Кешегі қазақтың ежелгі мекені ұлы Дала, қазіргі Мәңгілік ел — Қазақстан шетсіз де шексіз. Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, Батысы Сібір ойпаты, Шығысы Тянь-Шань тауларының теріскейін ала көсіліп жатқан осынау Ұлы даланың жері де Ұлы, тылсым терең тарихы да Ұлы, өскелең ұрпаққа деген Ұлағаты да Ұлы.
Бізге мұраға қалған ата қонысымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген …

Билер, пара жемеңдер,
Жанға бейнет кезбеңдер.
Кісі халқын алмаңдар,
Аузыңа пара салмаңдар.
Дүние жинап өткен жоқ,
Біздің бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын,үлкендер,
Құдайдан ғапіл өтпеңдер.
Әлің келсе Мекке бар,
Артық дәулет біткендер!
 Шортанбай Қанайұлы
«Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жыл санап білімді қазақ жастары қарқынды өсіп келеді. Қазіргі таңда шетелде білім алатын жастарымыз өте көп. Менің Қазақстанымда жастарға деген жағдай жақсы жасалынған. …

Жей бергім келеді,жей бергім…..
 
Ас адамның арқауы деген мәтел бар халқымызда.Бірақ бүгін адамнан ба, әлде заманнан ба әйтеуір бәрі  тез тағам яғни фастфудты шеңгелдеп асауға көшті. Иә,бұл рас.Атасынан қалған астай құмартқандардың құмарын қандырайық деп әлемнің  әр түкпіріндегі жеңіл ас дайындайтын орталықтар жанталасып әлек. Иә фаст фуд зиян.Жеуге болмайды деп қақсағалы қашан..Бірақ тыңдайтын құлақ табылса ше…
Бәріміздің …

КІТАПХАНА ТЕК «АБАЙ ЖОЛЫНАН» ТҰРМАЙДЫ!
 
 
«Әлемге әйгілі философ, Платон мен Аристотельдің ұстазы кемеңгер Сократты жендеттер дедектетіп сот алаңына әкелді. Сот төрағасы қарт данышпанға ақталуға сөз береді….»
 
«Қазіргі жастар кітап оқымайды», «ойлаудан қалған», «смартфонның құлына айналды» деген сөздерді күнде естіп-естіп құлағымыз жауыр болды. Жасыратыны жоқ мұндай сөздерге етіміз өліп кеткені сонша бұрынғыдай тіксініп, қарсы пікір білдіруге де …

Дүрия көйлек киінген,
Қыпша беліне, қынай күміс белдік түйінген.
Кәмшат бөрік басында,
Қара қас айдай иілген.
Сылдырмақ шолпы тағынған,
Қызыл камзол жамылған.
 
Бұл қазақтың болмысын бейнелейтін өлең жолдары. Керемет емес пе?! Ұлттық нақыш пен қазақылықтың иісі аңқып тұр. Жүрегіңе терең бойлап, әдемі дидарыңды ажарландырып, көркіңді өзге ұлттан даралап, қазақ екеніңді танытады.
Қазақтың ұлттық киімдері заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне …

Өмірімізде ананың ыстық құшағы мен аяулы алақанына жететін не бар шіркін?! Əрбір сəби дүние есігін ашқан сəтте,ана дүниеде таңдап алынған періште оған қамқорлық жасап,өмірінің мəніне айналады екен. Ол періште біздің анамыз. Осы сəттен ананың бар мейіріміне зəру боламыз. Ал сол періштеміз, ардақты анамыз бізді керек қылмай жатсынып тастап кетсе не істей аламыз?
Дүние есігін ашқан сəттен …

Суицид
Бір індет басқалы жастарды…
Қаншама жас тамды?
Қаншама шаңырақ бос қалды.
Өрімдей балалар,
Топырақ жастанды.
 
Бір күндік ашуға беріліп,
Бір күні бітпестей көрініп.
Бір ғұмыры келмеске кеткенде,
…Көзден жас төгіліп,
Жоқтайды егіліп.
 
…. не пайда?
Неліктен?
Бүгінгі жастарың желіккен?
Имансыз бос қалған жүректі,
Жын ойнақ айырып еріктен.
 
Елітіп, санасын шайқаған,
Шайтаны сыбырлап айтад ән.
Ашуын алған соң ажалдан,
Өмірге келмейді қайтадан.
 
Қарашы!
Өзіңе қол жұмсап өлгенмен,
Айықпас жаныңның наласы,
Жазылмас жүректің жарасы.
Өзіне қиянат жасаған,
Адамның…. тым ауыр жазасы.
З. …

Қазіргі таңда білім-ғылымның, техниканың күндеп емес, секундтап дамып жатқан уақыты.  Ал, сол қаршындап дамып жатқан ғылымға  жастардың тигізіп жатқан пайдасы да зор. Көптеген ғалымдар жастарды тілсіз жауға, өртке не топан суға теңеп жатады. Егер өрт өршіп барып жанатын болса бәрін күл қылады, ал топан су з арнасынан асып,таситын болса бәрін жермен жексен етеді.Өкінішке орай қазіргі …

Валентин – Әлемдегі арсыздық күні!
(Күнделіктен үзінді)

Қазақстанның 100 пайызы қазақты құрайтын ауылдарының намыссыз таксилеріне дейін (қай ағылшынның ризалығын табайын деп жүргенін қайдам?) көліктерінің төбесіне «ТАХІ» деген жазуы бар шәшкі тағып алыпты.
— Тахи…… Ей, намыссыз, тексіз болсаң жалпақтап өт өмір бақи!
Төбесіне «жалданатын көлік» деп жазып алса шәшкісімен қоса шашы өртеніп кете ме? Бір такси жүргізуші:
— Бүгін клиент …

Біздің қоғам өркениет өрнегімен өрнектелген қазіргі заманның талабына сай дамып келеді. Иә, сыртынан бір қарағанда солай көрінгенімен ішінде кеулеген кесел, рухани азғындық. Қайда мойын бұрып қарасаңызда көретініңіз бір нәрсе, айқайлап азғындауға шақырып тұрады. Көшеде көрініс тапқан әрбір жарнаманың артында азғындықтың белгісі саналы адамға айдан анық.
Қазіргі кезде кім нені жарнамаласа да жалаңаш әйелдің бейнесін қыстырып қояды. …