Іздегенін исламнан тапқан ағылшын әйелі

Жарнама

Кейкей­де атамекеніңнен бірер жыл жырақ кеткеннің де пай­да­сы бар ма деп қалдым. Бөтен жұрттың білімі мен ғылымын, дағдыдәстүрін, мәдениетін, дінін өз көзіңмен көресің, оған бай­ып­тай қарайсың, озығы қайсы, тозығы қайсысалыстырасың, салмақтайсың, белгілі бір ой түйесің. Мәселен, өзім білім алып жүрген Нью­касл университетіне қарасты кішігірім мешітке жұма намазға барғанымда, мы­на­дай таң қалдырарлық жағдайға тап бол­дым. Ішке ат­тай бергенімде, кіре беріс оң жақ бұрышта ор­та жас­тан асқан, ба­сы­на көгілдір ора­мал тартқан әйел орындық үстінде на­маз оқып отыр. Екі қолы тізесінің үстінде, жүзін төмен салған. Көзіндегі көне қоңыр көзілдірігі ақшыл жүзін көлегейлеп тұрғанымен, нәсілі еуропалық екенін бірден аңғардым.

На­маз­ды оты­рып та оқуға бо­ла­ды

Алланың киелі үйінде ой­да-жоқта ұшыратқан кісім ис­лам дінін осы­дан жеті ай бұрын қабылдаған ағылшын әйелі Энн Шир­ли Ай­ша Тэй­лор еді. Ай­ша – Эннің тілін кәлимаға келтірген кезіндегі имамның пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүйікті жа­ры Ай­ша ана­мыз­дай бол­сын деп бер­ген мұсылманша аты. Кейін белгілі болғанындай, «раб­бым – Ал­ла, дінім – ис­лам» деп білген Ай­ша омыртқасы зақымданып, бірнеше опе­ра­ци­я­ны ба­сы­нан өткергендіктен, өзге мұсылмандар сияқты на­маз­да сәжде қылып, оты­рып-тұра ал­май­ды екен. «Намаздың мұсылманға па­рыз екенін білгенімде, өзімнің сәждеге маңдайымды тигізе ал­май­ты­ным­ды ой­лап, қатты уай­ым­да­дым» дейді ол. Адамға ис­лам­ды осын­дай жағдайда ба­рын­ша жеңілдету ке­рек екенін білетін мешіттегі мұсылман ба­у­ыр­лар Айшаға орындықта оты­рып та на­маз оқуға бо­ла­ты­нын түсіндіріпті. Маңдайына жазылған кембағалдық ағылшын әйеліне ис­лам жо­лын ұстануға бөгет бо­ла ал­мап­ты.

Ай­ша Тэй­лор 1944 жылдың 2 ма­мы­рын­да Англияның Шот­лан­ди­я­мен ше­ка­ра­лас жатқан Nor­thum­bria аймағындағы Уи­кэм қалашығында дүниеге келеді. Әкесі Джон – ин­же­нер, ал ана­сы Ели­за­бет бас­та­у­ыш сы­нып­та ма­те­ма­ти­ка пәнінің мұғалімі болған екен. Дәстүрлі ағылшын от­ба­сын­да өскен Ай­ша о бас­тан нағыз хрис­ти­ан үлгісінде тәрбиеленеді. Ата-ана­сы хрис­ти­ан дінінің нақты бір бағытын ұстанбаса да, жексенбі күндері шіркеуге ба­ру­ды дәстүрге айналдырған. «Мен нағыз хрис­ти­ан ретінде шіркеуге жиі ба­ра­тын­мын. Алай­да анам Биб­ли­яда көптеген қарама-қайшылық тапқан соң ол жер­ге ба­ру­ды доғарды. Мен де оның шешіміне қосылдым» дейді Ай­ша.

Әңгіме ба­ры­сын­да оның өз ана­сын әрдайым ардақ тұтатынын байқадым. Ке­ре­мет діндар бол­ма­са да, ана­сы Ай­ша­ны Киелі кітап қағидаттарына сай тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан бо­лар, Ай­ша ешқашан темекі тар­тып, ішімдік ішіп көрген емес. Жергілікті тұрғындар сияқты пабқа не клубқа ба­рып, құмар ойынға қызықпаған. Мұның бәрі Айшаның адамдық тұлғасының берік-бе­кем қалыптасуына ықпал етеді.

Шындығын ай­ту ке­рек, пәни дүние кейіпкерімізді жарылқай да, есіркей де ал­ма­ды. Тұрмысқа кеш­теу шыққан ана­сы Ай­ша­ны 37 жа­сын­да дүниеге әкеледі де, ауыр толғақтан кейін сал бо­лып төсек тар­тып қалады. «Та­лай жыл бойы анам аяғынан тұрып, жүріп кететін шығар деп үміттендім. Отбасындағы жалғыз ба­ла болғандықтан, анам­ды 1987 жы­лы қайтыс болғанша бағып өттім» деп жы­лап ес­ке ала­ды ол. Тағдыр тауқыметіне көндіге алмаған әкесі бірнеше жыл­дан кейін Елизабетті тас­тап кетеді. Со­дан бас­тап бар ауыртпалық жас баланың мой­ны­на ар­ты­ла­ды. Ай­ша жас­тай­ы­нан көп қиыншылық көріп, ер­те есейіп, жалғыздықты өзіне серік қылады.

Жас Айшаның бүкіл балалық дәурені мен жастық шағы сырқат ана­сын бағумен, қалың ой қамауын сер­пу­мен өтеді. «Біз осы әлемге не үшін келдік? Құдай бар бол­са, бізді не үшін жа­рат­ты? Өлімнен кейін адам­зат­ты не күтіп тұр? Неліктен бір адам­дар бақытты, ал басқасы бақытсыз? Не­ге бірі бай да, екіншісі ке­дей?» де­ген сұрақтар жас қызды жыл­дар бойы ма­за­лап жүрді. Ай­ша дүниенің құпиясы күндердің күнінде ашы­ла­ты­нын білсе де, ба­ла жүрек сол құпия сандықтың кілтін та­ба ал­май ұзақ қиналады. «Адам дүниеге келеді, ішіп-жейді, өсіп-өнеді. Со­дан кейін жұмыс істейді, үйленеді. Мұның бәрі не үшін? Адамдардың жа­ра­ты­лы­сы жай ғана кездейсоқтық емес қой» деп үзік-үзік ойлардың ба­сын біріктіруге ты­ры­са­тын ол.

«Шіркеуден ру­ха­ни азық та­ба ал­ма­дым»

Оқушы Ай­ша Тэй­лор қыз ба­ла мен ер ба­ла­лар­ды бөлек оқытатын Уи­кэм Вью жал­пы білім беретін мектебінде тәлім ал­ды. Жас­тай­ы­нан ағылшын тілі мен жағырапия пәндерін сүйіп оқыған ол кейін әлем та­ри­хы­на, өзге ұлт дәстүрлеріне көңіл бөле бас­та­ды. Ай­ша алғаш рет Құран Кәрімді 13 жа­сын­да қолына ала­ды. Ели­за­бет ха­ным қызының Құран қағидаттарымен та­ны­сып, ис­лам дініне ден қойып жүргенін ешқашан ай­ып­та­мап­ты. Ор­та мек­теп оқушысы бол­са да, өмірдің мәні мен ақиқатты іздеген ол Биб­лия, Та­у­рат­ты да са­тып алу­ды ұмытқан жоқ. Ал­ла Тағаладан түскен киелі кітаптарды оқи оты­рып, қасиетті Құран Кәрімнің аудар­ма­сы­мен шендестіреді. Осы кез­ден Ай­ша Аллаға ғибадат ете бас­тай­ды. Әрине, ол кез­де на­маз дегенді қайдан білсін?

– «Мен қайда ба­ра­рым­ды білмеймін, маған ту­ра жол­ды нұсқай көр. Өз бетіммен ақиқат жо­лын та­ба ал­май­мын. Мен Сенің нұсқауыңа мұқтажбын» де­ген сөздерді ай­та бердім. Құдайдан ешқашан материалдық та­бы­с­ты сұраған емеспін. Тек Құдайдың маған өмір сүруге көмектескенін, күш-қуат бергенін қаладым. Мен осы­лай­ша дұға қылатынмын, – дейді ол.

Құраннан та­лай пай­да­лы мәлімет тап­са да, ағылшын бойжеткені бірден ис­лам­ды қабылдай қоймайды. Өз сөзіне қарағанда, жаз­ба­ша ақиқат қолында тұрса да, қай бағытқа қол со­за­рын тап ба­сып білген жоқ. Ис­лам жөнінде жиған-тер­ген ақпараты шикі бо­лып, бағыт-бағдар ә де­ген­де айқындалмады. Сол себепті Ай­ша қайтадан шіркеу табалдырығын тоз­ды­ра бас­тай­ды. Бірақ ол жер­ден өз ба­сы­на, са­на­сы­на тірек бо­лар ру­ха­ни азық та­ба ал­май­ды. Сөйтіп, бір-біріне ұқсас күн ар­ты­нан күн өте береді.

– Діни кітаптарды оқи бердім, оқи бердім. Мен өзімді ғаламат нәрсенің титімдей бөлігі ретінде сезінгім келді, – дейді ол.

Араб­ша­дан ағылшын тіліне аударылған нұсқасынан ауытқымай, дәл мағынасын түсіну үшін Ай­ша сол кездері қолындағы Құранның түрлі-түрлі онға жуық аудар­ма­сын ауда­ры­с­ты­рып, қанша тер төккенін ес­ке ала­ды. Бірақ Ал­ла Тағала оның ис­лам­ды та­ну жо­лын жеңілдеткісі кел­ген бо­лар, Құран тәлімі жас бойжеткеннің бой­ы­на тез сіңеді. Бұған оның: «Алғашында Құраннан түгел шындықты аша­тын сүрелерін түртіп жа­зып алып отыр­дым. Құранның мен үшін қызық әрі жатық болғаны соншалық, ішінде мен түсінбеген нәрсе болған жоқ», – де­ген сөзі дәлел.

Ай­ша­мен ис­лам жөн-жосығы жай­лы әңгімелескен кез­де оның әр сөзі жүректен шығып отыр­ды:

– Мен бір ғана Құдайды іздедім. Биб­ли­я­ны аударған кез­ден-ақ мен Исаның Құдай емес екенін ұққанмын. Иса пайғамбар (а.с.) өзін құдаймын деп ешқашан айтқан емес. Ал­ла Тағала – алып күштің иесі. Ол бүкіл әлемді жаратқан. Иә, мен ғажайыпқа се­не ала­мын. Бірақ Құдай ас­пан­нан жер­ге түседі де­ген­ге мүлдем ила­на ал­май­мын. Құдай өзін адам дәрежесіне түсіре ал­май­ды ғой. Ол адам жа­ра­ты­лы­сы­нан тым жоғары. Міне, мен іздеген жа­у­ап осы бо­ла­тын. Мен өмір бойы іздеген сұрақтарымның жа­у­а­бын ис­лам­нан тап­тым.

Өкінішке қарай, мектепті жақсы нәтижемен бітірген жас бойжеткеннің әрі қарай білімін жалғастыруға мүмкіндігі бол­ма­ды. Англияның білім бе­ру жүйесі бұрыннан-ақ ақылы негізде жұмыс істейді. Қаржылы адам уни­вер­си­тет­ке түседі, ал қалтасы көтермейтін адамның жоғарғы білім алуы неғайбыл. Сондықтан отбасылық ша­ма-шарқын түсініп, Ай­ша ана­сы­мен Нью­касл қаласына көшіп келіп, осындағы жергілікті киім дүкендерінің бірінде са­ту­шы көмекшісі қызметін атқарады. Кейіннен са­ту­шы, әкімшілік қызметке дейін көтеріліп, зей­нет­ке шыққанша сол дүкенде жұмыс істейді.

Азапқа то­лы отбасылық ғұмыр

Ана­сы Ели­за­бет 1987 жы­лы дүниеден өткеннен кейін Ай­ша кеш те бол­са тұрмыс құрады. Алай­да, ерлі-зайыптылық ғұмыр ұзаққа со­зыл­мап­ты. Жұбайы иман ата­у­лы­дан мүлде безіп, ішімдікке са­лы­нып, қосағына зорлық-зомбылық көрсетеді. Әйел за­ты­на қол көтеру ол үшін кәдімгі үйреншікті әдетке айналғанын Ай­ша ашы­на ай­та­ды. Бұл тұрлаусыз отбасылық ғұмыр оны ауру­ха­на­дан бір-ақ шығарады.

– Ата-анам қайтыс бол­ды, ту­ыс-туған жоқ. Мы­на кең дүниеде жа­па­дан-жалғыз қалдым. Сыр бөлісер жан адам тап­сам­шы. Сол се­беп­тен мен бар сы­рым­ды күнделікке ақтардым. Сол кездері мен қағазбен сыр­ла­сып, күнделікпен сөйлесіп жүргендей күй кештім. Бұл күнделік менің 13 жылғы отбасылық өмірімнің, азапқа то­лы жылдарымның ай­на­сы еді, – деп көзілдірік ас­ты­нан ол маған сы­най қарайды.

Жалғыздықтан, өмірдегі әділетсіздіктен баз кеш­кен ол бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсауды да ойға ала­ды.

– Мен Аллаға қарыздармын. Өйткені, ол мені құтқарып қалды. Та­лай рет өмірде сүрініп-құлағанымда қолтығымнан де­меп тұрғызды. Мен енді бұрынғы Энн емеспін, – дейді дүниеге қайта кел­ген­дей күй кеш­кен Ай­ша.

Ос­па­дар, дөкір күйеуінен ажы­ра­сып тынған соң ол біраз уақыт  ауру­ха­на­да ре­а­би­ли­та­ци­ядан өтеді. Омыртқасы зақымдалып, сәжде қылып, жер­ге тізерлеп оты­ра ал­май­ты­ны да сондықтан.

Осы кез­ден бас­тап оның ақиқатты іздеуге де­ген құштарлығы ар­та түседі.

– Бір күні көшеде ба­сын­да ора­ма­лы бар әйелді көзім ша­лып қалды. Біреу маған «осы әйелдің соңынан ер» де­ген­дей бол­ды. Та­ны­май­тын адам­дар­мен сөйлеспейтін мен, қалай болғанын білмеймін, сол әйелдің қасына жетіп барғанымды байқамай да қалдым. Ол өзін Фа­ти­ма деп та­ны­с­ты­рып, мені мешітке шақырды. Со­ны күткендей-ақ бірден келістім. Мешітке кіре бе­ре ешкімнің ай­ту­ын­сыз өз-өзімнен ба­сы­ма ора­мал тар­т­тым. Сол күнді ешқашан ұмытпаймын. Та­лай жыл ада­сып, туған үйімді енді тапқандай сезіндім. Бәрі соншалықты жақын, соншалықты та­ныс. Қуанышымда шек бол­ма­ды. «Ақыры тап­тым ғой, мен тап­тым!» деп қайталай бердім. Мен осы сәтті өмір бақи күткен едім. Сол күні «Әшһәду әллә иләһә ил­ла Аллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһ» деп тілімді кәлимаға келтірдім. Ал­ла­дан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік бер­ген соң аузы­ма құм құйылып, үндемей қалдым. Не қимылдай алған жоқпын. Едәуірге дейін есімді жия ал­ма­дым, – дейді ол.

Сол кез­ден бас­тап ізденіс, Құранды зер­т­теу үдерісі қайта жан­да­на­ды. Туындаған сұрақтардың барлығын мұсылман ба­у­ыр­ла­ры­нан сұрай оты­ра, на­маз­да оқылатын сүрелерді бірінен соң бірін жат­тап, аудар­ма­сы­мен қоса алып жүреді. Міне, со­дан бері ол жаңа өмірге қадам ба­сып, бес уақыт на­ма­зын ешқашан қаза қылып көрген емес.

Қазір 67 жа­сар Ай­ша Ньюкаслға көрші Гейт­с­хед қаласындағы қарттар үйінде жалғызілік күй ке­шу­де. Әрине, ол бұл Алланың сынағы екенін, бұл өмірдің тек уақытша, өткінші екенін біледі.

Ис­лам Айшаның мінезін қатты өзгертті деу қиын. Себебі, ол бұрыннан-ақ өтірік ай­ту­ды, жалғандықты, тәкаппарлықты суқаны сүймейтін. Ол адамдардың турашылдығын, бет­ке ай­тар тік мінезділігін бағалайды.

«Қазіргі замандағы лаңкестікті ис­лам дініне телитіндерге қалай қарайсыз?» де­ген сұраққа оның жа­у­а­бы дай­ын.

– Бұл – тек қана са­я­си ой­ын, са­я­си на­си­хат. Адам­дар тек жаңалықтар бағдарламасының айтқанына ұйи са­лып, өз беттерінше шындық іздеуге ты­рыспай­ды. Жүректегіні іздеуге тал­пын­бай­ды. Әркімнің же­ке тұлға ретіндегі има­нын өлшемей, исламға тұтастай жа­ла жа­ба­ды. Кей­де ав­то­бус­та ке­ле жатқанда адамдардың ора­мал таққанымды байқап, сыр­тым­нан тон пішіп, сөйлеп жатқанын құлағым ша­лып қалады. Он­дай кез­де мен үнсіз ғана беттеріне қарап жы­ми­я­мын.

«Ис­лам сіз үшін не?» де­ген сұраққа Ай­ша тым күрделі жа­у­ап іздемейді:

– Ол – менің бүкіл өмірім. Дүние есігін қайта аш­сам, басқа өмір қаламас едім. Мен өзімді әлемдегі ең бақытты жанның бірі са­най­мын. Ұзақ жыл­дар­дан соң Аллаға мойынсұнып, ту­ра жол­ды тапқаныма қуаныштымын. Мен үшін бұдан артық бақыт жоқ.

Әсел ҚАМЗА,

Нью­касл университеті «Болашақ» бағдарламасының ма­гист­ран­ты,

Ұлыбритания

jaq­sy.kz


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz