Ұлт түбіне арақ жетер

Жарнама

Ұлт түбіне арақ  жетер Ащы су атанған спирттік ішімдік адам ағзасының барлық мүшесіне зақым келтіретінін мектептегі балаға дейін біледі. Бірақ, ішетін адам мұны ойлап жатпайтыны анық. Мамандардың айтуынша, этанол мен оның метаболиттерінің кесірінен ағзадағы жүрек-қантамыр жүйесінің, зәр шығару жолдарының, тыныс алу жолдарының да мүшелерінің қызметі бұзалады. Тәні уланған адамның санасы да  сау болмайды. «Денсаулық үшін» деп ішіп, ақырында өз денсаулықтарын құртып алғанымен қоймай, оған себепшіні арақтан емес, басқадан көретін жас та, жасмыста жетерлік. Маскүнемдіктің жыныс та таңдап жатпайтыны тағы бар. Әйел де, еркек те, жігіт пен қыз да араққа ауыздықталып, арын аяққа таптатып жүргендері қарнымды аштырады. «Жөнімен ішсе жақсы ғой» — деп күрсінетін балалы келіншекті, «Әйел бұзылса қиын екен» дейтін күйеуді де, «үмітімді ақтамады» дейтін ана мен «менің балам емес» деп теріс қарайтын атаны да жұбата алмаспыз. Тек нашаға бергісіз болып бара жатқан арақ атаулыға қарсы тұрарлық қауқар барын айтқымыз келеді. Маскүнемдікпен күресу  жолдарының бірден бір жолы – медициналық көмек екенін еске саламыз.

Жалпы, сыраның өзі сыра маскүнемдігін туындатады, ал бұнын араққа салынудан еш айырмашылығы жоқ. Тек ішетін адам бір бөтелке арақтың орнына бір жәшік сыра ішіп тауысуға құмартады. Ал барлығы да сыраның аз мөлшерінен  басталады да, біртіндеп ішетін мөлшері көбейе береді, ақыры бұған ағзаның өзі уйреніп алады. Әсіресе, жас ағзаға сыраның қауіптілігі жоғары. Жасөспірімдік шақта сырадан бастап, біртіндеп  араққа көшкендерді емдеу қиынға соғады. Сол сияқты, энергетикалық сусындар да күшті стимуляторлар қатарына жатады, адам бұған да бойын үйретіп алса, онда олар да аталмыш сусынсыз жұмысқа қабілеттілігін жойып, оған деген құмарлығы күшейеді. Бұны қарапайым ғана кәдімгі шәй немесе кофе ішпесе, бас ауыратындармен теңестіруге болады. Олай болса, құрамында алкоголі аз деп есептелетін ішімдіктердің де қауіптілігі алдыңғысынан бір де кем емес екенін ескеере жүргейсіз. Балаңыздың энергетикалық сусын іше бастағанына да немқұрайлы қарай көрмеңыз. Бұның бәрі алкоголизмның алғашқы сатысы болуы мүмкін. Сондай-ақ, «Масаймаудың бірден-бір жолы – сол спирттік ішімдіктерге қарсы тұра білуде, ал оны жас кезден бастап қалыптастыру керек» дейтіндердікі далбаса сөз. Дәрігерлер тәжірибесіне сүйенсек, керісінше, кезінде арақтың уытына бой бермей жүргендер маскүнемдікке қалай салынғанын сезбей де қалады екен. Американдар жүргізген бір зерттеу нәтижесі де осыны дәлелдейді. Олар 20 жасында қанша ішімдік ішсе де, мас болмайтындар араға он жыл салып, алкоголизмнен емделуіне тура келгенін алға тартады. Оның үстіне жарты литр сыра 50-60 мл араққа тең екенін ескері керек. Енді өзіңіз есептей беріңіз, күніне 4 бөтелке сыра ішкен жиырма жасар жігіт 200мл арақ ішкенмен тең. Ал күніне 200 мл-ден аса таза спирттік ішімдік ішу маскүнемдіккі апарар тура жол екендігін ұмытпаңыз.

Ал өзін-өзі алдап, араққа деген құмарлығын ақтап алғысы келетіндердің «маскүнемдіктен емделудің жолы жоқ» дейтіндерін қайтерсің. Бұл да бос сөз көрінеді. Алкоголизм тез емделеді. Тек оны дер кезінде қолға алған жөн екенін ұмытпау керек.

Алда-жалда дүкен сөрелерінде  самсаған арақ атауларына көзіңіз түсе қалса, «ойпырмай, иынадай да арақ шыққан ба?» деп таңғалмай өту мүмкін емес, арақ атамыздың асы болғанымен, олардың арасында тарихты есіңе түсіретін «Золотая Орда», «Номад» сияқты атаулары баршылық. Ал «Қазақстан атты арақ пен коньяктың, шылымның барын әлімсақтан білеміз. Адамдаы адамдық кейіптен айыратын ішімдік пен темекінің осындай қасиетты атауды  «арқалап» жүргеніне өкінгеннен басқа лажың жоқ. Ақшасы барлар бағасы мың теңгеден асатын арақтарды хош көріп жатады.

Бірақ «жақсы арақ ішкендіктен мас болыпты» деген адамды естісек, құлағымыз керең болсын. «Мирас» деген де арақ бар екен. Кімнен кімге мирас сонда? Ал «Достар» деген атау, былай қарағанда, араққа келіңкірейтін де сияқты. Өйткені стақан қағысып отырған адамдар жанқиярлық дос секілді болып отыратын әдеті ғой. Бірақ мас адам да ит сияқты үріп кетпей ме?! «Мәке», «Нұреке» деген де арақтардың атаулары бар. Мұны енді есімдері Нұрлан, Марат деген адамдар қызығып сатып алсын деп шығарған болар. «ҚазАқпараттың» таратқан дерегіне сүйенсек, «Қазақстан – Орталық Азиядағы нағыз ішімдікке құмар ел» болып отыр. Бұл жайында жыл басында Парламент отырысында да сөз етілген еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкілжер шарында спирттік ішімдіктерді тұтыну деңгейін айқындау үшін 188 елде арнайы мониторинг жүргізген екен. Ал оның нәтижесі бойынша Қазақстан 34-орында! Еліміз спирттік ішімдік пен темекіге деген акциздік маркалардың бағасын өсіріп, кәмелеттік жасқа толмағандарға сатуға тыйым салып, түнгі уақытта тек ірі  сауда орындарында ғана  сатылуға шектеу қойғанымен, ішетін адамның қарасы азаймай отыр. Ішімдік  ішіп көлік  жүргізгендер де, адам жанын қиып жатқандар да, отбасының ойрандалып отырғаны осы ащы судың уыты емес пе?

Сандуғаш  ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz