Балалар қандай кітап оқып жүр?…

Жарнама

«Кітап – білім бұлағы». Осы бір ата­лы сөз қай ғасырда, қай за­ман­да бол­ма­сын өз құнын жойған емес. Бүкіл адам­зат та­ри­хын­да көне дәуірлерден сақталып ке­ле жатқан тастағы таңбалардан бас­тап, көптеген жа­зу-сы­зу­лар арқылы бізге жет­кен ақыл-ой, ғылым-білім қазыналары кітап арқылы игілігімізге асу­да. Кез кел­ген адамның білімі мен танымының, ой-өрісі мен са­на-сезімінің  да­му­ы­на кітап-тың ұланғайыр әсер ететінін ай­тып жатудың өзі артық бо­лар. Бұлақтың дарияға бет ал-ғанындай, әліппеден бас­тау ала­тын білім кілті кітап — оқимын де­ген адамның сенімді серігіне, ай­ны­мас до­сы­на ай­на­ла­ры сөзсіз. Кітаптардың құдіретті күшін же­ке адам­дар ғана емес, өркениетті мем­ле­кет­тер де жоғары бағалаған, аса маңызды са­я­сат деп қараған. Соғыстан әбден күйреген, екі атом бомбасының қасіретін шек­кен, жеріне ешқандай шикізат жоқ жапондықтар не істеген? Ең ал­ды­мен жас-тар бойындағы рух­ты көтеруді қолға алған. Олар «Жас­тар он-он бес жыл­дан кейін елдің арқасүйер кад­р­ла­ры бо­ла­ды» деп есеп­те­ген. Ол үшін білім беруді жетілдірген, кітапханалар желісін кеңейткен екен.

Осы­нау тех­ни­ка дамыған за­ман­да ба­ла­лар мен жасөспірімдердің ба­сым көпшілігі уақыттарын те­ле­ди­дар, ком­пью­тер ойнауға, му­зы­ка тыңдауға ар­най­ды. «Заманың түлкі бол­са, та­зы боп шал» демекші, олардың ішінен компьютерді жоғары деңгейде үйреніп, тех­ни­ка­ны жетік меңгеруге ын­та­ла­нып жүрген қазақ жас­та­рын көргенде қуанасың. Бірақ, кітаптың және кітап оқудың ор­ны бөлек. Бүлдіршіндерімізге өз жа­сы­на сай кітап оқы-ғандары дұрыс. Өйткені, кітап адам­зат ба­ла­сы­на білім сый­лай­ды.

Қазақ ба­ла­лар әдебиеті ту­ра­лы сөз қозға-ғанда ең ал­ды­мен Мүбәрәк Жа­ман­ба­ли­нов, Мұзафар Әлімбаев, Әнуарбек Дүй-сен­би­ев, Бердібек Соқпақбаев, Қаржаубай Ома­ров сын­ды қаламгерлердің есімі тіл ұшына ора­ла­ды. Бүкіл ғұмырын ба­ла­лар әдебиетіне арнаған тұлғалардың ор­ны қашанда бөлек. Қазір балаларға ар­на­лып көптеген сүбелі дүниелер жа­зы­лып, жаңадан са­па­лы кітаптар шығуда. Бірақ солардың көпшілігі балғын оқырмандарға жет­пей жатқаны өкінішті. Өйткені, кітаптардың та­ра­лы­мы өте аз. Шы­ны ке­рек, ауылдық жерлердегі ба­ла­лар әдебиеттен алшақтап қалды. Бұрын бүлдіршіндердің бәрі ақын-жазушылардың көз ал­дын­да бо­ла­тын, қара домалақтарымыз қазақ қаламгерлерінің шы-ғармасы арқылы есейетін.

Кеңес өкіметі тұсында көп да­на­мен та­рал-ған «Ұлан» газетін әр от­ба­сы алып оқитын. «Балдырған» мен «Ақжелкен» жур­нал­да­ры­на да жеткіншектер жа­ры­сып жа­зы­лу­шы еді. Кейінгі уақытта бұл басылымдардың ти­ра­жы айтарлықтай азай­ып кетті. Қазіргі таңда балаларға ру­ха­ни азық бо­ла­тын­дай, олар­ды тәрбиелейтін құралға ай­на­лар жаңа кітаптар қажет. Балдырғандардың са­на­сы­на патриоттық тәрбиенің нәрін себетін, жаңа ғасыр ұландарының пси­хо­ло­ги­я­сын, бол­мы­сын аша­тын, олардың шы­найы ты­ныс-тірші-лігін көрсететін, өмірлік қажетіне жа­рай­тын, ой­ы­нан шығатын қызықты дүниелер жоқтың қасы. Те­ле­ди­дар­дан көрсетіліп жатқан бағ-дар­ла­ма­лар мен мультфильмдердің, ки­но­лар шетелдің өнімдері. Жа­сы­ра­ты­ны жоқ, қазір ауыл мен қала баласының ара­сын­да бай­ла­ныс үзілді. Қалалық жердегі жет-кіншектердің өзі қазақ тілін білетіндер мен білмейтіндер бо­лып екіге бөлінеді. Біздің қара домалақтарымыз қазақ боп туғанына мақтанатындай дәрежеде бо­луы ке­рек. Ал олардың бой­ын­да осын­дай сүйіспеншілік се-зімді қалыптастыру – қаламгерлердің енші-сіне жазылған жауапкершілік.

Бүгінде ба­ла­лар тақырыбында қалам тер­беп жүрген ақын-жа­зу­шы­лар жетерлік. Бірақ олардың көпшілігі балдырғандардың пси­хо­ло­ги­я­сын жетік біле бермейді. Ең ал­ды­мен, кез кел­ген ту­ын­ды кішкентайлардың ұғымына сәйкес бо­луы қажет. Жыл сай­ын ақын-жазушылардың ара­сын­да «Да­ра­боз» ат­ты байқау жа­ри­я­ла­нып келеді. Алай­да, бұл байқау аздық ететіндігі сөзсіз. Ба­ла­лар әдебиетіне де­ген қамқорлық мұнымен шектеліп қалмауға тиіс. Өйткені, айналдырған бір-екі байқау арқылы қара домалақтарымыздың бәрін бірдей көркем дүниемен қамти ал­май­мыз. «Да­ра­боз­да»  жеңімпаз атанғандардың кітабы бар-жоғы мың-ақ да­на­мен шығады. Ол ауыл түгелі, қалалық жердегі балғындардың өзіне жет-пейді.

Кез кел­ген са­ла­ны иге­ру үшін, ең ал­ды­мен, та­нымбілім ке­рек. Ал әдебиетұшантеңіз білімнің қайнар көзі емес пе?! Қазіргі қазақ ба­ла­сы қандай кітап оқып жүр? Міне, осы са­у­ал төңірегінде  жас балғындарының   ой­ла­рын тыңдасақ:

Са­мат Төлесінов: — Кітап — өмір ұстазы. Кітап оқымай білім алу мүмкін емес. Сон-дықтан әр адам кітап оқуды күнделікті  әдетке ай­нал­ды­руы тиіс. Мен әдеби кітап-тар оқығанды жақсы көремін. Қазір Ә.Нұр-шайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабын ықы-лас­пен оқып жүрмін.

Да­ния Мол­дан­ба­е­ва: — Бүгінгідей тех­но­ло­гия дамыған за­ман­да кітаптың элек-трондық нұсқасын оқуға бо­ла­ды. Мы­са­лы, «Қозы көрпеш Ба­ян сұлу» кітабын оқыдым, мультфильмдегі нұсқасын да  көрдім. Со­ны­мен қатар, «Ақ Хан­ша» ертегі кітапты қызыға оқыдым. Кітап оқу арқылы ой-өрісіміз ке-ңейеді. Жал­пы айтқанда,  кітап оқу, тілімізді бай­ы­ту, ежелгі та­ри­хы­мыз­ды та­ну біздің міндетіміз.

Бақытжан Ег­дыр­ба­ев: — Тех­но­ло­гия да-мыған кез­де жаңа электрондық кітаптар дү-ни­е­ге келіп жа­тыр. Өкінішке орай, олардың ішінде са­па­сыз кітаптар да кездеседі, көбі са­у­ат­ты ауда­рыл­май­ды. Қазіргі ба­ла­лар-дың көпшілігі кітап оқымайды. Себебі ком-пьютерлік ойындарға құмар. Тіпті ата-ана­сы-на айт­пай, ой­ын клуб­та­ры­на ба­ра­тын­дар бар. Ин­тер­нет­ке, агент­ке  кіреді. Сөздік  қорды  бай­ы­ту үшін кітапты оқу ке­рек. Кітап адамға ақыл қосады. Мен Қасым Қайсеновтің «Елімнің ертеңіне сенемін» ат­ты кітабын қызығып оқып жүрмін. Ол кітапта соғыста көрген қиындықтары мен одан шығу жол­да­рын ай­та­ды

Нұржан Ізболғанов: — Қай уақытта да ба­ла­лар кітап оқуға тиіс. «Адам ке­ру­ен, адам жол» демекші, кітапты өмірдегі до­сы деп са­нау ке­рек. Кітап жақсылық пен жамандықты ажыратуға, адалдықты үйретеді. Қаламызда-ғы ба­ла­лар кітапханасына жиі ба­рып тұра-тын­мын, алай­да қазір жа­бы­лып қалды. Өзі-міздің кітапханамыздан ба­тыр­лар жы­рын алып, үйде оқудамын.

Дәурен Бай­бо­зов: — Кітап болашағыма зор жол аша­ты­ны­на көз жеткіздім. Маған Фа­ри­за Оңғарсынованың «Қыз ғұмыры» ұнайды. Қазақ ертегілерінің төрт то­мын оқып шықтым.

Сал­та­нат Ғаипова: — Менің қатарласта-рым ойынға, ұялы телефонға әуес. Ол дұрыс емес деп ой­лай­мын. Өзім кітап оқығанды жақсы көремін. Болашақта заңгер болғым келеді. Сондықтан шы­тыр­ман оқиғаға то­лы фантастикалық, қылмыстарды аша­тын де­тек­тив жанрындағы кітаптарды сүйсіне оқимын. Сол кітаптарды оқығанда кейіпкерлермен бірге жы­лай­мын, күлемін. Осы орай­да Зоя апайға үлкен рах­мет айтқым келеді. Әдебиет пәнін жақсы өткізеді.

Аль­ми­ра Куль­чи­ко­ва: — Мен кітапты қа-дірлеп ұстаймын. Қазақстанның болашағы біздер,сондықтан білімді бо­лу­ы­мыз ке­рек деп есептеймін. Анам «Айгөлек», «Балдырған» жур­на­лы­на жа­зыл­ды. Сол жур­нал­дар­ды інім екеуміз оқимыз. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы өте ұнайды.

Арай Рах­ме­то­ва: — Кітап оқығанды жақ-сы көремін. Оны сыз­бай, жырт­пай, та­за сақ-тай­мын. Ба­ла­лар кітапханасына ба­рып тұра-мын. Қазіргі таңда «Менің алғашқы эн­цик­ло­пе­ди­ям» де­ген кітапты оқып жа­тыр­мын. «Алақай, балақай», «Ұлан», «Айгөлек» жур­на­лы ұнайды. Абай атамыздың өлеңдерін жатқа білемін. Өкінішке қарай, до­ста­рым көп кітапқа қызықпайды.

Жан­бо­лат Жақыпов: — Өзіміздің әдебие-тімізбен ғана шек­тел­мей, сыртқы әлемді де та­нып-білу ке­рек, яғни ше­тел кітаптарын да оқу қажет деп ой­ла­мын. Өзім «Абай жо­лы», Абай атамыздың қара сөздері және Әбіш Ке-кілбаевтың шығармаларын оқығанды жақсы көремін.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz