Ілім ізденуші адамның ең әуелгі міндеті — Құранды жаттау екендігі сөзсіз. Егер біз ертеректегі ізгі мұсылмандарға қарасақ, олардың барлығының Құран мәтінін толық жаттауға өте қатты көңіл бөлгендігін байқаймыз. Өйткені Құран — бүкіл ілім мен ғылымның негізі. Құранды толық жаттап біткен соң ғана олардың шариғаттың басқа салаларына өткендігі бізге Құран жаттаудың қаншалықты маңызды іс екендігін көрсетеді.
Маймуни …
Tags: Кұран
Білімсіз адам — бүліктің бел баласы
Білімсіз адам — бүліктің бел баласы. Бұдан біз, іліммен іргеңді бекітсең ғана ізгілік жетегінде жүретінімізді ұғамыз. Хақ дін Ислам осыған үндейді. Қараңғылық қағынан жарыққа шығу үшін Құран кәрімнің алғашқы аяты «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!» деп келеді. Өйткені, оқу мен жазуды тірлік тынысы деп ұғып, илләһи заңдылықпен ұштастырған ұрпақтың ұтары көп.
Алайда, бір анық бүгінде кітап оқу …
Уақытыңды өлтірме!
Бисмиллахир Рахманир Рахим!
«Уақытты өткізу» мен «өмірді өткізу» салыстыратын болсақ екеуі бір нәрсе. Сонда уақыт пен өмірдің бір- бірінен айырмашылығы қандай?
Ең бірінші біздің «уақытты өткізу» деп жүрген сөзіміз үлкен қате, себебі, біз уақытты өткізбейміз, уақыт бізді өткізеді. Уақыт ол — көлік сияқты. Көлікке мінген адам өзінің аялдамасына жеткенде түсіп қалады, яғни, әр адамға берілген өмір ол …
Аманат – ауыр жүк
« Негізінен Алла Тағала сендерге аманаттарды өз лайықты орындарға тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді.» (Құран 4- сүре, 58- аят)
Қазақ ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп құйып отырған. Ар-ожданды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бойына сіңірген ізгілердің …
Жаралған соң АДАМ боп…
Алла тағала былай дейді: «Ей,Адам баласы! Кім дүниелік нәрсе үшін қайғырса, ол Аллаһтан алыстай береді. Бұл дүниеде тек қиындықтар, ал келесі дүниеде – тек қажу мен шаршау табады. Құдіретті Алла тағала оның жүрегіне ешқашан таусылмайтын уайым салады, бітпейтін мұң, өмір бойы ажырамайтын мұқтаждық және әрқашан мазалалап, тыным тапқызбайтын үміт салып қояды. Ей, адам баласы! Күннен …