Қияға қызықтыра жетеледің

Жарнама

Жақсылық пен жамандықтың аражігін ажы­ра­тып бер­ген, жер бетіндегі алғашқы ұстаздар са­на­ла­тын Адам ата мен Ха­уа ана­дан кейін адамдарға тіршілік етуді пайғамбарлар үйреткен екен. Мәселен, Ибраһим пайғамбар құрылыс са­лу­ды, Жүсіп пайғамбар түс жо­ру­ды, Нұх пайғамбар ке­ме жа­са­у­ды, Ілияс пайғамбар іс тігуді, Сүлеймен пайғамбар жануарларға иелік етуді үйреткені аңыздардан белгілі. Бар білгендерін адам­дар бой­ы­на дарытқан олардың үйретушілік қызметтері за­ма­на бойы заңды жалғасын та­у­ып келеді. Негізін пайғамбарлар салған осы ұстаздықты кей­де «пайғамбарлар мамандығы» деп те атай­ды. Бар мақсат-міндеті адам бой­ы­на ізгі қасиеттерді да­ры­тып, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру бо­лып та­бы­ла­тын бұл кәсіпті «ұлы мамандық» деп те ата­уы тегін емес.

Мектепті бітіріп, үлкен өмірге жол­да­ма алу, сту­дент ата­ну — әрбір жеткіншектің ар­ма­ны. Студенттік жыл­дар — орал­май­тын өмірдің ең ке­ре­мет бір кезеңі, сондықтан сол кезді ес­ке алған сай­ын, сағынамыз. Студенттік өмір — ұмытылмайтын, қуаныш пен махаббатқа, қызыққа то­лы кезең. Қарбаласы, ке­ре­метақ! Шы­ны­мен сту­дент өмірінің өзі, әсіресе жастық шақ нағыз бақыт!!! Қалай айтсаңыз да жа­ра­са­ды. Біздің топқа тән қасиет — сабақ ара­сын­да не­ме­се жатақханада түрлі тақырыптағы қызу талқылаулар еш то­лас­та­мас еді. Ал біз үшін се­ми­нар дегеніміз — нақ сабақ үстіндегі қып-қызыл дау, қызыл кеңірдек айтысқа ай­на­ла­тын еді. Бұл жайт әсіресе, қазақ пен оған қатысты мәселелерді талқылау ба­ры­сын­да жиі орын ала­тын. Аштықты да, тоқтықты да, сарсаңды да, самғауды да бас­тан өткізіп жүрсек те әзілі мен қалжыңы тау­сыл­май­тын, өмірге де­ген құлшынысы мен та­ла­бы ба­сыл­май­тын ол да бір дәурен екен ау!

Ұстаздық — ең қиын, әрі қызықты ма­ман- дық. Баршамыздың са­у­а­ты­мыз­ды ашып, білім нәрімен су­сын­да­тып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар қауымы қашанда жүрегімізден кетпесі анық. Әрбір студенттің есінде сақталатын, өзінше жақсы көретін ұстазы бо­луы заңдылық. Са­на­лы ғұмырында ұлы мамандықты таңдап, сан жыл­дар шәкірт тәрбиелеп ке­ле жатқан менің ең сүйікті ұстазым — Әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық унуверситетінің оқытушысы, фи­ло­ло­гия ғылымының кан­ди­да­ты — Дәмегүл Ба­я­лие­ва. Дәмегүл апайдың бүтін са­на­лы өмірі жур­на­лис­ти­ка факультетімен бірге жа­сап, бірге кемелденіп келеді. Жур­на­лис­ти­ка са­ла­сын­да 35 жылға жуық қызметінде мыңдаған шәкіртке ақылшы ұстаз бо­ла білді. Ашықтық, адалдық, айқындық, жақсылық жа­сау апайдың иде­а­лы деп  ой­лай­мын. Көп сту­дент­ке мейірімін ая­май­ды. Дәріс ба­ры­сын­да Дәмегүл апайдың айтқан мы­на бір сөздері есімнен ешқашан ке­тер емес: «Қайтпас қайсарлық, та­лап пен табандылық бар жер­де алын­бас асу, қол жет­пес шың жоқ». Д.Баялиеваның әр дәрісінен шыққан сәтте, жүрегіме қуаныш ұялап, көңіліме қанат бітіреді, асқақ армандарға жетелейді. Сабақ бе­ру ба­ры­сын­да ол – студенттердің ана­сы секілді. Шәкірттерін туған ана­сын­дай ба­у­рап, өмір қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп ая­ла­у­дан, мәпелеуден жалықпайды. Әр- қашанда ақылкеңесін ай­тып оты­ра­ды. Тап­сыр­ма­ны көп беретін және сол тап­сыр­ма­лар­ды орын­дап келуді қадағалайтын. Апайдың жымиған күлкісі жур­фак­ка жылылық сый­лай­ды. Барлық студенттің сүйікті ұстазы. Апай әр сөзін бай­ып­пен сөйлейді. Қатал та­лап­тар қояды. Мүмкін, сол қатал- дықтың арқасы бо­лар, студенттері жалқаулықпен қоштасып, қиыншылықты жеңе білетіні. Оның сабағынан очерк, га­зет ре­пор­та­жын жа­зу­ды терең меңгердік. Ол әр дәрісінде ұлттық құндылықтарға, ұлттық салт-дәстүрге ба­са на­зар ауда­ра­ды. Па­ра­сат пай­ы­мы мол, өмірден көрген білгені, үйренгені көп. Бір сөзбен айтқанда, ұлағатты ұстаз әрбір студентті алдағы асу­лар мен биік мақсаттарға же­ту­ге ұмтылдырады.

Дәмегүл Ба­я­ли­е­ва менің жа­дым­да, жақсы қырларымен жат­та­лып қалды және ол мезгіл ілгері озған сай­ын жаңаша сипатқа еніп, жаңғыра да бер­мек! Адам­зат ба­ла­сы қандай да бір жетістікке жет­се ол мұндағы әу бас­та негізін қалаған ұстаз еңбегінің жемісі екенін ешкім де жоққа шығара ал­май­ды. Сондықтан да ұрпақты білім әлемінің көкжиегіне жетелейтін ұстаздық қызмет атқарып жүрген Дәмегүл Сердалықызындай жандарға қандай алғыс айтсаң да артық бол­май­ды! Ұстаз де­ген атақ ең жоғары, ең қасиетті атақ. Ол ешқандай ақшамен өлшенбейді. Ұстаз бо­ла білу тек қана мамандық емес, та­лант дер едім. Дип­лом тақырыбын ұсынып, қорғаған сәтке дейін жа­ным­да жүрді. Сіз мені ине­мен құдық қазғандай білімнің нәрімен су­сын­да­тып, өмір ат­ты өзеннен өз ар­нам­ды та­бу­ы­ма үлкен үлес қостыңыз. Сіңірген зор еңбектеріңіздің ал­дын­да ба­сым­ды ие оты­рып: зор денсаулық, үлкен абы­рой, ғылым жолындағы еңбектеріңіз жа­нып, білімді де білгір шәкірттеріңіздің қатары мо­лая берсін де­ген тілек білдіремін!

Нақылмен ізгілікке ымдаған,

Ақылымен адам жа­нын шыңдаған.

Ұлағатты ұстаз — Дәмегүл апайдың,

Ғанибет қой, дәрістерін тыңдаған.

Қазаққа тән ашық-жарқын қабағы,

Шуақ нұрын төгіп тұрар жа­на­ры.

Әрбір сөзі салиқалы, са­на­лы,

Ұстаздардың ұстазы ғой – Дәмегүл.

  Жанға азық-оның әрбір сабағы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz