Намаз оқуға асығайық….

Жарнама

Адам ба­ла­сы­на тән нәрсе, қайсы бір іс пай­да­сы мол бол­са со­ны жасауға асығады. Яғни ол пай­да қаржыға, табысқа я бол­ма­са денсаулыққа қатысты бо­луы мүмкін. Әйтеуір пай­да­сы мол бол­са бол­ды, со­ны жасауға асы­ды.

Осын­дай Аллаһ тағаланың иман келтірген пенделеріне  бұйырған бес уақыт на­маз­да, пай­да­сы мол істерге жа­та­ды. Оқылған намазға берілетін са­у­аб­тар, кешірілетін күнәлармен қатар, денсаулыққа беретін пай­да­сы өте көп. Соның біріне мен жақында куә бол­дым.

Бұл оқиға суық тиіп ауру­ха­на­да, нев­ро­ло­гия бөлімінде емделіп жатқанымда бол­ды. Мені аурухананың бес адамдық төсек оры­ны бар палатаға  жатқызды. Қасымдағылар әртүрлі ди­аг­ноз­бен жатқан кісілер бол­ды. Күнделікті, емдеуші дәрігер келіп науқастарды қарап, тексеріп олардың тез айығып кетулері үшін өзінің нұскаулықтарын ай­тып жүретін еді. Осы жер­де мені қатты таңғалдырған мы­на нәрсе бол­ды. Емдеуші дәрігердің қасымдағы  жатқан науқас кісілерді тек­сер­ген сай­ын, әр қайсысына ди­аг­но­зы­на сай бер­ген нұсқаулықтар еді. Ол нұсқаулықтарында  де­не бұлшық еттері  мен сіңірлеріне және нерв жүйесінің дұрыс жұмыс жа­са­у­ы­на пай­да­сы тиетін жаттығуларды ай­та­тын. Мен сыр­т­тай бақылап оты­ра­тын­мын. Тізесі бүгілмей қалған бір науқасқа қарап «Қане, аяғынызды бы­лай қимылдатыңыз», тағы бір мой­ын омыртқасы ауырған науқасқа «Сіз, күнделікті мойыңызға мы­на жаттығуларды жа­сап тұрыңыз, ол жаттығулар сіздің  кай­та­лап ауырмауыңызға жәрдем береді» деп, бір қимылдарды көрсетті. Аллаһу ак­бар! Мен ол қимылдарды көріп, аң таң бол­дым. Себебі ол қимылдары біздер күнделікті оқыған на­маз­да­ры­мыз­да жа­сап жүреміз. Сол уақытта Аллаһ тағаланың иман келтіріп, на­маз оқыған пенделеріне де­ген рақымын бұрынғыдан да күштірек сезіндім. Ұлы Аллаһ тағала пенделеріне пай­да­сыз не­ме­се ша­ма­сы келмейтін нәрселерді жүктемейді ғой.

Қарап көрейікші, кейбір адам­дар на­маз оқымау үшін түрлі сыл­та­у­лар та­ба­ды не­ме­се кейбіреулері менсінбейді «на­маз, ол молдалардың ісі» деп ай­та­ды, ал тағы біреулері оқудан ұйялады. Мінекей осын­дай адам­дар тек са­у­ап­тан ғана емес, бағасы жоқ, қымбат денсаулықтарына пай­да­сы мол істен құр қалып жа­тыр.

Бұл айтылған  науқастар на­маз оқыса осын­дай ауру­мен ауы­рар еді ме? Осы нұсқаулықтарды ай­тып жатқан дәрігер білеме екен, мыңдаған жыл­дар­дан бері на­маз оқыған кісілер ол жатығуларды на­маз­да­рын­да жа­сай­ты­нын?

Бірақ өкінішке қарай дәрігер де, ол науқастар да на­маз оқымайтын кісілерден еді……


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz