай керемет тұжырым жасап шығарды.Бұл Фарабидің алхимияға қосқан ерекше жаңалығы деуге болады.Осы қағиданы Европаның атақты химик ғалымдары Роберт Бойл,Дальтон,Н.Бекетов,М.В.Ломоносов секілді ғалымдар Фарабиден жеті ғасырдан кейін ғана өз зертханаларында осы тәжірибені қайталап жасап, бабамыздың білімділігіне қайран қалған болатын.

Ғалымдардың бұл өнермен айналысуында жасайтын қателіктерін Фараби керемет тапқырлықпен дөп басып айтып берген еді.Ол қателік-ғалымдардың өзі де әлі толық білмейтін қасиеттері белгісіз заттармен жұмыс істеуі олардың еңбектерін еш кетіріп жататын.Өнердің тек пайда үшін қолданылуы оның дамуын үнемі аяқтан шала берді.Алхимиктер тек асыл метал үшін керек элементтерді ғана іздеп қалғандарын білу керек деп қажетсінбеді.Сондықтан тәжірибеде шыққан, жаңадан ашылған элементтерге назар аудармағандықтан қаншама элемент ашылмаған күйі қала берді. Сондықтан Фараби бұл өнерде жетістікке жетем деушілер бұл өнермен өте тығыз байланысты физика ғылымын жетік білуі керек деп тұжырымдайды.Бірақ сол кездегі физиканың табиғат мәлесінің қиын тұстарын тек диалекткамен зерттеуі оның мағынасын толық ашпаған болатын. Фараби еңбегіне тәнті болушы Самарқандық ғалым былай деген болатын: “Кітабыңыздың атын “Химия өнерінің қажеттігі туралы ”деп атадыңыз.Неге “Химия өнерінің алтын заңы” атамасқа”деп сұрады.Фараби көп бөгелместен : “Менің қазіргі мақсатым халықты ғалым ,алхимиктерді адасудан сақтап, ақиқат ғылымды түсіндіру.Бұл еңбегім көкжиектен енді

көтеріліп келе жатқан күнге ұқсайды.Күн қараңғылықты түріп тастап әлемді өзінің шапағына бөлейді.Сол күн төбемізде жарқырап тұрған кім адасады? Келер ұрпақ еңбегімді қалай атаса да құп алдым ”-деп жауап қайырған болатын.

Қорытынды

Қазіргі кезде қазақ ғылымының тарихында әсіресе отандық химия оқулықтарында Фараби бабамыздың адасушыларға дұрыс бағыт сілтеп, химия ғылымы тарихында төңкеріс жасаған орасан еңбегі әлі де болса өз орынын ала алмай жүргені, әрине өкінішті.Өкініштісі сол бүгінде мектеп оқушыларынан химия туралы сұрар болсақ бірден Д.И.Менделеев туралы сайрай жөнеледі.Осылайша Ұлы бабамыздың еңбегі үнемі тасада қалып келе жатыр.Тек химия пәні бойынша 8- сынып оқулығының ең соңғы беттерінің бірінде Әл — Фарабидің “Химия өнерінің қажеттілігі туралы”- деп аталатын еңбегінің бар екендігі туралы ғана айтылған.Бұл әрине бүгінгі ұрпақтарға артылар сын деп білемін.Осы орайда менің айтар ұсынысым мынау: Әл- Фарабидің осы бір тамаша еңбегін мектеп оқулықтарында,сонымен қатар ЖОО арналған химия кітаптарының алғашқы беттеріне жарияласа әрине артықтық етпес еді.Себебі кітап деп айтылғанмен бұл еңбектің көлемі шағын әрі ықшамдалып жазылған.Осындай игі жұмыстар жасап қана Ұлы бабамыздың алдындағы перзенттік парызымызды өтей аламыз.Себебі бүкіл әлем мойындап, жат елдердің өзінде Ұлы данышпан саналып аспанға көтерілген бабамыздың өз туған жерінде бір еңбегінің өзі еленбей қалуы біздей ұрпаққа, барша қазақ жұртына сын болар еді.

Рысбек Рамазанұлы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz