Дінтану жақсы пән. Ал ҚАЗАҚТАНУ ше?

Жарнама

Тәуелсіз елміз. Осы сөздің мағынасына кім  қаншалықты барады екен. Бүгінде тәуелсіздік туы желбірегелі  жиырма бір  жыл толғалы тұр. Бұл әрине       дамушы ел үшін өте аз мерзім. Мен өзге   мемлекеттердің тарихын саралай отырып  еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістігіне таңғалам. Осы бағыттан айнымай тек алға жүріп отырсақ көп ұзамай қауқарлы елдермен тереземіз тең болары анық. Ол үшін ең бастысы бізге  Ел басымыз айтқандай  тыныштық пен тұрақтылық керек. Біздің ішкі саясатымыздың тұрақтылығын күндейтіндер жоқ емес. Қазақстан көп ұлтты, көп конфециялы ел болып саналғандықтан барлық ұлт пен діни сенімнің өкілдері бір біріне құрметпен қарауы маңызды болып табылады . Осыны негізге ала отырып «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда мынадай жолдарды көрсетіп өтуге болады. « Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады». Яғни өз дінін, өз тілі мен ғұрыпын сақтай отырып өзге ұлттың  мәдениетін құрметтеуге шақырып отыр. Бұны мен не үшін айттым.  Қазіргі кезде елімізге ең қауіптісі дін аралық тыныштықты сақтау ауадай қажет. Елімізде соңғы деректерге жүгінсек түрлі діни ұйымдар мен топтардың саны  төрт мыңнан асып жығылыпты. Бұл дегеніміз өзін дұрыс жолда жүрміз деп санайтындардың қоғамға төрт мыңнан астам түрлі идеяларды таратуда деген сөз. Осы орайда еліміз өткен жылы  жаңа заң қабылдап  қатаң қадағалауға бет бұрды. Мектептерге дінтану пәнін енгізген болатын. Демек қауіптің мектеп маңайына  жеткені. Бәрін әу баста осы мектептен бастау керек еді. Дінтану пәнін мектепке енгізгені дұрыс әрине , бірақ бұл пәнде не өткізіледі. Қазақ мектептері исламды, орыс мектептері православты оқытады ма? Елімізде түрлі ұлттың мектептері бар неміс, корей мектептері нені оқытпақ сонда? Жәрайды ешқандай дінге басымдылық берілмей дінтанушы мамандар оқытып ісіміз нәтижелі шыққан күннің өзінде  мұнымен тек еліміздегі діни ұйымдардың санын азайтамыз. Яғни  оқушылар санасына ақиқат дін исламның матурилік бағыты  мен орыс православтық шіркеудің сенімі дұрыс деген ой қалыптасады.  Менін айтпағым осы дінтану пәнінен бұрын дәл қазыр «қазақтану» (немесе дәстүр тану) пәнін енгізу орынды деп санар едім. Себебі өзін қазақпын деп санайтындар елімізде алпыс проценттен асты. Бірақ қазақ тарихын, тілін, дәстүрін шала білетін қазақ атаулары алпыс проценттің үлесін азайтпаса көбейтпейтіні анық. Бұлай дейтінім өз дәстүрі мен  тілін білмейтін, ұлтын танымайтын адамнан ұлтына деген сүйіспеншілігі бола қоюуы  екі талай. Жалпы бұл пән туралы қысқаша түсіндірме беріп кетейін.

  • «Қазақтану» 1-9сынып аралығында оқытылатын негізгі пән ретінде енсе.
  •  Пәннің оқытылу негізі: қазақ  халқының салт дәстүрі, діни ғұрпы, мәдениеті мен өнері және қазақ халқының түрлі құндылықтарын қамтиды.
  •  Бұл пән оқушыны отанды сүйуге шақырып патриоттық сана қалыптастырып, еліміздің табиғи байлықтарын су,жер, ауа,табиғатты аялауға үйретеді
  • Аталмыш  пән қазақ және орыс тілінде өтіле береді. Тіпті өзге тілдеде . (жергілікті мектептің ынғайына қарай) Себебі Қазақстанды отаным деп санайтын әрбір оқушы қазақ халқының дәстүрін білуі тиіс.
  • Сондайақ Қазақстанға қоныс аударып келген өзге ұлттардың қазақ халқының алдында қарыздар екенін және бүгінгі ұрпақтың ата баба алдында борыштар екенін ұғындыру керек
  • Мемлекет қаржысын үнемдеуге электр қуатын тиімді пайдалануға, мелекет меншігіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, сондай ақ үнемшілдікке үйрететін пән болып табылады.

Осы  ізгі қасиеттерді бойыңа жастайынан сіңіріп өскен бала ертең қайдағы бір секта, болмаса түрлі топтарға еріп кетуі мүмкінбе?  Аталған пән енгізілсе біз тек діннен келетін қауіптен ғана емес түрлі елімізге келетін қауіптен сақтанған болар едік. Бір ұлттың өз құндылықтарын жоғалтқан күннен бастап өзгенін құндылықтарын бойына сіңіру процесі басталатыны тарихтан белгілі. Бұл батыстың бұрынан жүргізіліп келе жатқан саясаты. Ащы да болса шындық қазіргі кезде қоғам түгел батыстың субмәдениетіне ынтық болып отыр. Бұлай дейтінім біз батыс десе демократия және  ар ұяттан жұрдай қоғамды көз алдымызға елестетеміз. Шын мәнінде батыс олай емес. Ұлыбританя , Германия, Франция т.б батыстың алпауыттарында қоғам мүлде басқаша. Шынайы демократияның нормаларына сай адамгершілік пен жауапкершілікке  қатты мән береді. Ал біз тек көлеңкелі жағын ғана көремізде оны асыра орындаймыз. Еліміздің жастары қаншалықты білімді болғаны мен сол білімді бір ойға жиып ұстап тұратын рухани күш жоқ. Тек жан жақты ақпараттар мен жаңа технологияның тілін түсінуге ғана қызығушылығымыз күн санап артып келеді. Бұл әрине жақсы. Бірақ білгенімізді бір ой төңірегіне шоғырландыруымыз керек қой. Жалпы қортындылай келе мен дінтану пәнінің мектепке енгізілгеніне қарсы емеспін, бірақ «қазақтану» пәнін неге енгізбеске. Жаһандану дәуірінде дәстүріңнен бір сәтке көз жазып қалсаң әбсәтте ақ тегіңнен айырылып жұтылып кетуің ғажап емес. Сондықтан біздің ішкі рухымыз мықты болса сырттан келер қауіпте азаяр еді. Ол үшін тек қазақ қана емес бүкіл қазақстандық болып ортақ қазақ  мәдениетін бойымызға сіңіру қажет. Бұл өзге ұлттың мәдениетін мойындамау болып саналмайды. Қайта бірлігіміз нығайып көркейе түсеріміз анық.

Ержігітов Марат.
ҚазҰУ. Философия және Саясаттану факультетінің 3-ші студенті.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz