Арулар байқауы, арсыздар байқауы ма?

Жарнама

Бүгінгі таңда елді еліктіріп жүрген «ару­лар сай­ы­сы» бол­ма­са «қыз сы­ны» де­ген сияқты байқаулар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілуде. Дәстүрге ай­на­лып үлгерген сай­ыс әр жыл сай­ын қалалық әкімшіліктің қолдауымен ұйымдастырылып, әр қаланың өз аруы анықталады. Ал енді бұл байқау қазақ қоғамына қаншалықты пай­да беріп жа­тыр? Ол үшін қыз сынының түп-төркіні қайдан шыққанына на­зар аударғанда көз жеткіземіз деп ой­лай­мын.

Ару­лар сай­ы­сы ең алғаш 1951 жы­лы Аме­ри­ка­да болған, сол уақыттан бас­тап «Мисс Все­лен­ная» де­ген ат­пен 1971 жылға дейін сол ел­де жалғасты. Со­дан 1972 жыл­дан бас­тап әр ел­де өтіп келеді. Бұл байқауға әлем елдерінің ару­ла­ры қатысып, өздерінше бақтарын сы­най­ды. Соңғы жыл­да­ры бұл сынның ая­сы кеңіп қанатын жа­ю­да. Оған 2002 жы­лы Қытай, 2004 жы­лы  Вьет­нам, 2005 жы­лы Лат­вия, 2007 жы­лы Тан­за­ния ару­ла­ры қатысқан. Осы көштен құр қалғысы кел­ме­ген Қазақстан аруы алғаш рет 2006 жы­лы қатысқан екен. Міне, бұл байқаудың та­ри­хы бүгінгі таңда ру­ха­ни азғындықтың көшбасшысы болған АҚШ-тан шыққан екен. Ал, оны біздің қазкеңде «ару­лар байқауы өзінше бір мәдениет деп қабылдап, құшақ жая қарсы ал­ды. Негізінен еліміздің аумағында бұл байқау 1996 жыл­дан бас­тап қала аралық деңгейде «Мисс Ка­зах­стан» де­ген ат­пен өтіп келеді. Тіпті жасөспірімдердің ара­сын­да да өткізіледі. Бұған мем­ле­кет­тен ар­найы қаржы бөлінеді. Сондағы мемлекеттің қаржысы ар­сыз ару­лар­ды дайындауға солардың қатарын көбейтуге жұмсалғаны ма?! Халықтың тілі, діні, дәстүрі де­ген­де ауы­зы­на құм құйылғандай жақ аш­пай­тын БАҚ жа­ры­са жа­ри­я­лап әуре.

Ару­лар байқауы дегеніміз — ба­рып тұрған ар­сыз­дар байқауы. Өйткені ол жердегі ару сымақ өзінің тәнін са­ту үшін көпшілік ал­ды­на жалаңаштанып шығып, «мені көрдіңдер ма» де­ген сыңай та­ны­та­ды. Бұл көзі түскен ер­кек атаулының нәпсісін оя­тып, қаракөздерімсізді жезөкшелікке жетелейтін бірден-бір жол. Әуел бас­та бұл байқау осы мақсатта ұйымдастырылған еріккеннің ермегі. Міне, қазақ қыздарын бүгінгі таңда осын­дай тәрбиенің ығына жығып, көшедегі көлденең көк аттының тақымында ке­ту­ге өзіміз се­беп бо­лып жа­тыр­мыз. Кей­де «менің қызым қаланың аруы ата­нып­ты», — деп мәре-сәре бо­ла­мыз, оны бы­лай қойғанда жу­ып жа­та­тын желөкпелерді де кездестіреміз. Сон­да қанаттыға қақтырмай өсірген қызының тәнін саудалауға ба­ра жатқанын қайдан білмей ме? Білсе не­ге той­лай­ды. Ке­ше қызын қызғыштай қорғаған қазақ бүгін на­мыс­тан жұрдай бо­лып қызын өз қолымен ел ал­ды­на шығарып ар­зан та­у­ар секілді са­у­да­лап жа­тыр. Ба­ба­мыз мен қазақ қыздарына қайран қалам деп, қазақ қызының ибалылығына там­са­на баға бер­се, бүгін, мен қазақ қыздарына қайран қалам деп қазақ қыздарының арсыздаққа құрбан болғанына бас шайқайсың. Амал не қандай ел бол­ма­сын өзінің сал-дәстүрі мен салт-са­на­сы қоғамда сал­та­нат құрмаған жағдайда арсыздыққа жол беретіні белгілі.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Арулар байқауы, арсыздар байқауы ма?"

avatar
Тлеугазы
Қонақ
Көзге ұрып тұрса ашық құлын мүсін, Дәметіп қарар небір зұлым кісің. Жалаңаш жарнамаға көз үйреніп, Арсыздық жайлап, елім, бүлінді ішің. Қызыңда қызғанатын не қалып ед, Ұяты он жасында жоғалып ед. Намысы он бесінде тоналып ед, Оңаша қалып бөтен бозбаламен, Үйіне түнделетіп оралып ед. Кісіге тік қарамас ұятты қыз, Нұрымен сүйсіндірер шуақты жүз. Қорғаған абыройын ару көрсек, Біз надан сұмпай көрген сияқтымыз. Байыпсыз байбаламын салады ақыр, Дінменен келердей бір заманақыр. Ашық қыз көшеде өскен жеміс сынды, Көрінген қолын созып ала алатын. Санасы кім бар бүгін уланбаған, Қурап бір қалатындай қу болмаған? Қызыңның бетін сүйіп белін ұстар, Суық қол су жыландай сумаңдаған.… Толық оқу »
wpDiscuz