Онкологиялық ауру алқымнан алып тұр

Жарнама

«Ендігі жер­де он­ко­ло­ги­ядан бо­ла­тын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші ке­зек­ке шықпақ. Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда, біз жүрек-қан та­мыр­ла­ры ауру­ла­ры мәселесі бой­ын­ша жасағандай, Онкологиялық жәрдемді да­мы­ту бағдарламасын әзірлеуді тап­сы­ра­мын. Сол сияқты Ұлттық медициналық хол­динг ба­за­сын­да Ас­та­на­да қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін де қарастыру қажет»

            ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жол­да­у­ы­нан.

Өмір — қозғалыстың көркем көрінісі… Қозғалыс бол­ма­са, өмір де жоқ. Ақын тілімен айтқанда, дүние ат­ты үлкен көл за­ма­на ат­ты соққан желдің күшімен толқып, дөңбекшіп, қозғалысқа түсіп жа­тыр. Уақыт — өзгерістің са­рап­шы­сы. Уақыт – жеміс те береді, жеңіс те әкеледі. Уақыт – бас­тан жақты да ай­ы­ра­ды, жа­ра­ны да жа­за­ды.

Иә, уақыт әр адам­зат ба­ла­сы­на қымбат. Алай­да бәрінен де опе­ра­ция жа­сай­тын дәрігер мен өмір де­ген өзеннің тәтті су­ын мейірі қанып, қызықтап, жеткілікті ішкісі келетін емделуші сырқат адам «уақыттың бір ми­нут қадірін» же­те бағалап, түсінеді.

Бүгінгі таңда ме­ди­ци­на са­ла­сы қарыштап да­мып келеді. Әлемде қаншама ар­найы ап­па­ра­ту­ра­лар шығарылып, адам­зат ба­ла­сы техниканың арқасында күрделі опе­ра­ция жа­са­тып, өмір сүруде. Алай­да, өкінішке қарай кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылған жоқ. Соның бірі — қатерлі ісік. Мамандардың есептеулеріне қарағанда, елімізде жыл сай­ын осы дерт­ке ұшыраған 30 мыңдай адам анықталады. Сондықтан өзекті мәселеге Ел­ба­сы да 27 қаңтар күні халыққа Жол­да­у­ын­да тоқталып өтті. Пре­зи­дент Үкіметке 2 ай аралығында қатерлі ісік ауру­ла­ры­мен күресудің нақты бағдарламасын дай­ын­да­у­ды тап­сыр­ды.

Дүниежүзінде жыл сай­ын 10 млн. адам осы дерт­ке шалдығатыны анықталса, олардың 8 мил­ли­о­ны көз жұмады екен. Әлемде бо­лып жатқан адам өлімі оқиғаларының 13 пай­ы­зы осы қатерлі ісіктің еншісінде. Мамандардың пай­ым­да­у­ын­ша, бұл көрсеткіш алдағы уақыт-тар­да 1,5-2 есе­ге өсуі мүмкін дейді ма­ман­дар. Елімізде 30 мыңға жуық науқастың қатерлі ісікке шалдыққаны анықталып отыр. Қазір әлемде қатерлі ісікті емдейтін түрлі дәрі-дәрмектер шығып жа­тыр. Бірақ олардың ешқайсысы обыр­ды 100 пай­ыз ем­дей ал­май­ды. Қатерлі ісікті кешенді түрде ем­деу ке­рек. Атап айтқанда, хирургиялық тәсіл, сәулені қолдану мен химиялық те­ра­пия, сон­дай-ақ им­му­но­те­ра­пия арқылы ем­деу.

Елімізде бұл дерт жы­лы­на 17 мыңнан ас­там адамның өмірін жал­май­ды де­ген де­рек бар. Қатерлі ісіктің қаншалықты қауіпті екенін осы­дан-ақ біле беріңіз.

Қатерлі ісік не­ден пай­да бо­ла­ды?

Ме­ди­ци­на тілінде «он­ко­ло­гия» гректің «қатерлі ісік» және «ілім» де­ген сөзін білдіреді. Ал «кан­цер» (рак не­ме­се обыр) терминін қолданысқа алғаш рет атақты ғалым Гип­по­крат енгізген. Ол обыр клеткаларының теңіз ша­я­ны сияқты шатасқан аяқтарымен адам денесіне жай­ы­ла та­рай­ты­нын анықтаған. Обыр клет­ка­сы адамның ба­сы­нан бақайшағына дейін кез­де­се береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лим­фа та­мыр­ла­ры арқылы ағзаның мүшелеріне та­рай­ды, не­ме­се ба­ла­лай­ды. Сөйтіп жы­лы­на 20 мил­ли­он адамның өмірін жал­май­ды. Бұл әрбір жетінші адамның өмірін осы обыр жал­май­ды де­ген сөз. Осы қорқынышты көрсеткішті азай­ту жо­лын­да дәрігерлер қолдан келгенін істеп бағуда.

Негізі әр адам жы­лы­на бір рет денсаулығын тек­се­ру­ден өткізіп тұрғаны жөн. Жа­сы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адам­дар жы­лы­на бір рет қуық ас­ты және қал-қанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер 5 жыл­да бір рет жа­тыр мойнының ісігін, 50-ден асқан әйел-ана­лар екі жыл­да бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы ке­рек. Ауру­ды ер­те анықтап, са­па­лы ем жүргізсе, тез сауығып кетеді. Әрбір адам өзінің денсаулығы үшін кем де­ген­де жы­лы­на бір рет тексерілгені аб­зал. Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Ісік әбден өсіп, айналасындағы ағзаларды қысып, ауыр­та бастағанда ғана сезіледі. Егер ауру ер­те, І-ІІ са­ты­сын­да анықталса, 80 пай­ыз айығып ке­ту­ге мүмкіндік бар. Әрине, адам ауру­ды тілеп ал­май­ды. Ен­де­ше қатерлі ісік не­ден пай­да бо­ла­ды? Мамандардың ай­ту­ын­ша, өкпе рагінің 35 пай­ы­зы темекі ше­гу­ден пай­да бо­ла­ды екен. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпты зат – бен­зо­пи­рен бар. Күніне 20-30 та­лын шек­кен адам­да ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Со­дан ісік ту­ын­дай­ды. Бен­зо­пи­рен қуық қатерлі ісігін де ту­ды­ра­ды екен.

Ал енді өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды – шай­ды, кофені, май­лы сор­па­ны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шай­на­май жұтудан, күйдірген май­ды бірнеше рет қолданудан бас­та­ла­тын көрінеді.

Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жы­ныс мүшесінің со­зыл­ма­лы ауру­ла­ры, тұқымқуа-лаушылық, жиі күйзелу мен гор­мон­дар деңгейінің бұзылуынан бас­та­ла­ды. Сондықтан әйелдер мүмкін бол­са сүт бездерін ай­ы­на бір рет тек­се­ру­ден өткізгені жөн.

Қатерлі ісіктің тағы бір түрі бар, ол адам бой­ы­на туа са­лы­сы­мен бітеді. Мұндай жағдай көбіне жүктілік кезінде тый­ым салынған дәрі-дәрмекті қолданудан бо­ла­ды.

Міне, қай жағдайға қарасаңыз да қауіпті ісіктің ту­ын­да­у­ы­на өзіміз себепші бо­ла­ды екенбіз.

Қатерлі ісіктің ал­дын қалай ала­мыз?

• Үнемі бір түрдегі азықтарды пай­да­лан­бау;

• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән бе­ру;

• Аса тоя тамақ же­меу;

• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сы­ра ішпеу. Өйткені сыраның құра-мын­да көп мөлшердегі көмірқышқыл га­зы болатындықтан, асқазандағы көмірқышқылы-ның мөлшерін одан әрі ар­т­ты­рып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

• Темекіні шек­тен тыс, тіпті мүлдем тарт­пау;

• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды же­меу;

• Шек­тен тыс шар­ша­мау;

• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;

• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;

• Еңбек ету мен де­ма­лу тәртібін сақтаңыз;

• Де­не шынықтыру белсенділігін ар­т­ты-рыңыз.

Ісікке қарсы тұра ала­тын А, С және Е дәрумендерін, се­ле­на, фо­лий қышқылын, ет мөлшерін қысқартып, балық және құстың етін, балластық заттарға бай азық-түліктерді көбірек пай­да­ла­ну — әрбір адамның саулығының кепілі.

 

Дәрігерлер не дейді?

Ғаламтордан алынған дәрігерлердің пікіріне құлақ түреп көрелік:

Жет­кер­ген АРЗЫҚҰЛОВ, Қазақ он­ко­ло­гия ғылыми-зер­т­теу институтының ди­рек­то­ры, ме­ди­ци­на ғылымының док­то­ры, про­фес­сор:

— Негізінде, қатерлі ісік дертіне қарсы тұрудың бірінші жо­лы – бұл ауру­ды ер­те са­ты­да анықтау үрдісі. Қазір осы бірінші бағытты Қазақстан ме­ди­ци­на­сы тереңінен меңгерді де­сек те бо­ла­ды. Дерт­пен күресудегі екінші бағыт – бұл дертті ем­де­ген кез­де ең тиімді ем жа­сау жо­ба­сын қолдану. Мы­са­лы, қатерлі ісік дертін емдеудің үш түрлі жо­ба­сы бар. Оның біріншісі – ота­лау, яғни опе­ра­ция жа­сау, екіншісі – түрлі сәулелермен ем­деу жо­ба­сы, үшінші жо­ба – бұл химиялық жол­мен ем­деу. Дерт­пен ауырған адамға осы жо­ба­лар­ды тиімді пайдаланудың өзі дерт­ке қарсы им­му­ни­тет қалыптастыра ала­ды. Жал­пы, бұл дертті ем­деу, дерт­ке қарсы им­му­ни­тет қалыптастыру жағы көңілден шығады. Бұлай дейтін себебім, біз халықаралық жи­ын­дар­да жоғары дәрежелі әріптестерімізбен жиі бас қосамыз. Сон­дай сәттерде олардың көпшілігі «Қатерлі ісік дертін ем­де­уде Қазақстан тәрізді ар­найы бағдарлама қабылдаған ел ТМД көлемінде жоқтың қасы» деп біздің елімізде бо­лып жатқан іс-шараларға көңілге то­лым­ды баға береді. Үкіметтік деңгейде он­ко­ло­гия са­ла­сын қаржыландыру, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жағы да өз деңгейінде. Сондықтан ендігі біздің міндет шар­ша­май, тал­май еңбектену бо­луы тиіс. Мен әр қазаққа «Таңмен бірге күліп оян!» дегім келеді. Күлкінің адам өмірін ұзартатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Егер сіз ашу­ла­нып тұрып күліп жіберсеңіз, сіздің миыңызға қуаныш «сиг­на­лы» ха­бар береді де, жан дүниеңіз күлімсіреп, жібіп са­ла бересіз. Мен үнемі қарамағымдағы әріптестеріме: «Алдарыңа кел­ген науқасты күліп қарсы алып, күліп шығарып салыңдар, сон­да ғана сен­дер сырқат адамның көңілін бір сәт бол­са да көтеріңкі күйге бөлейсіңдер», – деп оты­ра­мын. Әттеген-айы, бүгінде қысқа жібі күрмеуге кел­мей жүргендердің са­ны ар­тып ба­ра ма, қалай? Әйтсе де күлкіден де оймақтай ой түйіп, жабырқаған көңілді жадыратуға күш салуға тырыссақ жөн еді. Күлкі де дерт­ке да­уа, жанға ши­па бо­лар еді.

 

До­сбол Са­у­ка­тов, Қазақ он­ко­ло­гия және ра­дио­ло­гия ғылыми-зер­т­теу ин­сти­ту­ты директорының ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі орын­ба­са­ры, ме­ди­ци­на ғылымдарының док­то­ры:

— Атам қазақ «Ауы­рып ем іздегенше, ауыр­май­тын жол ізде» деп дәл айтқан-ау. Сондықтан әр адам ең ал­ды­мен өзінің денсаулығына қарауы тиіс. Өзі са­ла­у­ат­ты өмірді жүргізуі ке­рек. Көптеген аурудың себепкері – темекі. Ол дәлелденген дүние. Өкпе қатерлі ісігінің 99 пай­ы­зы дәл осы темекінің кесірінен бо­ла­ды екен. Ал дұрыс тамақтанбау нәтижесі асқазанның ауру­ы­на әкеліп соғады. Мәселен, 30-шы жыл­да­ры АҚШ-та асқазанның қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан бо­ла­тын. Ал қазір бұл мәселе оңтайлы шешімін тапқан. Өйткені аме­ри­ка аза­мат­та­ры дер кезінде ша­ра қолданып, қатерлі ісікпен күресті ба­с­ты на­зар­да ұстап, тамақтану тех­но­ло­ги­я­сын жақсартты. Тағамдарда көкөністерді көптеп қолдану, еттің үлес салмағын азай­ту сын­ды тәжірибелер оң нәтижесін беріп, қатерлі ісіктің ал­дын алуға мүмкіндік ту­дыр­ды. Со­ны­мен қатар күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелер нәтижесінде терінің қатерлі ісігі пай­да бо­ла­ды. Сондықтан 17 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді күн сәулесіне күйдірмеген аб­зал. Әсіресе, күндізгі сағат 11 мен кешкі сағат 5-6 аралығында ультракүлгін сәулелер көп бөлінеді. Бұл уақыт аралығы тіптен қауіпті. Бүгінде «со­ля­рий», яғни ультракүлгін сәулелерінің жа­сан­ды түрі шығып жа­тыр. Оны жас балаларға пайдалануға мүлдем бол­май­ды. Жас ұлғая ке­ле оның за­рда­бы­нан теріде қатерлі ісік пай­да бо­луы әбден ықтимал.

Ав­тор: Гүлсім МҰРЫНОВА.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Онкологиялық ауру алқымнан алып тұр"

avatar
Мақпал
Қонақ

Менің жеңгем жатыр мойны ісігімен ауырады.Атырауда ем алып жатыр.Жағдайы жақсы емес.Астана ,Алматы қалаларына емделсе бола ма? Қалай хабарлассам болады?

wpDiscuz