Уақытыңды өлтірме!

Жарнама

Бис­мил­ла­хир Рах­ма­нир Ра­хим!

«Уақытты өткізу» мен «өмірді өткізу» са­лы­с­ты­ра­тын болсақ екеуі бір нәрсе. Сон­да уақыт пен өмірдің бір- бірінен айырмашылығы қандай?

Ең бірінші біздің «уақытты өткізу» деп жүрген сөзіміз үлкен қате, себебі, біз уақытты өткізбейміз, уақыт бізді өткізеді. Уақыт ол  — көлік сияқты. Көлікке мінген адам өзінің аял­да­ма­сы­на жет­кен­де түсіп қалады, яғни, әр адамға берілген өмір ол екі аял­да­ма ара­сын­дай ғана. Ол көлікке Адам пайғамбардан бері қарай қанщама тіршілік мініп, өз аял­да­ма­сы­на кел­ген­де түсіп қалып жа­тыр, біз де Аллахтың белгілеген аял­да­ма­сын то­су­да­мыз. Біреуге ол аял­да­ма жақын, ал біреуге алысырақ. Бұл жол­са­пар қияметке дейін жалғасады.

Әрбір адам уақытты өткізудің ар­тын­да, өмірді өткізу жатқанын сез­се, бос нәрселермен өткізуден қорыққан бо­лар еді.  «Уақытым өтпей кетті, бос уақытым көп» де­ген сөздер «өмірім өтпей кетті» де­ген­мен бірдей. Уақыттың өтуі өлімге жақындау, өмірдің бір сәтке, бір сағатқа не­ме­се бір күге қысқаруы және ол ешқашан қайтып келмейді. Әрбір атқан таң бізге «Мен жаңа уақытпын. Жаңа күнмін, сенің істеген амалдарыңа куәлік етушімін», — дейді. Уақытты алтынға не­ме­се ақшаға теңеу де қате, себебі, жоғалған ал­тын­ды са­тып алуға, ақшаны табуға бо­ла­ды,ал жоғалған уақытты ешқандай бағаға да са­тып ала ал­май­мыз. Сол өмірді, уақытты бос нәрселермен тол­тыр­май, аял­да­ма­дан түскенде бізге пай­да әкелетін істермен тол­ты­ру­ы­мыз ке­рек. Ол қандай іс екенін Ал­ла Тағала Асыр сүресінде бы­лай ба­ян­дай­ды:

«Уақытқа серт(1).Негізінен адам ба­ла­сы зи­ян­да (2). Бірақ сон­дай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір –біріне шындықты үгіттесіп, са­быр­ды үгіттескедер; олар зиянға ұшырамайды(3)». Бұл сүре жал­пы Ис­лам дінінің мән – мағынасын ашып тұр. Сон­да бұдан шығатын қорытынды: уақыт, өмір, дін – үшеуінің түп негізі бір нәрсеге келіп тіреледі. Үшеуін бір – біріне н бөліп қарастыру — ол адамзатқа Жа­ра­ту­шы­сы­нан берілген өмір сүру заңдылығының бұзылғаны. Яғни, өмір уақытсыз бол­май­ты­ны сияқты, адамның өмірінен дінді бөліп қарастыруға бол­май­ды. Ис­лам діні – адам ба­ла­сы­на Аллаһтың та­ра­пы­нан берілген өмір сүру жо­лы бол­са, сол жол­да өмір сүру —  әрбір мұсылманның па­ры­зы. Адамзатқа қатысты барлық ғылым, білім, күнделікті тіршілік, өмір сүру заңдылықтары дінмен тікелей бай­ла­ны­с­ты.

Әлемге әйгілі ақын Ге­те бы­лай де­ген екен: «Анау – мы­нау нәрсе ту­ра­лы оңды – сол­ды ой толғау ақымақтық. Егер Ис­лам Аллаға мойынұсыну бол­са, біз бәріміз Ис­лам­да өмір сүріп, Ис­лам­да өлеміз».

Әр адам өзі түсетін аял­да­ма­сын то­су­да. Біреулердің түсер жері – зәулім үйлер ме бау – бақшалар, көз көріп, құлақ естімеген жақсылықтар бол­са, ал біреулері – қап – қара ор­лар мен отқа, жантүршігерлік азапқа дай­ын­да­лу­да. Әркім өз уақытының есебіне қарай мәңгілік өмірінің қандай бо­ла­ты­нын өздері таңдайды. Себебі, Ал­ла Тағала айтқан: «Сол күі тақуаларды Рахманың құзырына қонақ түрінде жи­най­мыз. Күнахарларды шөлдеген түрде тозаққа ай­дай­мыз». (Ма­ри­ям 19: 85-86) және Пайғамбар Мұхаммед ( оған Аллахтың игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай де­ген: « Қиямет күні пенденің аяғы төрт нәрсе:өмірін қалай өткізгенін, жастық шағын не­мен өткізгенін, мал – дүниесін қайдан та­у­ып, қайда жұмсағанын, іліміне қалай амал еткенінен сұралмай тұрып, жүрмейді». Тир­ми­зи

Сондықтан, өмір сүре жүріп уақытын өлтірушілер, сенімі мен өмірін діге негіздемегендер ақыл та­ра­зы­сы­на са­лып ой­лан­са, түсетін аял­да­ма­сы­на бұдан жақсырақ дай­ын­да­лар еді.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz