Ғаламтордың пай­да­сын айтсақ, шаш етек­тен. Ал, зи­я­нын бүгінгі тақырыптың зердесінен ысыралық. Дұрыс, әуелі қай нәрсенің бол­ма­сын екі жағын та­ра­зы­лап алмасақ, ар­ты­нан ор­ны тол­мас олқылыққа ұрынып, опық жейтініміз анық. Сол себепті де біз ин­тер­нет­тен ке­лер пай­да­ны ғана иіріп алу жағын қарастырдық, басқасынан бұрын әрине. Айталық, жер жаһанды жайлаған ғаламторсыз бүгінгі жұмысымызды әрбір қимыл-әрекетімізді көз алдымызға елес­те­те …

«Қымыранды бірқатар өңірлерде шұбат дейді. Кітаптарда, ар­найы сөздіктерде де кей­де шұбат, кей­де қымыран деп жа­за­ды. Қай-қайсысын айт­са-дағы таңдайыңызға тәп-тәтті әрі сәл-пәл ғана қышқылтым, жұмсақ-жұмбақ, мамық-мақпал, дәмді-нәрлі дүние білінер. Тіліңізді үйірер. Осы Оңтүстікте, оның ішінде ойсылқараны көбірек күйттейтін Қызылқұм мен Созақ аты­рап­та­рын­да қымыран деп атай­ды». «Қызылқұмның қымыраны» жай­ын­да жа­зу­шы, жур­на­лист Мар­ха­бат Байғұттың шығармасынан шағын сөз бұл. …

«Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі, мастыққа. Сы­пайы жүр де, ша­руа ой­ла, Даңғойланып қақтықпа». Қара жұрттың қамын ойлаған ақыл ойдың алы­бы ақын Абайдың жастарға айтқанынан алар тәлім көп. Қалың дүниедегінің бәрін қомақты ой­лар­мен жеткізген жанның өнегелі өлең жол­да­рын қомағайлана, құныға оқисың. Қарымы кең қауқарлы, та­мыр­лы ой сілемдерін туғызған тұлғалардың жақсысын жас­тай­ы­мыз­дан жадымызға түйгендіктен бо­лар, арсыздықтан аулақ өстік. …

Білімсіз адам — бүліктің бел ба­ла­сы. Бұдан біз, іліммен іргеңді бекітсең ғана ізгілік жетегінде жүретінімізді ұғамыз. Хақ дін Ис­лам осыған үндейді. Қараңғылық қағынан жарыққа шығу үшін Құран кәрімнің алғашқы ая­ты «Оқы, жаратқан Раббыңның аты­мен!» деп келеді. Өйткені, оқу мен жа­зу­ды тірлік ты­ны­сы деп ұғып, илләһи заңдылықпен ұштастырған ұрпақтың ұтары көп.
Алай­да, бір анық бүгінде кітап оқу …