Той туралы толғаныс…

Жарнама

Ба­ла ер жетіп, қыз бой­жет­кен шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» па­рыз. Екі жастың бас қосып, от­ба­сын құруы — ежел­ден қалыптасқан дәстүр. Кез-кел­ген қыз ба­ла тұрмыс құрып, ана ата­нуы табиғат заңдылығы «Қыз – қонақ», «қыз – жат жұрттық» де­ген нақылдар бе­кер айтылмаған.

Қыз – кие. Қыз – қасиет. Қыз — на­мыс. Қыз – ар. Қыз – адал жар. Ақ көйлек киіп, адал жар ата­ну әрбір арудың ар­ма­ны. Той киімін ки­ген жас жұбайлар. Торт. Гүл. Әсем бе­зен- дірілген мей­рам­ха­на. Мұның барлығы тойдың сәнін келтіреді. «Тойдың болға- ны­нан бо­ла­ты­ны қызық» демекші, үйлену сал­ты негізінен, үйленуге дайындықтар, құдалық, той және той­дан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыт- тар­дан құралады. «Той де­се, қу бас до­ма­лай­ды» дейтін халықпыз. Той біздің ұлтымыздың ежел­ден ке­ле жатқан дарқандығын, бар жиған-тергенін тек қуанышқа шашатындығын көрсетеді. Бұрын негізінен шілдехана, ұлды сүн- дет­ке отырғызу, мүшел жасқа то­лу тойы, келін түсіру, қыз ұзату секілді тойларға ерек­ше көңіл бөлген. Ал қазір ше? Қазір сәби дүниеге келгені, қырқынан шыққаны, шілдеханасы, тілашары, жүргені, бір жасқа то­луы, мек­теп­ке ба­руы, ат­те­стат алуы, әскерге ба­руы, әскерден ора­луы, үйленуі, т.б. қысқасы туылғаннан күннен бас­тау алып, жетпіс жасқа дейінгі бол­ма­шы той­лар­ды қар- жы­мыз­ды босқа ша­шып, мей­рам­ха­на­да өткізіп жа­та­мыз. Атал­мыш той­лар­ды үйде де жақсы өткізуге бо­ла­ды емес пе? Қазір той өткізу де бәсекеге ай­нал­ды. Адам­дар да тойға кісіні таңдап, талғап ба­ра­тын бол­ды. Қолында билігі, ла­у­а­зы­мы жоғары азаматтың той­ы­на көпшілік сый­май жа­та­ды, ал жоқ-жітік адамның қуанышына кей­де адам­дар жи­на­ла қоймайды. Адам өзгерді ме, әлде қоғам өзгерді ме? Адамның са­на­сы өзгерді. Бұл күндері кез кел­ген мей­рам­ха­на, дәмхана бол­сын, оған әрбір орын үшін ақша бөлек төленеді. Бұған аспазшының, даяшының, аса­ба-ның, әнші-күйшінің, бейнетаспаға түсірушінің еңбегіне берілетін ақыны қосыңыз. Қысқасы, қазір той өткізу қай ата-анаға бол­сын қып-қызыл шығын. Тіпті бір қыздың ұзату той­ын қатарынан кем қылмай өткізу үшін, 1 млн. теңгедей қаражат қажет. Бұрында қыз үйінен ұзатылып кететін. Бүгінгі таңда әуелі мей­рам­ха­на­да жа­сай­ды, ертесіне үйі- нен кетеді. Оның үстіне, жүк жа­са­у­ын қосыңыз. Әке-ше­ше байғұс қызының бақытынан не ая­сын, банк­тен не­сие ала­ды. Оған қоятын кепілдігі бол­ма­са, амал­сыз біреуден қарыз алу­дан басқа ештеңе қалмайды. Құдайға қараған бір адам бол­са бір сәрі.

Соңғы кез­де тойымызға республикамыздың атақты эст­ра­да әншілер, ан­сам­бль­дер мен топ­тар­ды, күлдіргі са­ти- риктерді шақыру көбейіп ба­ра­ды. Әрине, талғамға та­лас жоқ. Ақшаға то­лы өмір, тәтті тұрмысқа тый­ым са­ла алмайсың. Ша­ша ма, төге ме, жиған-тергенін әнші- лер­ге бе­ре ме той иесі өзі біледі. Мұндай «ши­кар­ный» той­ды «адал маңдай тері- мен» та­быс та­ба­тын аза­мат­тар өткізе ал­май­ты­ны анық. Аз ғана ақшамен қайдан әнші шақырсын? Бұлақтан аққан су­ын­дай көл көсір той­ды бай­лар ғана өткізе ала­ды. Той­лар­да біздің ұлттық на­мыс, талғам байқала бермейді. Қазақы той­лар­да жал­пы би де­ген көбіне өзбекше, ұйғырша, орыс­ша сазға құрылады. Со­дан кейін: «Ба­ри гәл, бәри гәл, бәри гәл, си­ний иний, си­ний иний уу­уу» деп, аяқ- қолымыз ербеңдеп әуреге түсіп жа­та­мыз. Бидің әуенін таңдағанда да ұлттық ғұрып, өзіндік бет-бей­не, ұлтжандылық бол­са игі.

Тойдың қызық,  мазмұнды  бо­луы­мен қатар тәрбиелік мәні жоғары бол­са ұтымды  бо­лар еді. Со­ны­мен қатар,  үйлену  той­ын­да жас  жұбайлардың жақсы жақтарын сөзбен ғана емес сценалық мағынада көрсетілсе, жастарға үлгі. Бе­та­шар тойға қызылды, жа­сыл­ды ма­та, тақия,  ша­пан, көйлек, кос­тюм шал­бар әкелудің реті жоқ секілді. Бұл киімдерді ешкім кимейді, қайтадан басқа біреуге ауы­с­ты­рып береді. Қажетсіз дүниелер ешқандай моральдық не­ме­се материалдық пай­да әкелмейді.

Солардың ор­ны­на сол той­ды ес­ке алып жүретіндей су­ви­нер не­ме­се қажетті, ес­те қалатындай сыйлық беріл се, дұрыс бо­лар еді деп ой­лай­мыз.

«Әр елдің сал­ты басқа…» демекші, бәріміз қазақ болсақ та, Қазақстанның әр аймақта той әр түрлі өтеді. Ең ба­с­ты ерекшелігі сол, бір жер­де бар дәстүр, екінші бір аймақта жоқ не­ме­се басқаша орын­да­ла­ды.

Әнел АСҚАР, «Ха­бар» те­ле­ар­на­сының тілшісі:

— «Келін түсіріп, қыз ұзату» әр қазақтың ар­ма­ны. Кез кел­ген тойдың машақаты да көп, көңіл қуантар ра­ха­ты да аз емес. Бүгінгі қыз ұзату тойы үйлену той­ы­нан артық өтпесе, кем түспейді. Мен Жам­был облысының ту­ма­сы­мын. Қыз ба­ла­ны жат-жұрттық боп жаралған соң бес күндік қонағым деп құрметтеген халықтың ұрпағымыз. Үйлену дәстүрі бол­сын, ру­ха­ни, заттық мәдениет қырлары мен жал­пы дәстүрлі тұрмыстық ахуалдарға бай­ла­ны­с­ты атқарылатын көптеген жо­сын-жоралғылардың бүгінгі күні көп сақталған өңірі деп Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын атауға бо­ла­ды. Оңтүстікте өзбектің би әуендеріне әуес. Біздің Та­раз қаласында той басқа өңірлерге қарағанда мүлдем басқаша өткізіледі. Қандай той бол­ма­сын, солтүстік өңірде жүз адам­нан кем шақырылмаса, оңтүстікте қонақ са­ны кемінде бес жүз адам­нан асып жығылады. Қыз үйінен ұзатылғанда жа­са­у­ын бірге беріп жібереді. Күйеу жігіттің жағында бо­ла­тын тойға қыздың ата- ана­сы міндетті түрде қатысады. Бе­та­шар үйлену тойының үстінде емес, келін босағадан ат­тап, ба­сы­на ора­мал салынған күні ақ орын­да­ла­ды. Со­дан соң, бір ай не­ме­се үш-төрт ай­дан кейін, мей­рам­ха­на­да кешкі той­ды өткізеді. (кей­де бір жыл­дан кейін, әр отбасының тұрмыстық жағдайына бай­ла­ны­с­ты) Қалындық пен күйеу жігіттің ата ана­ла­ры төс қағыстырады. Және оңтүстік аймақтың бір ерекшелігі бас­пен иіліп «сәлем» береді. Ата әжелер келіннің салт дәстүрді сақтауына ерек­ше на­зар ауда­ра­ды. Келіннің міндетті түрде ора­ма­лын тағып жүруі тиіс. Жак­сы жар, бо­ла­шак ана, бо­ла­шак от ана­сы иман­ды, әдепті, ина­бат­ты, сы­пайы, тәрбиелі, адамгершілігі мол, барлық жағдайда жол­да­сы­на тіреу бо­ла ала­тын адал жар, ба­ла­ла­ры­на жақсы тәрбие бе­ре ала­тын ана, ата-енесін өз ата ана­сын­дай коретін, сый­лай­тын келін бо­лу ке­рек. Қазақтың ат­пал азаматының босағасына бақ бо­лып қонып, қазақ елінің шаңырағын шайқалтпай, керегесінің кең, іргесінің берік бо­лу­ы­на септігін тигізетін қазақ келіндері көп болғай!

Аза­мат ТУ­РА­ЛИ­ЕВ, әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ-дың ма­гист­ран­ты:

— Той — идеологиялық мақсатты жүзеге асы­ра­тын іргелі іс-ша­ра. Әрине, қалтасы қалыңның тойы бар, жұқаның тойы бар. Бірақ, бәрібір, әр той­ды тәрбие құралына ай­нал­ды­ру­ы­мыз ке­рек. Жас жұбайлардың, әсіресе жас келіннің ата- енесінің аузы­на торт тықпалауы қазаққа жа­рас­пай­ды. Той­ды тіл мәдениеті арқы- лы жөндеуге әбден бо­ла­ды. Мен Се­мей­де, Шым­кен­т­те, Ал­ма­ты­да, Пав­ло­дар­да достарымның той­ы­на қатысып көрдім, сон­да байқағаным, Ба­тыс Қазақстанның тойы басқа облыстарға қарағанда өзгеше ұйымдастырылады екен.

«Қызға қырық үйден тыю, қала берді күңнен тыю» де­ген халық да­на- лығы бүкіл ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылғанымен бүгінгі түсінік басқа. Себебі қазіргі қазақ қыздарының көбісі салт-дәстүрді ескіліктің жұрнағы деп түсінеді. Бүгінгі таңда әлемдік өркениетке бағыт алдық. Осыған орай демократиялық қоғамда тұрмыс-тірші- лігіміздің бұрынғы күйі басқа арнаға ауы­сты. Дәлірек айтқанда, еркін ақпарат ал­ма­су үрдісі қалыптасып, ұлттық тәрбие мектебіміз де жаңа за­ма­на­уи сипатқа ие бол­ды. Бүгінгі кез қазақ қызына қарап «үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» деп теңеу ай­та­тын уақыт емес. Де­сек те ертеңгі күні бір шаңырақтың ұйытқысы бо­лар қаракөздеріміздің бүгінгі жүріс- тұрысына, киім кию мәдениеті мен жал­пы әдеп мәселелеріне қатысты көптеген сы­ни пікірлер бар. Са­на­ны тұрмысқа тәуелді қылмай, керісінше, тіршілігіміздің ты­ны­сын биік өремен, терең түйсікпен қабылдауымыз маңызды.

Той өткізуді жан-жақты да­мы­тып, оның қызық мазмұнды бо­лып, тәрбиелік жағы жоғары бо­лу­ы­на әр той иесінің өзінің талғамына бай­ла­ны­с­ты. Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын! 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz