Қариясы бар үйдің, қазынасы бар

Жарнама

Қариясы бар үйдің, қазынасы барБа­ла кезімізде ақ сақалды ата­ла­ры­мыз бен ақ шаш­ты әжелеріміздің “Жа­сым­да қаншалықты бей­нет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жал­ба­ры­нып отырғандарына та­лай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жет­пес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл қылықтарына күле қарап, кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтінбіз. Сөйтсек қарттар сөзінің жа­ны бар екен.

Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық. Біреулер шал тартқан шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына ай­нал­са, кейбіреулердің ба­ла-шағаның берекесін қашырып жүріп берекесіз шал-кемпір ата­на­ты­ны шындық.

Қалай де­ген­де де Алланың бер­ген ғұмырын әркім өз ақыл-па­ра­са­ты­мен мәнді ет­пек. Қоғамның ізгілігі – ба­ла­лар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жал­пы зей­нет­кер­лер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жол­да­у­ын­да на­зар­дан тыс қалған емес. Жыл сай­ын ардагерлерімізді 9 ма­мыр Жеңіс күнінде құрметтейміз. Үлкендерге де­ген  сый-құрметтің бір күннің ая­сын­да шектеліп қалмау ке­рек. Адам баласының бойындағы бұл ізгі ни­ет – Ал­ла Тағалам бұйыртқан әрбір секундтың еншісінен бөлінбек емес, бөлінбейді де. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сый­ла­у­да тәспісінен жаңылмаған. Халқымыздың “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” не­ме­се “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес бо­луы соның жарқын айғағы. Аузы ду­а­лы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Бұған ба­ла тәрбиесіне ерек­ше ден қойған бабаларымыздың “атаңнан бо­та қалмасын, ба­та қалсын”, “түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы” де­ген қанатты сөздері дәлел. Әрі бізге бұл тағылымдар та­рих беттерінен белгілі.

Сондықтан, қоғамымызда түрлі діл, дін, тіл өкілдерінің өмір сүруіне қарамастан, түсіністіктің, сыйластықтың ор­на­у­ын­да Ел­ба­сы жүргізіп отырған сын­дар­лы-салиқалы са­я­сат­пен бірге аға ұрпақтың да үлесі ерен. Қазақ отбасындағы ата мен әженің ор­ны ерек­ше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-туғанның, абы­сын-ажынның бірлігін, татулығын сақтайтын сый­лы ана­сы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Атаның да ай­та­ры мол, берері көп. Әдетте жас отау иелері тұңғыш ба­ла­сын ата­сы мен әжесінің ба­у­ы­ры­на са­ла­ды. Осы орай­да «Сіздің отбасыңызда ата мен әженің рөлі қандай»? де­ген са­у­ал­мен жас жеткіншектер пікірін тыңдайық. Пікірталасқа ор­та мектептің оқушылары қатысты.

Ер­бек Дүйсенбай: Менің үйімде әжем бар. Қоғамда қарттарды  сый­лау ке­рек. Қазақта «ал­пыс­тан асқаннан ақыл сұра» де­ген мақал бар. Біз әжемізді ерек­ше құрметтейміз. Ба­ла­жан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ер­мек емес, өнегесін да­ры­тар ерек­ше ет жақыны. Әже мен не­ме­ре арасындағы туыстық бай­ла­ныс өте нәзік әрі берік. Ал­ды­мен әже тәрбиесі арқылы ба­ла жақсы-жа­ман­ды ажы­ра­тып, үлкен-кішіні та­ни бас­тай­ды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, ба­ла үй ша­руа­сы­на бейім, ел­ге­зек, тілалғыш, мейірімді бо­лып өседі. Әженің ба­у­ы­рын­да өскен балаға жұрт «тәрбиелі ба­ла» де­ген баға береді.

Сандуғаш  Нұрахметова: Менің әжем сек­сен үш жас­тан ас­са да әлі де жас көрінеді. Ол күнде маған кеш­ке  ба­тыр­лар жы­рын оқып береді. Жал­пы қарттарды сый­лау біздің міндетіміз. Өкінішке қарай кейбір жас­тар  қоғамдық көліктерде қарияларға орын бермейді. Өмірдің сы­нын­да ақылын да­ри­ядай тұнықтырып, ұрпағына өмір мәнін ұғындырып, көңілдері көлдей көгілдір, ізгі тілектері та­у­дан аққан бұлақтай мөп – мөлдір біздің қариялар өмірдің шам-шырағы. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, бы­лай істе», «бүйтсең жа­ман, өйтсең жақсы» де­ген си­пат­та, ақылгөйлік мазмұнда бо­лып, әженің мейірімі мен жүрек жы­лу­ы­на бөленіп өседі. Осы­лай­ша, жас ба­ла қазақы ортадағы бар құндылықты бой­ы­на сіңіріп, ада­ми тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тый­ым­дар жүйесінің қағидаларын біртіндеп бой­ы­на сіңіре бас­тай­ды. Жа­сы­нан мейірімді, ақылды, да­на ба­ла ата­на­ды.

Са­ха­ба Мұратбек: Атаның тәрбиесінен өткен ба­ла­ны былайғы ел «көргенді ба­ла» деп атай­ды. Қазақтың «атың бар­да жер та­ны желіп жүріп, атаң бар­да ел та­ны еріп жүріп» де­ген нақылы да осы тәрбиенің терең мәнінен шықса ке­рек. Баланың туған ата-ана­сы да «атасының ба­ла­сы», «әжесінің ба­ла­сы» деп ата мен әжеге қарай икемдеуі тиіс. Қандай халықтың бол­сын өзіне тән өзгеден ерекшелендіріп тұратын салт-дәстүрлері, дағдылары бар. Ба­у­ы­ры­на са­лу де­ген бізбен қатар өмір сүріп жатқан халықтардың ішінде тек қазаққа ғана тән. Әрине, өзге ұлттар да немерелеріне қамқорлық көрсетеді, бағады-қағады. Ал қазақтың ерекшелігі сол, тұңғыш немерені міндетті түрде ата­сы мен әжесі ба­у­ы­ры­на салған. Бұл- ба­ла­ны тәрбиелеуде өздері әлі жас ұл мен келіннің тәжірибесінің аздығын білгендіктен. Өйткені ата мен әже – көпті көрген, өмірдің та­лай белестерінен өткен, жақсылы-жа­ман­ды өмір кеш­кен тәжірибесі мол адам­дар. Ата-әжесі тәрбиелеген баланың тілі ер­те шығады.

Ер­жан Қуанышов: Мен атамның ба­ла­сы болғанымды мақтан тұтамын. Атам маған өмірде жақсы мен жа­ман­ды ажыратуға ақыл кеңесін үнемі  ай­тып оты­ра­ды. Әже мен ата­дан тәлім алған немеренің ру­ха­ни жағынан тәрбиелі, көргенді аза­мат бо­лып ержетуінің өзі дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтың мәйегі емес пе? Ата – балаға сын­шы дейді қазақ. Ен­де­ше, әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, бейiмдiлiгiн дамытуға ты­ры­сып, бұл жауапкершілікті ата­сы­на тап­сы­руы да өнегенің көзін тапқанмен тең емес пе?

Ақерке Аманқосова: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ер­ген інілеріне ізеттігін ая­май­тын, ізінен ер­ген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бо­ла білген қарттардың ор­ны ерек­ше. Әр халықтың бой­ын­ды ықылым за­ман­нан бері қалыптасып оны өзгелерден да­ра­лап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері бо­ла­ды.Біздің  халқымыздың сон­дай ерекшеліктерінің бірі — үлкенді сый­лау,оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты  жа­сы­на лайық ауы­зы ду­а­лы ,сөзі берекелі, ісі тыңғылықты  ойы терең ақылы те­ле­гей теңіз бо­лып келеді. Міне осын­дай теңеуге лайық қарияларды жылдың қай мезгілі бол­са да құрметтеуіміз ке­рек.

Мұхаммед–Омар Ілік: Ба­ла кішкентайынан үлкендердің әңгімесін тыңдап өседі. Үнемі үлкендердің қасында жүретіндіктен ата­сы мен әжесінің за­ман­дас­та­рын «пәленше атам», «түгенше әжем» деп солардың барлығын өңдеп-түстеп, кімнің кім екенін біліп, туысқанын та­нып өседі. Ба­ла әке-шешесін біліп тұрса да «атамның ба­ла­сы­мын», «әжемнің ба­ла­сы­мын» деп жөн сұрағандарға ата-әжесінің ат­та­рын ай­тып жа­та­ды. Бұл да жеті ата­сын біліп, шыққан тегін та­ну­ы­на зор ықпал жа­сай­ды де­сек артық бол­мас. Білетін бо­лар­сыз, ауылдағы белгілі бір жи­ын-той­да бас ұстап отырған үлкен қариялар, сол жердегі жас балаларға құлақ береді. Бұл да негізсіз емес. Мұның ас­та­рын­да «Жақсы сөзге құлағы түрік бол­сын», «жақсы сөзді көп естісін», «ұғымтал әрі зе­рек бол­сын» де­ген ни­ет жа­тыр. Со­дан да бо­лар, ата­сы­на еріп қонаққа барған ба­ла да міндетті түрде құлақ күтіп оты­ра­ты­ны. Үйдегі әжемнің ай­ту­ын­ша, қазіргі таңда қаламызда қарттар жыл­дан жылға азай­ып ба­ра жа­тыр. Негізінде ата әженің  көп болғаны жақсы, өйткені олар жастарға үлгі бо­лып, жақсы жолға жетелейді.

Бек­зат Шай­хи­ев: Шіркін, ата-әжеңмен бірге тұрғанға не жетсін? Менің атам да әжем де бар. Олар маған күнделікті тәтті тағамдар алып, сабағымды қадағалап оты­ра­ды. Ата мен әженің ба­ла­сы бо­лу бақыт деп есептеймін. Өкінішке қарай қазіргі қоғамда кейбір ағаларымыз ата-ана­сын қарттар үйіне өткізеді. Қартайған шағында оларға де­меу бо­лып, не­ме­ре сүйгізудің ор­ны­на қарттарды сый­ла­май­ды. Бірақ бәріміз де өскенде ата мен әже ата­на­мыз. Сондықтан үлкенді құрмет, кішігі ізет көрсетуіміз қажет.

Да­ми­ра Орын: Қариялардың жай­ын «қарттар күні» ғана ой­лай­ты­ны­мыз бар. Сол күнді сыл­та­у­ра­тып, май­да-шүйде сыйлық жасағансып, көңілдерін аулағанситынымыз да өтірік емес. Безбүйрек ба­ла­сы мен келініне сый­май, ел аман, жұрт тыныштықта үйінен без­ген қарттардың күйін ешқайсысымызға бер­ме­се екен де­ген­нен өзге тілек жоқ. Бәрміздің де ертең тірі болсақ қария бо­ла­ты­ны­мыз­ды ұмытпайық. «Жақсылық жасасаң, өсерсің, жамандық жасасаң, өшерсің» — демекші, жақсылық жасауға асығайық, до­стар!

Да­на Аразмұхамедова: Мен өзімнің за­ман­дас­та­рым айтқан сөздерімен қосыла оты­рып, қарияларға ар­нап өлең оқып берейін:

Қарттарым сіздерге Ал­ла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бо­ла берсін
Тап-та­за абы­рой­лы болғаныңды
Қазіргі ел би­ле­ген жас­тар көрсін.
Абы­рой амандығын ар­та берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Тау­сыл­мас дәм-тұзыңды та­та берсін.

Ай­да­на Бо­ран­ба­е­ва: Қазақ қашанда қартын құрметтеген. Туған елінің ту­ын биік ұстауды мақсат тұтқан Ел­ба­сы әрқашан еңбектеген ба­ла­дан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге ай­нал­ды­рып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. Қарттарын ардақтай білген елдің ру­хы үстем, шаңырағы биік. Шындығында да «өсетін елдің өнегелі ұрпағы да­рия-теңіз – қариясын» құрметтеп, кей­у­а­на­сын сый­ла­у­ды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. «Үйдегі қарияң — жа­зып қойған хат­пен тең», демекші, қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем бо­ла­ры хақ.

Му­не­ра Төлегенова: Қазақ – қариясын сыйлаған халық. Қарияның ба­та­сын­сыз, даналығынсыз қазақ қоғамында қордалы бай­лам­дар жа­са­лып, іс басталмаған. Атам за­ман­нан бері ке­ле жатқан игі дәстүр бұл. Осы бір көнеден ке­ле жатқан үйлесім мен үлкенді сый­лау дүниетанымы бүгіндері өзгеріске ұшырап, қарияны сыйлаған дәстүр ескінің сарқыншағы іспетті ақырындап, ғасырлардың қойнауына еніп ба­ра жатқанын байқамау мүмкін емес.

Жаһандану дәуірі жетті. Жас­тар өз ұрпағына за­ма­на­уи, жан-жақты тәрбие бергісі келеді. Түрлі тілдерді меңгертіп, сан алу­ан кәсіптің құлағында ой­на­са деп ар­ман­дай­ды. Бұл дұрыс. Болашағының бақытын ой­ла­май­тын ата-ана жоқ. Бірақ, сол ар­ман­дар мен мақсаттарды қалай және қашан жүзеге асырмақ? Таңертеңнен қара түскенше жұмыста. Де­ма­лыс күндері үйдің ұсақ-түйек ша­руа­сы. Ба­ла­ны үш жасқа жетілдірмей-ақ, балабақшаға тап­сы­рып, са­на­сы­на жас­тай­ы­нан сіңірілуі тиіс тәрбиенің мазмұнды бөлігінен құр қалдырамыз. Мұндайда әрбір ба­ла­мен же­ке жұмыс жа­сай­тын тәрбиеші қайда? Де­мек, ба­ла үйде де, түзде де ұлттық тәрбиеге жа­ры­май­ды. Жарылқайтын ата-ана жоқ. Қызметіндегі «стрестік аху­а­лы­мен» тек тыныштықты қалап ба­ра­ды үйіне. Сөйтіп, ба­ла­сы­мен сөйлесу бы­лай тұрсын, артық қимылы үшін жекіп-нұқып, өз бөлмесіне «қамап» қоямыз. Ал әжесімен әңгімелесіп отырған ба­ла­ны көз алдыңызға елестетіңізші! Әңгімелері қандай жа­ра­сым­ды! Бірінің тілін бірі білетіндей. Өзіне жағымды болған әңгімелесуден кейін, баланың ке­нет көңіл күйінде үлкен өзгерістер байқалады. Қуанады, сұрақтарды үсті-үстіне қояды, тіпті са­у­ал қоярдың ал­дын­да кәдімгідей ой­ла­на­ды, жа­у­а­бы­на қанағаттанса шат­та­на­ды, себебі әжесі жәй ғана ба­ян­дап қоймай, көңіл кілтін анықтап алғандай, өзгелерге емес, дәл өзіне ғана ар­нап ай­та­ды. Қариясы бар үйдің қазынасы бар.

Ақиық ақын Сағи Жи­ен­ба­ев қазақтың қазыналы қарттарының жиынтық бейнесін:

Дүниеге ке­лер бір рет,
Да­рия ке­уде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым, аман саумысың, – деп төрт шумақ өлеңге сыйғызған екен. Да­рия ке­уде, тау мүсіндерге ақыннан артық теңдессіз теңеу мен та­ма­ша тілек тап­пас­пыз, сірә. Алдағы уақытта өзге де тақырыптарға ой өрбітетін оқушылар мен ұстаздар бол­са мектебіңізге ба­рып, пікірталас өткізуге біз әрқашан дай­ын­быз.

Гүлсім МҰРЫНОВА. 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz