Жастар қылмысы жасарып барады

Жарнама

«Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі, мастыққа. Сы­пайы жүр де, ша­руа ой­ла, Даңғойланып қақтықпа». Қара жұрттың қамын ойлаған ақыл ойдың алы­бы ақын Абайдың жастарға айтқанынан алар тәлім көп. Қалың дүниедегінің бәрін қомақты ой­лар­мен жеткізген жанның өнегелі өлең жол­да­рын қомағайлана, құныға оқисың. Қарымы кең қауқарлы, та­мыр­лы ой сілемдерін туғызған тұлғалардың жақсысын жас­тай­ы­мыз­дан жадымызға түйгендіктен бо­лар, арсыздықтан аулақ өстік. Құдайға шүкір! Қисыны кел­ген соң, жіліктеп, жіктеп ай­тай­ын дегеніміз, қазіргі жастардың жағдайы сол, баяғы. Қарап тұрсаңыз, жыл­дар керуені тоқтаусыз жыл­жып, та­лай ғасыр тарихтың қойнауына тарт­са да, ұрпақ тәрбиесі ұлтты толғандырған.

Қазақ сондықтан да өскелең өрендерін келешегіміздің кепілі деп біледі. Қынжыларлығы тек, сенім артқан сол кей жастардың тектілікті басқа тебуі. Қашанда, ұлт болашағы де­ген өрелі елдің тілегі емес бұл. Қасиетсіз бол­са тентегіміз, тез­ге салған қазақпыз дейміз, бірақ сол үрдіс бүгінде үзілді ме, әйтеуір келешегінен үміт күттірмейтін керітартпа ұрпақ көбейді. Қолымыздың кеш сермелуін қаламасақ егер, он­да опық жейтін осал тұсымызды осы бас­тан оңалтуды ойлағанымыз оң болмақ. «Қадірсіз күлкіге еліре кекіріп, мастыққа масайраған» жастарымыздың желігін ба­су — оңайға түспесе де, оларға адамның май­да­сы емес, заманның ай­на­сы бо­лу­ла­рын айтайық, ұтпасақ, ұтылмаспыз. Қайта ай­та шаршадық демелік, қайраткер аза­мат, алаштың ардақты ұлы Міржақыпша айтсақ: «Көзіңді аш, Оян, қазақ, көтер ба­с­ты, Өткізбей қараңғыда бе­кер жа­с­ты. Жер кетті, дін на­шар­лап, хал һарам боп, Қазағым, енді жа­ту жа­ра­ма­с­ты». Құр үмітпен үй тұрғызбайық, керісінше ұрпағымыздың өн бой­ын ден­де­ген дерттің дер кезінде да­уа­сын та­у­ып, дәтке қуат бо­лар дәруменді дарытайық. Қатып қалған қағида жоқ себебі, ұрпақ тәрбиесінде. Құдай сөзі Құранды құлақтарының құрышы қанғанша құйып, са­ра сүннетті са­на­ла­ры­на сіңірсек, жастардың жағдайы — Жа­ра­ту­шы Жап­пар Иеміздің жәрдемімен жөнге кел­мек. Бұл бұлаң-бұлтақсыз, бұлтартпай бас идіретін ақиқат, Алланың ақиқаты.

Қалай де­сек те, басқалай ба­ла­ны тәрбиелеу бекерлік. Қараңыз, өйткені, адам­ды ақыл-ойы би­ле­ме­се ақыр соңында ада­ми қасиеттерден ада қалмақ. Қағынған жасөспірімдердің қылмысқа баруының ба­с­ты себебі де сол. Қылмыс жыл­ма жыл жа­са­рып ба­ра­ды, жай­сыз сөздің ащы­сы, әрине оның жастардың қолымен жасалғанында. Қу тақырға та­мыр са­лып отырған жоқпыз, күн өткен сай­ын күрделі си­пат алған ке­сел­мен күрес күшейгенімен көкейкесті мәселелердің көшбасшысы боп тұрғанын жасырмайық. Қондыра айтсақ көкейге, бұнымен күрес бізде «кетпеннің ба­сын ба­сып бағыңды» байқаумен тең екендігі тайға таңба басқандай. Қайбір іс бол­ма­сын, бо­лар іс бо­лып, бо­я­уы сіңгенде ғана да­был қағамыз.

Қай қиырдан бол­са да, қылмыстың ал­дын алған аб­зал, асы­лы. Қалай де­ген заңды сұрақ ту­а­ды мұндайда. Қолдан ке­лер ша­ра, жас­тар­ды ша­руа ой­лай­тын озық ой­лы етеміз де­сек, имандылыққа илан­ды­ру арқылы ғана игілікке қол жеткіземіз, иншааллаһ! Құдайға де­ген тақуалықпен тұрмыс көкейді тұзақтап тастағанда ғана жат әдеттен жастардың тый­ы­лар түрі бар. Қонымды сөзден қуат алсақ, сүрініп кетіп, бүлініп кет­пес үшін тағдырың «ба­ла­ны жас­тан»- де­ген ба­ба­лар сөзі қағида, бағдарлы бағытымыз болғай!


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz