Оян қазақ, ойраннан құтыл қазақ! Құтылмасаң тартасың сонда азап.

Жарнама

Алланы мадақтап оянғаннан,
Маубастап ұйықтайтындар көбейіп тұр.
Дінге келіп, күнәдан арылғаннан
Дінсіздердің беделі биік боп тұр.
Зинақорлар қыздарға қызыққанымен,
Қарындасының ертенін ойламай жүр.
Алланың құдіреті шексіз, шетсіз.
Өзіңе өзіндікін қайтарар бір.
Қыздарға салғырттықпен қарағандар
Анасының тәрбиесін кемсітіп тұр.
Құлдық сана санадан құрығанмен
Құрылған құрықтары қиын боп тұр.
Қыздарға орамалды тағынғаннан
Абыройдан айырылған оңай боп тұр.
Әйелін аманат деп ұқпағандар,
Анасының қадірін біле алмай жүр.
Жастарға тәжуидті үйренгеннен
Темекіні тартқаны қызық боп тұр.
Патриоттық сезімі оянғаннан,
Парақорлық қоғамда белең боп тұр.
Жерін сатқан беделді азаматтар
Базардағы саудагерден көбейіп тұр.
Қалтаға сексен тиын түскенімен
«Сатқындық» мағынасын ұғынбай жүр.
Ата анаға құрметті көрсеткеннен,
Олардан құтылуы оңай боп тұр.
Тар құрсағын кеңіткен анасына
«Әйеліммен сыйыспадың» деп жекіріп жүр.
Ұрпағына ішімдікке жолама деп
Ұлағат айтатындар салынып жүр.
Сыраға мырзалықпен берген тиын
Садақа жәшігіне жете алмай жүр.
Достарын мешітке сүйрегеннен
Ойынханаға «ментханаға» сүйреген жеңіл боп тұр.
Мешіттің мұнарасынан біздің елде
Моншаның мұржалары биік боп тұр.
Шәкәрімнің «Үш анығын» оқығаннан
Шекспирдің «Гамлеті» қызық боп тұр.
Ақылдан алжытатын арағынан
Алланы ауызға алу қиын боп тұр.
Исламнан несібесі жоқ сорлы жастар
Дискотека төрінде құлпырып жүр.
Жер сатқан жерге сіңбес жетесіздер.
Қолда болса, көрін сату тиын боп тұр.
Тәрбиенің тамырын көрмегендер.
Тамырсыз етек жайған жеміс боп тұр.
Жиырма төртін мағынасыз өткізгендер
Бес уақыт намазға бір сағат таба алмай жүр.
Қазаққа орысша білу абырой
Орысқа қазақша сөйлеу намыс боп жүр.
Ыбырайдың өлеңдерін жаттағаннан
Энрикенің әндері оңай боп тұр.

……………………………………………………………..

Тоқтықтан пендең бүгін тайраңдайды
Жоқтықты көрмегелі көп боғалы.
Карты ойнап, азарт қуып бейбақ пендең
Бір күні Ібіліске айналады.
Ішіп жүр бастық біткен креслодағы.
Қандыра алмай пенделік шөлін тағы.
Ал біреу күйінгеннен ішіп жүр деп,
Сабырлықпен күйікті жоюды ұмытады.
Айдар, Сапар тіл шебері ұста сынды
Жақсы әріптерден боқ ауыз сөз құрастырды
Тәңір тілді берді «бал тамсын» деп
Ал бүгін бүкіл жұртқа боқ шашылды.
Кімге енді еліктеп өсеміз біз?
Ағаларға ұқсасақ сүрінерміз.
Ал досым ау енді даңғыл бір жол тапсаң
Амал жоқ, сол жолмен жүруге біз келісеміз.
Отыз күн оразада намазға кеп
Рамазан біткеннен соң қор қылады.
Отыз күнде жинаған сауаптарын
Айттан соң үш ақ күнде жоқ қылады.

………………………………………………………….

Бұл күнде әкем ішкен ағам ішкен
Ішпеген кімдер қалды біздің көрген.
Бүгін ішкен ертең келіп мақтанады
Ақиқатты біліп тұрып түк көрмеген.
Бұл арақ сені жеңген оны жеңген
Арақ арсыз талайды жалмап кеткен.
Кінәлі арақ емес өзіміз ғой
Тұрған арақ тамақтан қалай өткен.
Әй ұйятсыз өзің ғой құйып ішкен.
Бір арсыз баласына нан алуды ар қылады
Алыстан арақ көрсе алқынады.
Тозақтын жаманын білетін жұрт
Келмейді жәннатқа да барғылары.

Қоныспаев Жандос
Фото: http://yvision.kz
zhandoskon@mail.ru

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz