Ұятын жоғалтқан жұрт, ұрпағын да жоғалтады

Жарнама

Қазір га­зет, жур­нал және те­ле­ди­дар беттерін қарайтын болсақ 60-70%  көзге түсетін және жиі қайталанып тұратын нәрсе «жалаңаш әйел денесі» және «эротикалық» бей­не кад­р­лар. Ия, шы­ны­мен­де қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең көп ай­ты­лып және көрсетіліп жатқан нәрсе осы. Осы­лай­ша үгіттеліп жатқанның екі негізгі себебі бар, біріншісі, біреулер ұятсыздықты на­си­хат­тай (үгіттей) оты­рып үлкен та­быс­тар та­ба­ды. Екінші себебі, тікелей ұлтты, ұрпақты құрту. Түсінікті бо­лу үшін екі себепті же­ке же­ке қарастырып көрейік.

Ұятсыздықты на­си­хат­тап та­быс та­бу бизнесі өз бас­та­у­ын Еуро­па­дан алып, кейін КС­РО ыды­рай бастағаннан кейін, яғни 1990-жыл­да­ры Қазақ жеріне де келіп жетті. Осы жол арқылы та­быс та­ба­тын­дар, еш ұялмастан та­быс­та­рын одан әрі өсіру үшін қоғамның бүкіл жерінде ашық түрде ұятсыздықты на­си­хат­тап жұмыстарын жүргізді. Олар алғашқыда су­рет, фо­то арқылы жалаңаш бейнелерді көрсетіп, кейінен ки­но, жар­на­ма, мульт­фи­лим­дер­ге ара­ла­с­тыр­ды. Бұнымен тоқтаған жоқ, адамның пси­хо­ло­ги­я­сын жақсы білген олар, ендігі қоғамда тұтынылатын әр заттың са­ты­лу­ын тез­де­ту үшін, ол заттарға әйел мен еркектің жалаңаш бейнелерін жа­бы­с­ты­рып, сатқыза бас­та­ды. Қазіргі уақытта са­ты­ла­тын сағыздан бас­тап, пәтердің жар­на­ма­сы­на дейін жалаңаш әйелдің бейнесі бар.

Ал, енді бұл қаншалықты адам пси­хо­ло­ги­я­сы­на теріс әсерін тигізетінде, олардың еш ша­руа­сы жоқ. Өйткені, олар үшін та­быс маңыздырақ. Осы­дан келіп сұрақтар ту­ын­дай­ды, бұл ұятсыздық бизнесін тоқтату мүмкін бе? Бұнымен қалай күресу ке­рек? Бұдан шығар жол бар ма?

Әрине бұдан шығар жол бар. Ал­ды­мен ұятсыздықтың зи­я­нын, қауіпін білу, кейін жүрген жер­де, жұмыста, үйде, көшеде ай­та жүру, адамдардың са­на­ла­рын оя­ту. Яғни бастық өз деңгейінде, мұғалім өз деңгейінде, дәрігер өз деңгейінде, ата-ана өз ба­ла­ла­ры­на ай­та жүру ке­рек. Кейін қоғамның бүкіл саласындағы ұятсыздық арқылы жа­са­ла­тын бизнестің барлық түріне тосқауыл қою ке­рек. Мы­са­лы: «На­ша Ка­за­ша» бағдарламасын жа­бу.

Қоғамда ұятсыздықтың тарауының екінші себебін қарастырып өтейік. Ұлтты, ұрпақты құрту үшін ал­ды­мен оны бұзу ке­рек.  Бұзудың ең төте жо­лы, ұятсыздықты, некесіз жүріс тұрыстарды кең жаю. Бұл теорияның ата­сы  ев­рей ғалымы Фрейд бо­лып та­бы­ла­ды. Осы те­о­рия негізінде ұлтты және оның ұрпағын құрту үшін ұятсыздықты, некесіз жүріс тұрыстарға жол ашыл­са бол­ды, арықарай ол ұлт өз өзін жоқ қылып жібереді. Қалайша дейсіздер ғой, ал­ды­мен ұяты жоғалған қоғамда адам­дар ара­сын­да жеңіл жүріс-тұрыстар (некесіз қатынастар) көбейеді, бұл жыныстық қатынас арқылы та­рай­тын аурулардың көбейюіне алып келеді. Одан кейін ол ауру­лар ұрпақтан ұрпаққа та­рай­ды.  Ақыры жүгенсіздік жайлаған ұлт құрып ты­на­ды.

Со­ны­мен қатар адамдардың әдеп жүріс-тұрыстары бұзылады. От­ба­сы, әке-ба­ла, ата-әже де­ген­ге құрмет жоғалады. Ба­ра, ба­ра адам­дар хайуандық дәрежеге жетеді. Осы­лай­ша ұлт ұрпақ жоғалады. Бұдан шығар жол жалғыз ғана, ол имандылық жо­лы. Ұлтты, ұрпақты тәрбиелеудің ба­сын­да имандылық тұру ке­рек. Имандылықпен тәрбиеленген адам баласының са­на­сын­да ең ал­ды­мен «ұят» тұрады. Бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у) айтқан хадисі: «Ұят иман­нан» де­ген. Ұяты көп болған қоғамда «На­ша Ка­за­ша» т.б осыған ұқсас телебағдарламалары, жалаңаш әйелдердің суреттері бар га­зет, жур­нал­да­ры, денесін са­та­тын жезөкше қыздары бол­май­ды.

Сондықтан, келіңіздер ұлт боп, ел бо­лып ұлтымызды, имандылығымызды бұзатын нәрселерге тоқауыл қояйық, күресейік! Бастық өз деңгейінде, мұғалім өз деңгейінде, дәрігер өз деңгейінде күресуі ке­рек. Ата ана да ба­ла­ла­рын ұятсыздықтан қорғау үшін күресуі міндет.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz