М.Әуезов шығармаларындағы имандылық

Жарнама

Қазақ елі өз егемендігін жариялағалы халқымыздың ру­ха­ни қазынасының та­ри­хи та­мыр­ла­ры­на, олардың нәр аларлық жалпыадамдық, діни және ұлттық құндылықтарына де­ген қызығушылық, ын­та мен та­лап бұрын болмаған дәрежеге көтеріліп келеді. Өркениетті елдердің қатарына қосылуды, әлеуметтік өмірді гу­ма­ни­за­ци­я­ла­у­ды ни­ет тұтқан мемлекеттің мақсаты тұлғаның қадір-қасиетін көтеріп, қазақ халқының ру­ха­ни мәдениетін түлетіп, одан әрі да­мы­ту­ды, же­ке адамның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттердің қалыптасуын көздейді. Ұрпақ тәрбиесі, ұлт тағылымы үшін аян­бай еңбек ет­кен кемеңгер жа­зу­шы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы адамгершілік, имандылық қағидаларға то­лы. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш ел­ба­сы Н.Ә.На­зар­ба­ев бұл ту­ра­лы ой­ын бы­лай ба­ян­дай­ды:
«Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш ата заңында ба­ян­ды етілген адам құқығы, әлеуметтік әділеттілік тегіне, нәсіліне, діни на­ны­мы­на қарамай адамдардың теңдігі ар-ож­дан бостандығы тұрғысындағы принциптерімізге Мұхаң мұратының үндесіп жатқандығы анық. Гу­ма­нист ретінде ол адамның адамға жа­сай­тын қысастығын, зорлығын жан-тәнімен жек көрді, ол нағыз ой­шыл ретінде ізгіліктің ғайыбы түсінік емес, әлеуметтік ұғым екендігін терең бағамдады. Сай­ып кел­ген­де миллиондардың ру­ха­ни дүниесіне ден­деп ен­ген оның эпикалық, эстетикалық және адамгершілік мұраттары – көпшіліктің қазынасы, ұлттың баға жет­пес мұрасы Мұхаңның бір ұлағаты осын­да.» [1: 3] Имандылық пен ізгілікті серік етіп, адамның адамшылдық қасиеттерін шығармаларына негіз ет­кен жа­зу­шы өз ой­ла­рын, дүниетанымын зер­т­теу мақалаларында өрбітіп оты­ра­ды. Солардың бірі "Адамдық – негізі әйел” ат­ты мақаласы. Бұл мақала ту­ра­лы белгілі ғалым Б.Май­та­нов бы­лай дейді:
«"Сарыарқа” газетінің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі са­нын­да жарияланған "Адамдық – негізі әйел” мақаласында се­ми­на­рист М.Әуезов неғұрлым күрделі философиялық ой сілеміне түседі. Сол уақыттағы рес­ми баспасөз тілінде араб тілінен ен­ген са­ла­хи­ят (қабілет, ша­ма), ин­са­ни­ят (адамшылық), мар­ха­мет (құрмет), тарақият (өркениет) сөздерін іргелі ғылыми-этикалық ұғымдарды саралауға қолдану бар. Абай әсерін қатты сезініп, орыс, әлем жа­зу­шы­ла­ры­мен оқымыстыларының, мұсыманшылықтың ізгілік иде­я­ла­ры­мен танысқан жас ғалым жал­пы адамзатқа тән терең кісілік мәселелерін таңғаларлықтай бейнелі ора­лым­дар арқылы талқыға салғанда өзі си­пат­тап беретін өмір суреттеріне көзқарасы, оны қабылдау, қорыту тұрғысынан ұлттық психологияның айшықты мезеттерін айқын та­ны­та­ды.» [2: 22] М.Әуезов бұл мақаласында негізінен адам өмірінің өткінші жалған екенін, дүниеге берілу ешқандай пай­да әкелмейтінін және дүниедегі адамшылдықтың негізі ана­дан бас­та­ла­ты­ны ту­ра­лы ой толғайды. Бұл ой­ла­ры Абайдың қарасөздерімен сабақтасып жа­та­ды. Мақаланы тақырыптан әріден бас­тап, өмір ту­ра­лы философиялық ой толғайды:
"Адам ба­ла­сы қызықты ғұмыр кешірмек боп қуанып , үмітпен өсіп, жыл­дан жылға қызуы ба­сы­лып, су­ы­нып, ақыры кейін өледі. [3: 7] Неліктен?”, бұл жер­де жа­зу­шы өз ой­ла­рын ерек­ше ора­лым­мен беріп отыр. Оның "адам ба­ла­сы қызықты өмір кешіреді” де­мей, "адам ба­ла­сы қызықты өмір кешірмек бо­лып қуанып, үмітпен өсіп” – деуінің ас­та­рын­да ұғынған адам үшін үлкен мән жа­тыр. Себебі адам­ды алдыға қарай жетелейтін болашаққа де­ген үміті мен қызығушылығы, ол – өссем, жетілсем, бай­ы­сам, ұрпақ өсірсем де­ген бірінен соң бірі бітпейтін тілек, ар­ман­дар. Сол армандардың жетегінде жүріп, өмір жалғандағы қызығы кет­кен қарттықтың жеткенін, дәм-тұзының таусылғанын байқамай қалады. Ол ту­ра­лы жа­зу­шы бы­лай дейді: "жыл­дан жылға қызуы ба­сы­лып, ақыры кейін өледі.” Адам қанша қызық өмір сүрсе де оның ақыры, соңы өлімге әкелетіні хақ нәрсе. Ал бұлардың себебі неліктен екенін ав­тор кейінгі ой­ла­рын­да са­ра­лап ба­ян­дай­ды. Ол "неліктен адам ба­ла­сы қызықты ғұмыр кешірмек бо­лып қуанып жүріп өмірінің аяғында қызуы ба­сы­ла­ды? Бұл барлық адамға тән нәрсе ма?” де­ген сұрақтарға жа­у­ап іздейді.
«Адам­да екі түрлі қылықтың жо­лы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы. Бар­ша дүниедегі пай­да-мақтан әуелі ба­сы­ма бол­са, не­ме­се туысқаныма, ең бол­ма­са ата­ла­сы­ма бол­са деп, неғұрлым өзіне қарай тар­тып та­лап қылу, бұл бір ғана тіршілік қамын көздеген хай­у­а­ни са­ла­хи­ят деп ата­ла­ды. Екінші, ме­нен жақсылық та­рап, адам ба­ла­сы­на әлім кел­ген­ше пай­дам­ды тигізсем екен де­ген жол. Бұл – ин­са­ни­ят, яғни адамдық жо­лы”
[3: 7] М.Әуезов адамдардың өмір жо­лын екі түрге бөледі бірі – хай­у­а­ни са­ла­хи­ят (қабілет, ша­ма), яғни, хай­у­ан тек­тес өмір, екіншісі – ин­са­ни­ят, яғни, адамдық жо­лы. Тіршілік қамын ғана ой­лап, со­ны­мен ғана өмір сүру, ақыл парасатқа жүгінбей, тек ішсем, же­сем, ұрпақ қалдырсам деп өмір сүру, біреуден артық бол­сам деу хайуанға да тән нәрсе. Ал­ла тағала адам ба­ла­сын олар­дан әлдеқайда артық жа­рат­ты, ақыл мен са­на берді. Бұл ту­ра­лы да­на Абай бы­лай дейді:
"Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хай­у­ан мал­дан неміз артық? Қайта ба­ла күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек де­ген адамның ба­ла­сы екенбіз. Енді осы күнде хай­у­ан­нан да жа­ман­быз. Хай­у­ан білмейді, білемін деп та­лас­пай­ды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бер­мей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре та­мы­ры­мыз­ды ады­рай­тып кетеміз.” [4: 22] Ал адамдық жо­лы деп жақсылық пен ізгілік жо­лын ай­та­ды және бұл ой­ла­рын Толс­той хәкім, Абай және пайғамбарымыз Мұхаммед ғалаис саламның сөздерімен дәлелдейді.
"Бұлар бұрынғы Толс­той сықылды хакимдердің ай­ту­ын­да, екінші марқұм әкеміз Абайдың: «Әкесінің ба­ла­сы – адамның дұшпаны, адамның ба­ла­сы – бауырың» де­ген мақалы да, һәм пайғамбар ғалайс саламның: «Адамның жақсысы адамға пай­да­сын тигізген» де­ген хадисі де көрсетеді.” [3: 7] Ой­шыл өзінің өмір ту­ра­лы толғаныстарына дәлелді жүрегіне жақын адам­дар­дан іздейді. Себебі бұл адам­дар оның дүниетанымымен, сенімімен, дінімен жақын, бір ар­на­да тоғысатын ұлы адам­дар еді.
Абай ауылының тәлім-тәрбиесін сіңірген М.Әуезовке "Толс­той кәпір емес кәпір өзің” деп жырлаған Шәкәрімнің Л.Н.Толс­той­мен хат жазысқаны жас­тай­ы­нан белгілі. Орыстың бүкілресейлік діни орталығы Л.Н.Толстойдың діни та­ным, көзқарастары және исламға бүйрегі бұрғаны үшін оны шіркеуден алас­та­ды. Діннен без­ген адам ретінде үкім шығарды. 1949 жылдың ма­мыр айының соңында М.Әуезов Толстойдың усадьба­сы Яс­ная полянаға ар­найы ат ба­сын бұрады: мақсаты адам­зат ақыл-ойындағы алып тұлғаның бүкіл әлемге белгілі ме­кен-жай­ын көзбен көріп, осы жер­мен тығыз бай­ла­ны­с­ты ты­ныс тіршілігін жа­ны­мен сезініп қайту еді. Толс­той өзінің та­ны­мы мен діни сенімі ту­ра­лы бы­лай дейді: "Менің та­ны­мым Мұхаммедтік… Ол өзінің тұлғасы жағынан православиялық шіркеумен салыстырғанда едәуір жоғары тұрады.” [5] дей келіп, ол өзінің Е.Векиловаға жазған ха­тын­да әрбір са­на­лы адамның келіп тірелер жері ис­лам діні екендігін ба­ян­дай­ды. Ой­шыл ғалым жа­зу­шы­дан өзінің діндес ба­у­ы­рын та­нып, оның дұниетанымын жүрегіне жы­лы тар­та­ды.
Да­на Абайдың сөздерін келтіре оты­рып, тек әкенің ұлы болған өзімшіл ұрпақ бол­май, адамның ұлы бо­лып адамшылдық қасиеттерді бойға сіңіруге шақырады. Ой­ы­мен де, өлеңдерімен, ру­хы­мен де Абай­мен ту­ы­сып кет­кен жа­зу­шы оны баршаның әкесіндей көреді. Со­ны­мен қатар, діндар мұсылман ретінде сөзін пайғамбар хадисімен рас­тай­ды. Шындығында, ис­лам діні жақсылық жа­сау, жамандықтан алыс болуға шақыратын дін екенін пайғамбарымыздың мы­на сөздері арқылы дәлелдеп көрсетеді: "Адамның жақсысы адамға пай­да­сын тигізген.”
М.Әуезов адам баласының келешектегі адамшылығына ірге бо­ла­тын істі сол адамның шыққан ор­та­сы­мен бай­ла­ны­с­ты­ра­ды. Ол ой­ын бы­лай­ша суреттейді: "Әуелі адам баласының келешектегі адамшылығына ірге бо­ла­тын істі сол адамның шыққан ор­та­сы бір су­рет жа­сап беріп, соған өзі ки­ген то­нын кигізеді. Со­нан кейінгі ол адамның өмір жо­лын­да көретін жақсы, жа­ман үлгісінің бәрі жа­мау, ия бо­яу бо­ла­ды. Жә, сол адамшылығымызға үлгі са­ла­тын ортаның көп түрлі-түрлі істерінің ішіндегі бізге ең әсерлісі қайсы?” /3:8/, — де­ген сұраққа жа­у­ап іздеп, "адамшылығымызға ірге бо­ла­тын құлықты әкеміз қандай ғалым бол­сын, қой са­у­ып, те­зек теріп жүрген ана­мыз­дан ала­мыз. Бұлай болғанда өмірінде әділет, мәрхемет, ма­хаб­бат де­ген нәрсенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен от ба­сы­нан, ғайбат өсектен аспаған ана­дан ақ жүрек адал ниетті қамқор ту­уы мүмкін бе?”, — деп ой түйеді. Шындығында, адалдық пен ар-ұят ананың сүтімен, үлгі-өнегесімен ба­ла бой­ы­на та­рай­ды. Ананың сіңірген тәрбиесінен ке­ле­шек тұлға – адам қалыптасады. Өзі ки­ген то­нын ба­ла­сы­на кигізіп, оның бол­мы­сы­на әсер етеді. Тек от­ба­сы­нан, ғайбат-өсектен аспаған ана болашаққа қандай ұрпақ дай­ын­дай­ты­ны ай­дан анық. Сондықтан да қаламгер өз ой­ын бы­лай аяқтайды: "Ме­шел бо­лып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің хәлін түзе!”
Еліміз елдігін алып, өз ал­ды­на шаңырақ көтерді. Қазақтың көк байрағы көгінде желбіреп, ел ты­ны­сы кеңейген тұста ал­ды­нан әртүрлі мәселелер шықты. Қайтсек ұлтымыздың, еліміздің беделін көтереміз, тіліміздің абы­рой­ын сақтаймыз, халықтың бой­ы­на имандылықты сіңіреміз де­ген ой зи­я­лы­лар­ды жиі ма­за­ла­у­да. Бұл мәселелердің себебін әр жақтан іздеп шарқ ұрған ағаларымыз Мұхтар Әуезовтей да­на ағаның жоғарыдағы сөздеріне мән бер­се, сол мәселелердің шешімі де себебі де табылғалы тұр.
Ең ал­ды­мен, қыздарымызды қырық үйден тый­ып, бой­ы­на имандылық, адамгершілікті сіңіріп, олардың болашақтағы ең ұлы міндеті – ана бо­лу екенін сезіндіруіміз ке­рек. Ананың мой­нын­да қандай маңызды жүк тұрғанын жас­тай­ы­нан түсінген, иман­ды да иба­лы қыз өз арын сақтап, тәнін жалаңаштауды сән көрмей, арақ пен темекіге үйір бол­мас еді. Сон­дай білімді де иман­ды ана­лар болашаққа адамгершілігі жоғары, ақыл-па­ра­са­ты мол, иман­ды ұрпақтарды әкеліп, тәрбиелеп өсірері хақ. Сондықтан, ме­шел бо­лып қалмас үшін ең ал­ды­мен бесігімізді түзейік.

——————-
1. Май­та­нов Б. М.Әуезов шығармашылығының этнопсихологиялық негіздері (1920-30) жыл­дар // М.Әуезов шығармашылығындағы этномәдени дәстүрлер Ал­ма­ты 2004
2. Әуезов М. Жи­ыр­ма томдық шығармалар жинағы 15 том. Ал­ма­ты 1984
3. Абай Қара сөз. По­эма­лар. Ал­ма­ты 1993
4. Толс­той Л.Н. Пись­мо Ве­ки­ло­вой Е.Е. Яс­ная По­ля­на 1909, март.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz