Білімсіз адам — бүліктің бел баласы

Жарнама

Білімсіз адам — бүліктің бел ба­ла­сы. Бұдан біз, іліммен іргеңді бекітсең ғана ізгілік жетегінде жүретінімізді ұғамыз. Хақ дін Ис­лам осыған үндейді. Қараңғылық қағынан жарыққа шығу үшін Құран кәрімнің алғашқы ая­ты «Оқы, жаратқан Раббыңның аты­мен!» деп келеді. Өйткені, оқу мен жа­зу­ды тірлік ты­ны­сы деп ұғып, илләһи заңдылықпен ұштастырған ұрпақтың ұтары көп.

Алай­да, бір анық бүгінде кітап оқу құндылығы құлдырады. Бұл рет­те ғаламтордың әсері мол. Қазір жас пен жа­са­мыс та қажет ақпаратты алу­да кітап парақтамай-ақ, интернетті игілігіне жа­рат­ты. Тек ба­тыс­тан ағылған ақпараттар ар­на­сы­нан асы­лы­мен жасығын ажы­ра­та білсек. Се­беп, ғаламтор желіде ой са­на­ны улай­тын жеңіл-жүрісті жар­на­ма­лай­тын жарнамалардың қолжетімділігі қынжылтады. Жай­сыз сөздің ащы­сы ондағы бейәдеп ақпараттардың ба­сым-көбі, «Бақыт — жанның емес, тәннің — ба­бын та­бу» деп тәрбиелейді. Осыған бой ұсынған ұрпақ дип­ло­мы бол­са да, бор кемік боп шығады.

Шындығында, мы­на жалған дүниеде күнделікті тұрмыстық тауқыметтен адамның тақымы ажы­ра­май­ды. Сөйтіп, әркiм өз мұң-қайғысымен әуре. Осы­лай­ша, кітап құндылығына үңiлуден қаламыз. Бұл әрине, ру­ха­ни тұрғыдан төмендеуімізге се­беп. Оған қоса, ин­тер­нет иіріміндегі игіліктердің иіні жақсылыққа емес, бей-берекетсіздікке бағытталып отыр. Ондағы жын­ды үміттің жетегіне желігіп ер­ген­дер де аз емес. Ин­тер­нет­тен ес­кен жел­мен жа­ры­сып, қиялдың көлеңкесін қуып жүргендер де жоқ емес. Ал, ондағы бейәдеп бейнекөріністердің санамызға салған сы­за­тын айтудың өзі артық. Оның бұлты сейілмек түгілі, керісінше тұмандай тұмшалап жа­тыр. Әлқисса… Ыбы­рай­ша айтсақ, оқу «тұрған сай­ын шыныққан шы­ны» секілді. Не­ме­се Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін басшылыққа алсақ, «Қазір бой жа­ры­с­ты­ра­тын за­ман емес, ой жа­ры­с­ты­ра­тын за­ман». Біліммен бар нәрсенің бай­ы­бы­на баруға болатындығын президенттің па­ра­сат­ты сөзінен анық байқаймыз.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz