Бесік – көненің қажетсіз қалдығы емес…

Жарнама

Қазіргі жан-жақты дамыған за­ман­да адам қолданысы үшін әртүрлі зат­тар, тех­ни­ка, түрлі жиһаздар шығып жа­тыр. Оның ішінде сәбилерге арналған ке­ует­тер де жоқ емес. Бұл ке­ру­ет­тер атам қазақ пайдаланған бесікті әрі ысы­ру­да. Көптеген жас­тар бесік баланың аяқ-қолын таңып, қысып жа­та­ды, сондықтан қимылы азай­ып, аурушаң бо­ла­ды деп, бесіктен бас тар­тып жа­тад. Егер бұл рас бол­са, ғасырлар бойы бесікке жа­тып ке­ле жатқан қазағымның ба­ла­ла­ры­нан алып алып ба­тыр­лар, ақылгөй би­лер шықпас еді. Керісінше, бесік баланың денсаулығына, ми қызметінің дұрыс да­му­ы­на үлкен септігін тигізеді. Ба­ла бесікте та­за әрі жы­лы жа­та­ды. Жаялығы құрғақ болғасын ұйқысы да ты­ныш бо­ла­ды.
Әрине, бесік пай­да­лы екен деп, ба­ла­ны күні-түні таңып қоюға бол­май­ды. Ара­сын­да шешіп алып, аяқ-қолын со­зып, жаттығулар жа­сау ке­рек. Ба­ла бесікте жатпаған уақытта бесік көрпешелерін далаға күннің көзіне, қыста аязға жай­ып алу қажет.
Ал бесіктің пай­да­сы­на оралайық. Жа­ман айт­пай жақсы жоқ, ба­ла ауы­ра қалса, дәрі-дәрмек бер­ген­нен гөрі, халық емін, әсіресе мал май­ы­мен, бал­мен сы­лау жақсырақ екені белгілі. Ал осы ша­ра­лар­ды қолдану үшін ба­ла ора­у­лы, жақсы жа­бу­лы бо­луы шарт. Ал жыбырлақ ба­ла­ны орап қою да оңай ша­руа емес!.. Осын­дай кез­де бесік бірден бір көмекші бо­лып та­бы­ла­ды.
Тағы бір жақсы жағы – бұл ұйықтап жатқан ба­ла­ны бір бөлмеден бір бөлмеге көшіру ке­рек бо­ла қалған жағдайда керуеттегі не­ме­се жер­де жатқан ба­ла­дан гөрі, бесікте таңулы жатқан ба­ла­ны көшіру оңайырақ емес пе?!
Кейбір ана­лар жас сәбиін қасына алып жа­та­ды. Ұйқы өліммен тең деп жа­та­ды ғой халық. Көзі ұйқыға кет­кен ана қасындағы ба­ла­ны ба­сып ке­ту және оны тіпті байқамай қалу қаупі де өте зор. Ал бесік бұдан сақтайды. Не­ме­се «сәбиімді ба­сып ке­тем-ау» деп алаңдаған ананың ұйқысы да ты­ныш бол­май­ды. Ал бесікте жатқан баласының қауіпсіздікте екенін сез­ген ана ты­ныш ұйықтайды.
Ай­тып айт­пай не ке­рек?! Жас аналарға, ба­ла­лы болғалы бо­лып отырған болашақ аналарға ай­тар кәдем – сәбилеріңіздің бой­ын бесікке үйретудің қамын жасаңыздар. Бұл – көненің қажетсіз қалдығы емес, бұл – ақылды аналарға арналған «ақылды жиһаз».

Ав­тор: Әсел ШЫН­ТАС
Фо­то: http://ip-dos.ucoz.kz


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz