Шыр етіп дүниеге келген сәби ананың ақ сүтінің дәмін татып, аялы алақандарының жылуын сезініп, нұрлы көздерінің мейіріміне бөленеді. Әрбір сөзінен тәлім алып, тәрбиесін бойына сіңіреді. Сол тәрбие оның болашақта қандай адам болатынына үлкен әсер етеді. Адамдықтың негізін әйел деп білген Мұхтар Әуезов «Мешел болып қалмаймын десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Аналарымыз қандай болса, болашағымыз …