Аманат – ауыр жүк

Жарнама

« Негізінен Ал­ла Тағала сен­дер­ге ама­нат­тар­ды өз лайықты орындарға тапсыруларыңды және адамдардың ара­сы­на билік қылсаңдар әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді.»   (Құран 4- сүре, 58- аят)

Қазақ ежел­ден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын же­ме», «ешкімнің ала жібін ат­та­ма», «аманатқа қиянат жа­са­ма» деп құйып отырған. Ар-ож­дан­ды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бой­ы­на сіңірген ізгілердің ізін жалғастыру үшін имандылықтан, ба­ба тәлімінен үлгі алудың маңызы зор. Әсіресе, әр адам өзіне жүктелген  істі  «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жа­са­ма­са», жемқорлықтың жібі үзіліп, әкімдеріміз әділдікті ұстанары,  қарапайым халық зиянға ұшырамасы анық.

Көптеген адам­дар «ама­нат» сөзін тар мағынада түсінеді, яғни олар «ама­нат­ты» адам­дар сақтауға бер­ген зат­тар­ды қорғау, сақтау деп қана түсінеді, ал шындығында Ис­лам дінінде оның мағынасы кең және ауқымды. Яғни, ама­нат ол – па­рыз, осы па­рыз­ды атқаруда және оған дұрыс көңіл бөлуде са­ха­ба­лар Аллаһ тағаладан жәрдем тілеп, бір-біріне сапарға шығар ал­дын­да мы­нан­дай на­си­хат жа­сап тұрған: «Мен Аллаһ тағаладан сенің аманатыңның және істеріңнің игілікті аяқталуын тілеймін». (Тер­ми­зи)

Шариғаттағы аманаттың мағынасы – барлық сеніп тапсырылған істерінде жауапкершілікті сезінуі және Аллаһ тағаланың ал­дын­да осы жөнінде есеп беретінін ұмытпауы. Осы жөнінде қасиетті ха­дис сөздерінде бы­лай деп айтылған: «Барлықтарың қойшысыңдар және барлықтарың қол астарыңдағыларға жа­у­ап бересіңдер, имам қол астындағыларға жа­у­ап­ты, ер кісі қол астындағыларға жа­у­ап­ты, әйелі күйеуінің үйіне жа­у­ап­ты, қызметші қожайынның ма­лы­на жа­у­ап­ты.» (Бу­ха­ри)

Адам үлкен жетістіктерге жетуі және игіліктің биік са­ты­сын­да бо­луы арқылы, өзін тек бұл дүние қиыншылықтарынан ғана емес, сон­дай-ақ қиямет күні жамандаққа ұшырап кетуінен сақтануы тиіс. Осы се­беп­тен Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) осы екі істен сақтанып Аллаһ тағаладан жәрдем тілеген: «Ей Аллаһ! Аштық сәттегі қиыншылықтан қорға, өйткені ол на­шар жол­дас және біреуге қиянат жа­са­у­дан сақта, өйткені ол нен­дей жа­ман дос». Аштық – бұл дүние таршылығы, ал (аманатқа) қиянат – діннің жой­ы­луы. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын)  пайғамбарлыққа дейін адам­дар ара­сын­да «амин» (сенімді) де­ген ат­пен та­ны­мал еді. Сон­дай-ақ дәл осын­дай си­пат Аллаһ тағала та­ра­пы­нан кел­ген барлық пайғамбарлардың бой­ын­да болған. Себебі Аллаһ тағала адамдардың ара­сы­нан ең жақсыларын, да­ныш­пан­да­рын елші қылып жіберіп тұрған. Де­мек, өзіне мінез-құлықтың ең жақсысын сіңдірейін де­ген пен­де, өмірдің ащы­сы мен тұщысына шы­дап, әрдайым сенімді  (амин) бо­луы тиіс. Аллаһ тағаламен, Оның пенделерінің құқықтарын сақтауда осын­дай мінез-құлық ке­рек. Ол мінез ба­сы­на қандай күн түссе де бір қалыпта сақталса – аманатшылдықтың белгісі бо­ла­ды.

Аманаттың тағы бір мы­на­дай түсінігі бар: әр нәрсе өзіне тиісті лайықты ор­нын­да болуға тиіс. Лауазымдық мәртебе (қызмет) тек соған  лайықты адамдарға ғана берілуі ке­рек. Ама­нат­ты өз мой­ны­на толығымен алып, бүкіл жауапкершілікті сезінетін, міндеттерін толығымен атқаратын адам­дар ғана мұндай іске лайықты бо­лып та­бы­ла­ды.

Абу Зарр (р.а) Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын): «Ей» Аллаһ тағала елшісі, мені бір жер­ге тағайындағың кел­мей ме?- деп сұраған еді. Сон­да Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) менің иығымнан қағып: «Ей Абу Зар­ра бұл – ама­нат. Сен бұл іске әлсіздеу келесің, егер адам істі жауапкершілігіне алып, сенімді ақтай ал­ма­са,   қиямет күні өкінішке және масқара болуға алып келеді» деп айт­ты.

Бұл ту­ра­лы Жүсіп Баласағұн ба­ба­мыз:

Құты барға қызмет бер, жа­на­с­тыр,

Бәзбіреуді қу, қақпаңнан әрі асыр, – де­ген екен.

Бұндай істі атқаруда біліммен, тәжіребие жеткілікті бол­май­ды, сон­дай-ақ көркем-мінез бен терең иман да, егер өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді орын­дай ал­ма­са, жеткіліксіз бо­лып та­бы­ла­ды.

Біз лауазымдық қызметті тек сенімді ақтайтын адамдарға ғана беруіміз ке­рек. Егер біз туысқандық, па­ра не­ме­се басқа негізде басшылық қызметке лайықты емес адам­дар­ды тағайындап, лайықтыны еле­мей қойсақ, он­да біз біреудің ақысына қиянат жасаған бо­ла­мыз. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай де­ген: « Араларыңда Аллаһ тағала лайық қылған адам бар бо­ла тұрып, туысқандық себебінен лайықты емес адам­ды қызметке тағайындасаңдар, он­да сен­дер Аллаһ тағалаға, Оның елшісіне және барлық мұсылмандарға қиянат жасаған боласыңдар». (Ғазали,Мұс.ахлағы) Бір істі сеніп тапсырғаннан кейін, ол істі өзінің же­ке мақсаттарына, туысқандарының пай­да­сы­на қолдану қылмыс жасағанмен тең бо­лып есептеледі.

Бәріміз білетіндей кез-кел­ген ұйым өзінің қызметкеріне жалақы тағайындайды, ал кейбірлері осы жалақыдан  тыс тағы та­быс та­ба­ды, әлбетте бұл өте ұятты және жағымсыз іс. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын): «Егер біз біреуді бір іске тағайындасақ, біздің міндет  оның бүкіл қажеттіліктерін  қанағаттандыру, ал егер ол одан артық ал­са, заңсыз алған бо­лып есептеледі» – деп айтқан.

Ал егер кімде-кім өз міндеттерін атқаруда Аллаһ тағала ескертулерін басшылыққа ала­тын бол­са, ол Аллаһ тағала жо­лын­да соғысқан адам­мен тең бо­ла­ды.  Бұл ту­ра­лы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай де­ген: «Қызметке тағайындалған адам өзіне тиісілі ақысын алып және басқалардың ақысын беріп отыр­са, үйіне қайтып оралғанша Аллаһ тағала жо­лын­да соғысушымен тең дәрежеде бо­ла­ды.» (Та­ба­ри)

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бол­сын) бір кісіні садақа жи­на­у­шы қылып тағайындайды, бір күні ол кісі келіп Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бол­сын): «Мы­нау сіздікі, ал мы­на­ны маған сыйға берді», – дейді,  Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бол­сын)  ор­ны­нан тұрып, Аллаһ тағалаға мақтау ай­тып бы­лай деді: «Аллаһ тағала маған тапсырған іске мен сендердің араларыңнан бір адам­ды қызметке тағайындадым. Ол маған кел­ген­нен кейін «мы­нау сіздерге, мы­нау маған» деп айт­ты, егер ол рас айт­са, не­ге ол өз әке-шешесінің үйінде отыр­ма­ды? Одан кейін көрейік, ол нәрселер оған қайдан келетінін. Мен Аллаһ тағаламен ант етемін, сен­дер­ден біреулерің өзіне тиесіліден артық ал­са, ертең оны Аллаһ тағала ал­ды­на көтеріп шығады. Мен сол күні Аллаһ тағаламен кез­де­сер­де сен­дер­ден біреулерің түйені ба­сы­на ар­тып шығуы не­ме­се ешкіні бақыртып алып келулеріңді қаламаймын, – деді,  со­дан соң ол екі қолын жоғары көтеріп, қолтығы көрінгенше, – Ей Аллаһым, сөзіңді жеткіздім»- деп дұға қылды.» (Ғазали,мұс.ахлағы)

«Ал­тын әзәзіл – аз­ды­рар, адал еңбек – бойыңды жаз­ды­рар» деп да­на ха­лқы­мыз айтпақшы ал­тын әзәзілдің ар­ба­у­ы­на ілігіп, мойнымызға жүктелген ардың ісін лай­лап ал­май, адал атқарайық. Біреу – әкім, біреу – би, біреу —  қызметкер, біреу – дәрігер, енді біреу – қарапайым жұмысшы – әрбіріміз Ал­ла тағаланың жүктеп тапсырған ама­на­тын арқалап жүрміз. Елді әділдікпен, адалдықпен би­леп, әр істің шешімінде әділ бо­лу, па­ра­сат­ты тәлім беріп, өзіне жүктелген әрбір істің жауапкершілігін сезіну – Ал­ла алдындағы ама­нат­ты адал атқарғанмен тең бо­ла­ды. Сондықтан, әрбір адам тек адамдардың ама­на­ты­на қиянат жа­са­у­дан ғана емес, Алланың ама­на­ты­на қиянат жа­са­у­дан қорқуы тиіс. Сон­да ғана еліміздің шаңырағы биік, керегесі кең, берік бо­ла­ры хақ. Құлқынның қамын ой­лай­тын хай­у­ан бол­май, халқының қамын ой­лай­тын адам болайық.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz