Жырлар

Жарнама

ЖырларАл­ла­бер­ген Қонарбаев Әзірбайжанұлы  — 1984 жы­лы 22 на­урыз­да Маңғыстау ауда­ны, Шет­пе кентінде дүниеге келді. 2008 жыл­дан Маңғыстау аудандық "Нұр Отан" ХДП ның "Жас Отан" жас­тар қанатының атқарушы хат­шы­сы,2010 жылдың қаңтар  ай­ы­нан «Маңғыстау аудандық азаматтық бастамашылығы» қоғамдық ұйым төрағасы.  Оның шығармалары "Жауқазын жыр­лар","Мәртебелі по­э­зия","Көк күмбез", "Қызғыш құс"  және басқа ғылыми — танымдық, әдеби кітаптарға ен­ген. А.Қонарбаев Маңғыстау облыстық Ма­хам­бет атындағы жас ақындар мүшайрасының ла­у­ре­аты, Республикалық Мұқағали атындағы жас­тар фестиалінің дип­ло­ман­ты, Қазақстан Жас­тар және Жур­на­лис­тер Одағының,  "Аза­мат"  Ұлттық пікір — сай­ыс  Орталығының мүшесі. «Үркер Үміт» Республикалық жас­тар әдеби сыйлығының ла­у­ре­аты. 2007 -2009 оқу жы­лын­да Н.Жұбаев атындағы ор­та мек­теп­те алғышқы әскери дайындық пәнінен сабақ бер­ген, Казір Шет­пе селосындағы Маңғыстау техникалық колледжі директорының оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орын­ба­са­ры. А.Қонарбаевтың шәкірттері облыстық, аудандық, республикалық студенттердің ғылыми практикалық кон­фе­рен­ци­я­ла­рын­да жүлделі орын алып жүр. А.Қонарбаевтың жетекшілігімен студентердің ғылыми еңбектері түрлі басылымдарға ғылыми әдістемелік жинақтарға шығып жүр. А.Қонарбаев «Маңғыстау мұғалімі», «Қазақстан мұғалімі» «спорткz» га­зет журналдарының Маңғыстаудағы тілшісі. 2013 «Ақбозат» Халықаралық ақындар мүшайрасының жеңімпазы, 2013 жыл  Халықаралық Жа­зу­шы­лар одағының мүшесі.

Мұқағалимен мұңдасу

О, Тәңірім!
Сақта құдай өлеңді.
Көкіректен төгілмейді жыр енді.
Мұқағали Төлегендер кетті ғой…
Жа­зып әне, мол мұраны  көлемді.

Тірлігінде
Елен­бе­ген ешкімге,
Кеудесінде болмаған ғой өш мүлде.
Өкінішке толтырған  өмір сы­рын …
Көңілінде жа­нып ба­рып өштің бе…

Түсінемін,
Мен сен­дей ақындарды.
Қазағыңда айтылмаған ақың қалды.
Қайтесің бұл қазақты тас­та оны…
(Тұлпарың ала­ман­да тақымдалды.)

Жыр жа­зып жапандықта дауылдаттың,
Ақша бұлтын өлеңнің мамырлаттың.
Кітаптың бетін аш­пай­тын­дар­ды көріп…
Жырыңның парақтарын жағып жаттың.

Мұңдасып мен де сы­рым­ды ай­там.
Түсінетіндерге оқып жы­рым­ды ай­там.
Па­ра­са­ты төмен жан­дар­дан кей­де….
По­э­зи­ям­ды оқымай кейін қайтам.

Өмірдің  мы­на сүрлеуі қашқан мәні не?
Қоса ал­май жүрмін  әніме.
Сіз егер де тірі болсаңыз Мұқа…
Екеуміз  қол сілтер едік қой бәріне.

Әттен, әттең
Сыр­ла­сар едім сізбенен мен,
Же­те ала­май жүрмін көздегенмен.
Тұманның мы­на шетін та­ба ал­май жүрмін.
Тап­пас­пын сірә іздегенменен.

Жа­та бер, Мұқа тынышыңда  қабірде.
Өтсе дағы өмірің то­лы жәбірге.
Қайтесің енді қасқайып жа­тып, жан­тай­ып….
Қазаққа мы­на қаймықпа де, са­быр де.

Мұқағалимен мұңдасу

О, Тәңірім!
Сақта құдай өлеңді.
Көкіректен төгілмейді жыр енді.
Мұқағали Төлегендер кетті ғой…
Жа­зып әне, мол мұраны  көлемді.

Тірлігінде
Елен­бе­ген ешкімге,
Кеудесінде болмаған ғой өш мүлде.
Өкінішке толтырған  өмір сы­рын …
Көңілінде жа­нып ба­рып өштің бе…

Түсінемін,
Мен сен­дей ақындарды.
Қазағыңда айтылмаған ақың қалды.
Қайтесің бұл қазақты тас­та оны…
(Тұлпарың ала­ман­да тақымдалды.)

Жыр жа­зып жапандықта дауылдаттың,
Ақша бұлтын өлеңнің мамырлаттың.
Кітаптың бетін аш­пай­тын­дар­ды көріп…
Жырыңның парақтарын жағып жаттың.

Мұңдасып мен де сы­рым­ды ай­там.
Түсінетіндерге оқып жы­рым­ды ай­там.
Па­ра­са­ты төмен жан­дар­дан кей­де….
По­э­зи­ям­ды оқымай кейін қайтам.

Өмірдің  мы­на сүрлеуі қашқан мәні не?
Қоса ал­май жүрмін  әніме.
Сіз егер де тірі болсаңыз Мұқа…
Екеуміз  қол сілтер едік қой бәріне.

Әттен, әттең
Сыр­ла­сар едім сізбенен мен,
Же­те ала­май жүрмін көздегенмен.
Тұманның мы­на шетін та­ба ал­май жүрмін.
Тап­пас­пын сірә іздегенменен.

Жа­та бер, Мұқа тынышыңда  қабірде.
Өтсе дағы өмірің то­лы жәбірге.
Қайтесің енді қасқайып жа­тып, жан­тай­ып….
Қазаққа мы­на қаймықпа де, са­быр де.

Отан

Егер се­нен тірлігімде ай­ы­рыл­сам,
Үнім менің үн емес деп білгейсің.
Сен­де жүріп қанатымнан  қайырылсам.
Күнім менің  күн емес деп  білгейсің.

Егер сені қоса ал­ма­сам өлеңге,
Әнін мәңгі та­у­ы­с­ты деп білгейсің.
Бір құсың боп жыр­ла­ма­сам төбеңде.
Жағым мәңгі қарысты деп білгейсің.

Егер сені сәл есімнен шығарсам.
Тілегіңді тап­та­ды деп білгейсің.
Түк бітірмей өткен күнге жұбансам.
Жүрегімді тоқтады деп білгейсің.

Мен мәңгімін, Ота­ным, сен аман­да.
Таудың кәусар бұлағымын әманда.
Өзенің  боп та­си ал­сам  өзіңнің,
Тосқауыл боп тұра ал­май­ды қамал да.

Төл сөзімді толқындатып шығарған.
Мен теңізбін оя­на­тын мың ар­ман,
Мен жарықтың сәулесімін  бағамды.
Соқырлар да жүрегімен ұға алған.

Маңғыстаулық мұнаралар көзімін.
Мен болашақ ғұламалар  сөзімін.
Бо­ран­дар­да,да­у­ыл­дар­да ширыққан.
Қатып қалған  құз — жар­тас­тай төзімім.

Өтер өмір бо­лар та­лай ауы­сым.
Ай­ны­май­мын жаралғанмын тау үшін.
Жарық бо­лып жаңғырығып жа­та­ды.
Қара түінді қақ жа­ра­тын да­у­ы­сым.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz