Өсетін бала өрге ұмтылады

Жарнама

Әсем ән – әрдайым адам­зат жа­нын ғажайып әлемнің бе­сігінде әлдилейтін сырға то­лы се­зімнің сұлу да сиқырлы са­зы. Жер жүзіндегі тіршілік иесінің жан­са­рай­ын сәулесімен жарқырататын әннің әр­бір ырғағы көкіректегі көңіл теңізін тебірентіп, сезімнің та­мы­рын ті­ріл­тетін құдіретке ие. Осы­нау таң­ғажайып өнерге ес білгеннен ғашық өнерлі өреннің бірі – Бек­тас  Ги­ла­жов.

Қасиетті  қа­­­зақ халқының та­ри­хы­мен та­мыр­лас, көшпен­ділердің салт-са­­­­­­­­­на­сы мен әдет-ғұр­пының сан сы­рының шежіресін шертетін әсер­­­лі ән бүлдіршіннің жүрегіне бес жа­сын­да-ақ ұя салған. Өнерлі ба­ла  1994 жы­лы 8 қарашада Аты­рау қаласында ту­ыл­ды. Төрт жа­сын­да мұнайлы қалаға көшіп келді. Со­ден бері «өнер де­се ішке асын жер­ге қоюға» қашанда дай­ын тұрады.

Бүгінгі таңда политехникалық кол­лед­ж­де оқиын  Бектастың  кіршіксіз кө­ңілі әрдайым жаныңды жаз­дай жа­ды­ра­та­тын сыңғырлы саз­дың са­ры­ны­нан сая та­ба­ды. Бес жа­сы­нан бас­тап  «Ата­ме­кен» әні­нің әуеніне қосылып ән шырқай бастаған та­лан­т­ты өнер­­паз қазір ме­ре­ке күндері сах­на­дан түспейтін қаламыздың мерейлі мақтанышы. Бек­тас Аронұлы 2008 жы­лы Абай оқуларының 3-орын, 2009 жы­лы «Жаңаөзен жұлдыздары» сай­ы­сын­да 1-орын, 2010 жы­лы «Желтоқсан желі» ақындар мүшәйрасында 2 орын­ды иелен­ген.  Та­лап­ты әнші сах­на төрінен самұрықтай сам­ғаған әдемі әнімен асқар та­у­дай ата-ана­сын қуанышқа кенелтіп, жұрт­­шылықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Қазақтың жау­һар жыр­ла­рын жатқа білетін кү­міскөмей жас ән­шінің қоржынында  онға жуық ән және бір клипі бар. Өнердегі ұстазы Мах­бу­за Шо­ма­но­ва екен.

Ұрпақтан-ұрпаққа ру­ха­ни құнды қазынадай мәңгілік ми­рас болған халық әндерін болашақта жер жүзіне на­си­хат­тау –жас әнші Бектастың жас  көңіл ай­ды­нын­да мә­пе­ле­ген ақ ар­ма­ны. Бұлбұл үні­мен, әсем әнімен жан-жа­ғына әрқашан нұр ша­ша­тын Бек­та­с­ты ке­ле­шек­те Алаштың дар­­­­хан да­ла­сының мұңы мен үнін күллі әлемнің жү­регіне жет­кізсем де­ген мақсаты үнемі алға же­­телейді.

Хакім  Абай  ба­ба­мыз  айтқандай, қазақ елінің болашағының бір кірпіші бо­лып қаланып, бағзы ба­ба­лар­дан ама­нат бол­ған халықтың мә­­де­ни мұрасын бо­ла­шаққа жет­кізу – адамдық бо­ры­шым деп біледі.  Өнердегі ақылшы ұстазы, ру­ха­ни қолдаушысы Аб­зал Жұматов. Өнерлі  өрен қалада өтетін әртүрлі шараларғақатысып, қоғамдық жұмыстарға бел­се­не  ара­ла­са­ды.   Бек­тас қазіргі уақытта қалалық  спорт бөлімінде қызмет атқаруда.

Құшақ жайған жар­қын болашақта әлемнің әйгілі сах­на­ла­ры­нан қазақ әндерін шырқай бергейсің, өнер әлемінде өрге жүзіп, қанатың талмағай! Болашағы бар жас әншіге бақытты ке­ле­шек тілейміз!

Ав­тор: Гүлмира БЕР­ДАУ­ЛЕТ
Фо­то: Же­ня Емец 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

12 Пікір на "Өсетін бала өрге ұмтылады"

avatar
Бектас
Қонақ

менің макаламды жаксы керемет кылып шығарып берген,өз үлесін коскан Гулмира Бердаулетке өз алғысымды шын жүректен білдіремін.Игі тілекпен:Гилажов Бектас жас әнші.

Бектас
Қонақ

осы макаламды мына почтаға жіберіңізші Гулмира ханым.bektas_super@maii.ru макаламды күтем.

Абзал Джуматов
Қонақ

Онерин орге жузсин иним биiк Шындардан корине бер,,, игi тилекпен онер жолындагы аган Абзал,,,

Бектас
Қонақ

рахмет Абзал ага

daniyar
Қонақ

o salam bektas bauirim juldizin jana bersin biykterden korine ber jan dosin daniyar karim

Батыр
Қонақ

Молодец Бектас інім әрқашан биіктерден көріне бер, жарқын болашаққа осы өнерің жетелесін,саған дүниедегі бар жақсылықтың барлығын тілеймін. тек алға!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Джумаева Гульмира
Қонақ

Жарайсын Бектас !

Gulzada
Қонақ

Жас анші Бектас! Жана шындарды багындыра беруіне тілектеспін! Ардайым Бекет атам колдап ЖанаОзеннін данкын аскактата дер!

Gulzada
Қонақ

Жас анші Бектас! Жана шындарды багындыра беруіне тілектеспін! Ардайым Бекет атам колдап ЖанаОзеннін данкын аскактата бер!

Рома Адай
Қонақ

Al Bektas.Oner dese iwken asyn zherge koyarga dain onerpazdin birisingoy naktyrak aitkanda.zharaisyn!Senin osyndai sapasy bar narserge shygyp zhatkanin biz uwin shegi zhok bir kuanyw.osylai bizdi kuanta bergeisin.Onerine dan rizamyn.osy bagytynnan taimai,ozindi ozin alga zhetei ber.Talai belesterdi bagyndyryp,koptegen zhetistikterge zheter ber.onerdegi agan ROMA.

Бектас Гилажов жас әнші
Қонақ

рахмет Рома братан… Алла разы болсын! саған да тілерім тек қана үлкен белестерден көрініп,бүкіл әлемге атың шыксын… соған шын ниетіммен тілеймін… өнердегі інің Бектас Гилажов…

Нурлыбек
Қонақ

Бекет атам колдасын деп жазыпты коментте.Бул Аллага серик косу болып саналады.Улкен кунадан сактанайык баршамыз

wpDiscuz