Алаш ұранды тұлғаның ғұмырдан да ұзақ жолы

Жарнама

(Мұхамеджан Тынышбайұлы)

Алаш ұранды тұлғаның ғұмырдан да ұзақ жолы

Жиырмасыншы ғасыр қазақ еліне барлық саладан көрнекті қайраткерлерді берген дәуір болғаны белгілі. Олардың басым көпшілігі мұқым қазақ ұлтының рухани тәуелсіздік жолында кеңесшіл биліктік цензурамен күрессе, кейбіреуі сол кеңесшіл кедейдің шоқпытын киіп ұлтына қарсы, ата-баба салт-дәстүріне, дініне қарсы қару көтергені тарихтан аян. Себебі қазіргі таңда, бұрынғы астыртын мекемелердің мұрағаттарындағы аса құпия деп мөр басылған құжаттардағы деректерге сүйенсек, қазақ ұлтының тумалары, сол кездегі кейбір атты шыққан саясаткерлер мен жауапты қызметтің және рухани шығармашылықтың өтінде жұрген тұлғалардың да ұлттық мүдеге келгенде ауыз ашпай, керсінше ұлтым деген ер-азаматтардың балағынан тартып, артынан шам алып түскенін аңғарасын. Ал сол кеңес үкіметі тұсында тарихымызды бұрмаланғаны соншалықты, Ленин бастаған Сталиндер, Фрунзе, Тройскилер нағыз қаһармандар, бұхара халықтың қамын жоқтаушылар болып танылса, біздің Кенесары-Наурызбайларымыз қарақшы, Әлихан, Ахмет, Міржақыптарымыз халық жауы, отанын сатқандар деп айтылып та, жазылып та келді. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, талай шындықтын куәсі болғалы жиырма бес жылдан асып барады. Сонда да, тарих әлі толық зерттеуді қажет етеді. Талай ақтандақтарымыз тарих сахнасына шыққанымен, олардың көбісі әлі сол кеңестік саясаттың тұсындағы көленкеде қалып қойды.

Сол XX — ғасырдағы кеңестік биліктің құйтырқы саясаты қазақ халқының болашақ тағдырына аса қауіп төндіретінін алдын-ала аңғарған Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбаевтар бастаған ұлт зиялылары туған отанының келешегі үшін басын тасқа да, жарға да соқты. Ақыры сол халқы үшін, туған жері үшін болған саяси тартыста кеңестік билік оларды қудалап абақтыға тоғытып, соңында ату жазасына кесті, тіпті кейбір көрнекті қайраткерлердің үрім-бұтағына шейін құртып жіберді. Сондай тұлғаларды сараласақ олардың қатарында 20-ғасырдың тауқыметін арқалаған «Алашорда» мүшелері болатын. Қазақ даласында 1917 жылы «Алашорда» үкіметінің құрылуы отан тарихындағы назар аударалық манызды оқиға екенін біз ешқашан есімізден шығармағанымыз абзал. Сол қазақ халқының тәуелсіздік жолында күрескен ұлт жанды арыстарымыздың өмір жолына кеңінен зер салып, олардың мұраларын зерттеп, өскелен ұрпаққа олардың халық алдындағы ерліктерін насихаттау біздін басты парызымыз.

Осындай халықтың игілігі үшін барша ғұмырын арнаған саяси-тарихи тұлға «Алашорда» үкіметінің Жетісу өңіріндегі көсемі, XX-ғасырдың басында қазақ даласына ғылыми-техникалық қозғалыстың жетістіктерін алып келген, қазақ қауымын осы процеске араластырған ұлтымыздың тұнғыш инженері Мұхамеджан Тынышпайұлы еді. Мұхамеджан сол қилы замандардағы қазақ оқығандарының ішіндегі ерекше тұлғалардың бірі болатын. Ол сонау Санкт-Петербургтағы I-Александр атындағы жол қатынастар инженерлерінің институтында білім алған. Бұл аталған оқу

орнында даңқты профессорлар, атақты инженерлер дәріс беретін. Аталған оқу орны ондаған жылдар бойы тек дворяндардың балаларын ғана қабылдайтын. Ал қырдағы қазақ балалары бұл оқу орнына түспек түгіл ойларына да алмаған. Міне осы жоғары оқу орынын Мұхамеджан Тынышбаев Жетісу генерал-губернаторының 360 рубльдік степендиясына оқыған. Сол кезде Генерал-губернатор Калпоковский өзінің қол астында жұмыс істеу үшін білімді-білікті жастарды жұмысқа тартып, олардың барлық жағдайын жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Осы мүмкүндікті жақсы пайдаланған Мұхамеджан алдымен Алматыдағы гимназияда сегіз жыл білім алып, оны алтынмен бітіріп, осы жоғарғы оқу орнына түскен.

Сол кезде Петерборда оқитын қазақ жастарына жазғы демалыстарында елге кетерде мелекеттік дума жанындағы мұсылман фракциясына мүше Әлихан Бөкейханов сияқты азаматтар, арнайы тапсырма беріп, елге барғанда жер дауына, басқа да тартысты мәселелерге назар аудара жүріңдер, орыс әкімшілігінің зорлық-зомбылық іс-әрекетіне қатысты материалдар ала келіңдер деп тапсырып отырды. Ал, бұл тапсырмаларды алғыр, зерек Мұхамеджан Тынышпаев бұлжытпай орындап отырған. Міне осыдан кейін Мұхамеджан туған халқын, отанын қаншалықты сүйгенің аңғаруға болады.

1917 жылдан бастап Орынборда Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған алаш арыстары «Қазақ» газетін шығара бастады. Бұл басылымның ұстанымы Мұхамеджанның көкейіне қонады да, өзіде «қазақ» газетінің жұмысына белсене араласады. 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылады. Сол уақытта Мұхамеджан Тынышбаев қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі, ұлтымыздың болашағы үшін қабылданған тарихи шешімдердің басы қасында болды. Ол бірінші және екінші, жалпы қазақ съездеріне қатысады. Алаш партиясын және қазақ комитеттерін құруға атсалысқан тарихи тұлғалардың бірі. Өзі де «Алашорда» үкіметінің құрамына кірді. Бұл Тынышпаевтың қазақ мемлекетінің жаңғырту әрекетін қолға алған тұлғалардың қатарында болғанының айқын дәлелі екені көзге ұрып-ақ тұр.

Мұхамеджан Тынышпаев қазақтан шыққан тұнғыш инженер, «Алаш» партиясы көсемдерінің бірі, «Алашорда» үкіметінің мүшесі, уақытша үкіметтің Жетісу өлкесіндегі комиссары, Қоқан Автономиялы Республикасының премьер-министрі.

1927 жылы 26 қарашада Кеңестік билік орталықта яғни, Кремльде Сібірді, Қазақстан мен Орта Азияны байланыстыратын Түрксіб темір жолын салу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бойынша Түркістан — Сібір Темір жолын бес жыл ішінде бітіріп, яғни, пайдалануға беру керек екендігін жоспарлаған болатын. Бірақ, сол кезде жоғары мінбедегілердін «сендер бес жыл тұрмақ, он жылда да бұл құрлысты бітіре алмайсыңдар» деген айқайлары мен күңкілдері күннен-күнге үдей түскен болатын. Алайда, бұл орталықтың айқайы мен күмәнін М.Тынышбаев пен Т.Рысқұлов сынды қазақ ұлтының көрнекті тұлғалары жоққа шығарды. Әрине бұл олардың жанын,барын салып осы жобаны іске асырғаны орталықтын тапсырмасын бұлжытпай орындаудан туған талпыныс емес еді. Ол темір жолы қатынас жолдары нашар дамыған Қазақстан үшін айрықша маңызды екенің екі дегдардың ескергені еді.

Ұзындығы 1644 шақырымға созылған құрлыстың қарқынды және сапалы жүруіне тікелей жетекшілік еткен қоғам қайраткері, белгіл саясаткер Тұрар Рысқұлов болғандығы белгілі. Ал Тұрар Рысқұлов болса, осы белгіленген жобадағы саланың білгірі ретінде Мұхамеджан Тынышбаевты негізгі комиссияның құрамына енгізіп бас инженерлікке тартты. Рысқұлов қателеспеген екен, Түркісіб темір жолы белгіленген жоспарлы мерзімінен бес жүз қырық күн бұрын аяқталды. Түркістан-Сібір Темір жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Тіпті оның біліктілігінің нәтижесінде 26 милион қаржыны үнемдеп қалды.

Өкініштісі сол, Түркісіб Темір жолының салтанатты түрде ашылу қарсанында М.Тынышбаевты, Халық Комиссарлар Кеңесінің жанындағы «Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы» яғни КПП, ОГПУ мүшелері тұтқынға алды. Ал сол кезде Түркісіб темір жолының жетістіктері мен мақтауларын бұрынғы «Алашордашыл» М. Тынышбаевтың иеленуі Кеңес үкіметі үшін кешірілмес қылмыс болып саналатын. Ал осы құрлыстағы Тынышбаев ұсынған керемет жобалар мен жетістікті Березин деген иемденіп кетті. Қандай өкінішті? Сондағы М.Тынышбаевтың бар айыбы яғни негізгі «кінәсі» ұлтын сүйгендігі, ұлты үшін күйгендігі, ұлтының рухани мұрасын сақтап қалу жолындағы күрес екендігі түсінікті.

Сондай-ақ, М.Тынышбаев ол – ұлт көсемі, Түркісібті жобалаған Теміржолшы-инженер ретінде ғана емес, тек тарихшы ретіндегі еңбегімен де ұлт тарихында мәңгілік сақталатын тұлға. Оның бұл саладағы зерттеуі 1923 жылы институттың 3 курс студенттеріне арналған «Түркі-моңғол» тарихының бағдарламасынан бастау алады. Тағыда бір ерекшелігі, кеңестік қызыл үкімет қазақ ұлтының рухани құндылықтарын құрдымға жіберіп жатқан кезде, Тынышбаевтың рухани құндылығымызды келер ұрпаққа жеткізудің тәсілін қарастырғанын аңғарамыз. Данышпан тұлғаның келер ұрпақ өз ұлтының құндылықтарынан хабардар болсын, тарихын білсін, ата-бабалардаң қалған бай мұраларын таныссын деген үлкен үміт артқанын байқайсын. Ақылды да, көреген дегдардың бұл үмітін Түркісіб Темір жолын салу барысында аңғарамыз.

Ол, түркісіб темір жолын салу барысында, әсіресе Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі құрлыс кезінде, темір жолдың әр бекетін бұрынғы ортағасырлық қалалар мен керуен-сарайлардың тұсына орналастырғанын көреміз. Мәселен, алысқа бармай-ақ, Тараз қаласының шығыс қақпасының жанындағы ортағасырлық төменгі «Барысхан» қаласының маңына — Талас темір жол бекеті, одан кейін «Ақыртас» пен оның жоғарғы жағындағы «Касриббас» төрткүл керуен-сарайының тұсынан — Ақшолақ бекетін, одан ары ортағасырлық «Өрнек» қаласы мен «Күлшүп» керуен-сарайы — бұл қазіргі Ақыртөбе бекеті, одан кейін «Жүлшүп» керуен-сарайы, қазіргі -Малдыбай бекеті, сосын ортағасырлық Құлан қаласы, ары қарай Меркі қаласы сияқты тарихи-мәдени орындарды атап айтсақта жеткілікті. Өткен ортағасырларда «Ұлы Жібек» жолының бойында «Төрткүл» керуен-

сарайлары тұрғызылған, және әр керуен-сарайлардың ара қашықтығы жиырма бес немесе отыз шақырым болғаны тарихтан белгілі. Міне, М.Тынышбаев осы ортағасырлық қалалар мен керуен-сарайларға жанай темір жол бекеттерін орналастырып кеткен.

Алаш ұранды тұлға екі жыл Алматы түрмесінде жатып, темір торлы вагонмен түркісіб арқылы Ресей жеріне аттанған. Ол Ресейдін Воренеж облысына жер аударылады және өзі осы Түркісіб темір жолымен ең алғашқылардың бірі болып жүріп өтті. Мүмкін мыңдаған шақырымға созылған теміржолдың әр шпалы қалай төселгенің іштей сезіп барған да шығар, кім білсін. Алматыдан -Лепсіге, Лепсіден — Аягөзге, Аягөзден- Семейге, екінші бағытта; Алматыдан — Шымкент арқылы, Қызылордаға қатынайтын бұл темір жолдың әрбір шақырымында, қазақтың тұнғыш инженері М.Тынышбаевтың қолтаңбасы жатыр деуге де болады. 1937 мен 1938 жылғы кеңестік биліктің зұлым саясатының құрбанына айналған М.Тынышбаев 1969 жылы бір-ақ ақталды.

Бүгінде сонау Түркісібтен бастау алған қазақ темір жолы, ел экономикасының күре тамырына айналған негізгі салалардың бірі болса, осы үлкен жетістікте қазақтан шыққан тұнғыш инженер, «Алашорда» үкіметінің Жетісу өңіріндегі көсемі, Мұхамеджан Тынышбаевтың да зор үлесі бар екенін ешқашан ұмытпаймыз.

Қазіргі таңда Алматы қаласында «Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, орта білім орындары мен көшелер М.Тынышбаевтың есімімен аталады. Сонымен қатар, тарихи тұлғаның жеке мұражайы да бой көтерген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасында атап көрсеткендей: біздер тарихи тұлғаларымыздың отан алдыңдағы ерліктерін, келер ұрпақтың санасына сіңдіріп насихаттау парызым деген еді. Енді міне осындай тарихи тұлғаларды дәріптейтін күн де туды ағайын! Биыл Қазақ елінің тәуелсіз ел болып, отарлықтың қамытын мойынынан шешіп тастап, ұлттық рухани құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениетті елдермен терезесі тең дәрежеде ғұмыр кешуін армандаған және бұл арманды жүзеге асыру мақсатында «Алашорда» үкіметінің негізін қалап, алаш идеясын қалыптастырып, ұлт мүдесі үшін күрескен арыстарымызға жүз жыл толып отыр. Бұл айтулы мерекені жүрегі қазақ деп соққан әрбір ер азамат ескерусіз қалдырмас деп ойлаймын. Осы күнгі жергілікті атқа мінерлер яғни игі жақсыларымыз биылғы жылғы жарияланған Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын жер-жерлерде ұрандата дәріптеп жүргені бәрімізге белгілі. Ал жасасындатып жүрген сол «Рухани жаңғырудың» тұқымы сонау алаштанудың өзегінде жатқаның әсте есімізден шығармағанымыз абзал. Себебі қазақ ұлтын өркениетті елдермен қарым-қатынас орнатуын, білім саласын дамыту мәселелерін, латын әліпиіне көшу мәселесі т.с.с мәселелерді Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды алашордалық арыстар өздері құрған «алаш» партиясының бағдарламасында жариялағаны тарих бетерінен дәлел. Қазіргі уақытта кейбір өңірлерде Ленин мен Сталин сынды құдайсыздар бастағанардың көшеде берілген есімдері мен мүсіндерін сырып тастап

жатқанда, біздің ұлт тарихында ерекше орын алатын Тараз шаһарында әлі күнге дейін солардын есімдері сақталып тұрғаны көңілді қажайды. Тағы да айта кететін жәйт осы тарих қойнауынан шежірелі сыр шертетін қасиетті шаһарымызда бірде-бір алаш арыстарының есімдері берілген үлкенді-кішілі көшелер мен білім ордалары жоқтын қасы болып отыр. Жалпы Тараз қаласында 47% қазақ есімдерімен аталған көшелер болса, қалған 53% өзге ұлттың есіміндегі көшелер. Мен демократиялық қоғамда өмір сүргендіктен өз ойымды ашық білдіре отырып, біздің ұлттық идиологияның басында отырғандар мен олардың айналасында жүрген еліміздің оқыған зиялы қауымы ұлт мәселесіне келгенде осы ойларымды қолға алса екен деп ойлаймын. Әйтпесе Ленин мен Сталин қазақ халқы үшін еңбек етті дейсіздер ме? Бұл екеуінің есімі қала орталықтарындағы екі көшеде орын алып отыр. Ал біздің тәуелсіздігімізге 25 жылдан асып кетсе де, қазақшылық дәсүрді берік сақтап отырған Тараз қаласында, мұқым қазақ ұлтының мүдесі үшін құрбан болған алаш арыстарының сүлбесі әлі күнге дейін Тараз төрінде, тарих босағасынан сығалап жүр дегенге кім нанады.

Әттең! Әттең, алаш ұранды ағалар-ай! Сіздер ұйытқан тәуелсіздіктің тәтті дәмін, енді міне біз татып отырмыз. «Алашорда» үкіметі біздің қазіргі қазақ халқының тәуелсіздігінің бойтұмары! Жүз жылдық айтулы мереке құтты болсын алаш жұрты. Ұлт мүдесі үшін бар өмірін арнаған алаш азаматтарының қайсар рухтарына мәңгі тағзым.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының
маманы Кисиков Мадияр Ералыұлы
Сурет: http://ult.kz


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz