Жаралған соң АДАМ боп…

Ал­ла тағала бы­лай дейді: «Ей,Адам ба­ла­сы! Кім дүниелік нәрсе үшін қайғырса, ол Аллаһтан алыс­тай береді. Бұл дүниеде тек қиындықтар, ал келесі дүниеде – тек қажу мен шар­шау та­ба­ды. Құдіретті Ал­ла тағала оның жүрегіне ешқашан тау­сыл­май­тын уай­ым са­ла­ды,  бітпейтін мұң,  өмір бойы ажы­ра­май­тын мұқтаждық және әрқашан ма­за­ла­лап, ты­ным тапқызбайтын үміт са­лып қояды. Ей, адам ба­ла­сы! Күннен күнге өмірің қысқарып ба­ра­ды, ал сен оны байқамайсың. Әр күні Мен саған ризық беремін, ал сен Маған мадақ айтпайсың, азға қанағат етпейсің,  көпке тоймайсың.» Ха­дис қудси.

Ал­ла тағала көптеген нығметтер беріп, жер бетіне, бүткіл жа­ра­ты­лыс­та­ры­на пат­ша қылып бізді АДАМ етіп жа­рат­ты. Ра­сын­да, біздің адам бо­лып жа­ра­ты­лу­ы­мыз — ойланған жан үшін үлкен нығмет. Жерді төсеніш етіп төсеп, ас­пан­ды айқара ашып, күнге  нұрын төккізген, айға сәулесін шашқызған, суға шөлімізді қандыртып,  шөптен қорегімізді тапқызған, бүткіл жан-жа­ну­ар­лар­ды бағындырып, оларға иелік ету дәрежесін бер­ген, және ең үлкен нығмет – ақыл сыйлаған Ал­ла тағала адам­ды қандай ма­хаб­бат­пен жаратқан!? Бұл ту­ра­лы қасиетті құранда Ал­ла тағала: « Ол сен­дер­ге төсек  етіп жерді, күмбез етіп көкті жа­рат­ты. Жаңбыр жа­у­ды­рып, ас­пан­нан су түсірді. Сол су­мен сен­дер­ге ризық етіп, жемістер жетілдірді. Ен­де­ше, құлшылық ететін Аллаһқа теңдес ешнәрсе жоқ екеніне шәк келтірмеңдер» (Бақара 21-22 аят­тар) — дейді.  Сондықтан да­на Абай өз өлең жол­да­рын­да:

Ма­хаб­бат­пен жаратқан адам­зат­ты,

Сен де сүй ол Ал­ла­ны жан­нан тәтті, — де­ген .   Ал­ла тағаланы жүрегімен сүйіп, Оны шығармашылығының тірегі ет­кен Абай асқан ақыл иесі еді. Ал­ла тағала бы­лай дейді: «Ей, адам ба­ла­сы! Өзіңе, және Менің басқа жа­ра­ты­лыс­та­ры­ма қарашы. Егер өзіңнен артық бірдеңені тапсаң, он­да оған басыңды и, ал егер таппасаң, егер жаның қымбат бол­са, он­да өзіңді тәубе етушілерден және жақсы амал қылушылардан тап.» (Ха­дис қудси) Шындығында, айналамызға көз салсақ, адам­нан артық жа­ра­ты­лы­с­ты та­бу мүмкін емес. Ен­де­ше, бізге күнәларымызға кешірім сұрап, тәубе ет­кен­нен басқа амал қалмайтын секілді.  Ра­сын­да, біз мы­на дүниенің ал­дам­шы қызықтарын мәңгі тау­сыл­мас­тай көріп, соның ар­ты­нан еріп өміріміздің қалай өтіп кеткенін де байқамай қалады екенбіз. Қартайып, өлім жақындағанын сез­ген­де артыңа қарасаң еш ізді көрмейсің. Жүз жасаған Жам­был ба­ба­мыз да өлерінде бүткіл өмірін бір бөлмеге кіріп, енді со­дан шығайын деп, тұтқасын ұстап тұрғанға теңеген екен.

Әрбір атқан таң бізді өлімге қарай жақындата түседі. Сондықтан, адам өтіп ба­ра жатқан әрбір күн қайта орал­май­ты­нын және істеген амал­дар есеп­ке алы­на­ты­нын ұмытпауы ке­рек. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай дейді: « Адам екі нәрсенің қадірін білмейді: уақыт пен денсаулықтың.»  Біз қазір өз уақытымыздың қожайынымыз. Оны қайда жұмсасақ та өз еркімізде. Біреу ал­тын уақытын ар­зан, құнсыз нәрселерге ай­ыр­бас­тап жат­са, ал енді біреулер өзіне зи­ян әкелетін нәрселерді жи­на­у­да. Біреулер шайтанның басқаруымен тозақтың жо­лын­да жүрсе, енді біреулер Аллаға бет бұрып, жәннаттың жо­лын таңдауда. Көктемде салған дән күзге қарай жемісін беретіні сияқты, осы дүниеде жасалған әрбір істің, ақыретте өз жемісін беретіні ақиқат.

Жа­ра­ту­шы­мыз бізді көркем бей­не­де жа­ра­тып, көптеген нығметтер берді, және есеп күнімен ескертті. «Ей, адам ба­ла­сы! Өлім сенің сырларыңды аша­ды. Қиямет күні сенің істеріңе жа­у­ап алы­на­ды. Жа­за­лар сені әшкерелейді. Егер сен күнә жасасаң, оның аздығына қарама, Кімді тыңдамағаныңа қара…» — де­ген Ал­ла тағаланың ұлы сөздері кез-кел­ген са­на­лы жан үшін ұлы ес­керт­пе екені сөзсіз.

Айнұр САР­БА­ЛА

Share This Post

guest
3 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Kanat Oryntaiuly
Kanat Oryntaiuly
10 жыл бұрын жазылды

Маша Аллах! осындай адамның санасын оятатын мақала екен! Аллах разы болсын!

orken
orken
9 жыл бұрын жазылды

ote zhaksy zhazgan.

акерке
акерке
9 жыл бұрын жазылды

jaksi jazilgan eken! Alla razi bolsin!!!