Денсаулыққа темекінің зияны

Жыл сай­ын дүние жүзінде темекі шегудің сал­да­ры­нан 4 млн. адам қайтыс бо­ла­ды екен. Бүгінде жер ша­рын­да 1,2 мл­рд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойн­ша 1997 жы­лы темекіден 3 млн. адам көз жұмған бол­са, бұл көрсеткіш жыл сай­ын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн.-ға жуық адам темекі шегеді екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, он­да та­яу жыл­дар­да жар­ты мил­ли­ард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.

Темекі тар­та­тын адам күніне ор­та есеп­пен 200 рет, ай­ы­на 6 мың рет, жы­лы­на 72 мың рет ішке түтін со­ра­ды. Қызығы сол, темекі шегуді о бас­та «ой­нап» бастаған 100 адамның 80-і бірітіндеп тұрақты шылымқорларға ай­на­ла­ды. Қазір темекінің мыңнан артық зи­я­ны бар екені мәлім бо­лып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жо­ла­май-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жо­лын қарастырсын.

Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тас­тау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, са­быр төзіміне көп бай­ла­ны­с­ты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тый­ым са­ла білетін ең та­ма­ша уақыт – ора­за ұстайтын Ра­ма­зан айы. Ора­за ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз са­быр көрсетіп, басқа кез­дер­де де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға бо­ла­ды.

З.Н. Нұранова

  /те­ра­певт-дәрігер/

+24
0

Share This Post

guest
2 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Зияш Айжан Арманкызы
Зияш Айжан Арманкызы
9 жыл бұрын жазылды

Темеки тартпандар.Ол зиян денсаулыкка

Көлбаев Жайлаубек
7 жыл бұрын жазылды

….Ауыл адамдары қысыр әңгіме құруға әбден машықтанып алғанға ұқсайды. Өрістен қайтқан малдың алдынан шыққан көршілер қауқылдасып жоқты-барды айтып, әңгіме-дүкен құрып тұр. Бұл жолы жастары 40 — 50 ді алқымдап қалған төрт бес жігіт ағалары темекінің пайдасы мен зияны турасында әңгіме өрбітті. Бұл топқа темекі шегүден бала жасынан мол тәжирибе жинаған ауылдың бетке ұстар азаматы Рғалбек қосылды. Ол екі алақанымен жан қалтасын ары-бері қағып, темекісінің таусылып қалғанын қасындағыларға ишарамен жеткізді. Айналасында тұрған жерлестері оның жағдайын түсінді. Жоқшылық жомарттың қолын байлаған заман емес пе? Ол ыңғайсыз болса да замандасы Томаштан: -Әкел… Темекіңнен!- деп қолын созды. Томаштың жомарт мінезін жақсы білетін темекі шеккіш… Толық оқу »