Ай мен күннің аманында ұлттық сусындардан айырылып қалмайық

Жарнама

«Қымыранды бірқатар өңірлерде шұбат дейді. Кітаптарда, ар­найы сөздіктерде де кей­де шұбат, кей­де қымыран деп жа­за­ды. Қай-қайсысын айт­са-дағы таңдайыңызға тәп-тәтті әрі сәл-пәл ғана қышқылтым, жұмсақ-жұмбақ, мамық-мақпал, дәмді-нәрлі дүние білінер. Тіліңізді үйірер. Осы Оңтүстікте, оның ішінде ойсылқараны көбірек күйттейтін Қызылқұм мен Созақ аты­рап­та­рын­да қымыран деп атай­ды». «Қызылқұмның қымыраны» жай­ын­да жа­зу­шы, жур­на­лист Мар­ха­бат Байғұттың шығармасынан шағын сөз бұл. Қымыран дегеніміз шұбат. Ұлттың шөлін ұлттық су­сын­дар қандырады. Кәдімгі қымыз, кәдімгі шұбат не­ме­се қымыран. Соның ішінде шипалық қасиеті мол шұбатқа шетелдіктердің өзі қызығып отырған көрінеді. Шұбат пен қоса, қымызға де­ген қызығушылық та ба­сым.

Күні ке­ше қымызды қазақтан үйренемін деп немістің кәсіпкері келді. Жәй кел­мей, жаңа тех­но­ло­ги­я­мен дайындаған қымызын мес­ке құйып әкепті. Дәмін де таттық. Кәдуілгі қымыз. Қазір "па­тент" де­ген "пәле" бол­ды. Со­ны қолға ал­ма­са бол­май­тын түрі бар. Әйтпесе, ұлттық сусындарымызға құлқынның қамы ма, әйтеуір сыр­т­тан «құда түсушілердің» қатары көбейді. Қарекетсіз отырғанда, шетелдіктер қымызды қоймай, шұбатқа па­тент алсақ деп ни­ет етіп жа­тыр дейді «ұзынқұлақ». Он­да, ома­лып отырғаннан пай­да не бізге? Кейін шам­да­нып, шалқамыздан түспес үшін шұбатты да, қымызды да экспортқа шығарып, "қазақтікі" деп, қол қойғанымыз дұрыс қазір. Қалай де­сек те, қымыз, шұбат қазақтікі.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz