Ұлттық спорт түрлері заманға сай икемделсе игі еді…

Жарнама

Ұлы да­ла­ны ме­кен ет­кен жар­ты­лай көшпелi ба­ба­ла­ры­мыз ор­та ғасырдың ор­та шеніне дейінгі та­рих­та адам­зат өркениетіне қосқан жарқын үлесімен өз за­ма­нын­да жаһандану үрдісіне өшпес із қалдырды. Ең ба­с­ты­сы, жылқының қазақ жерінде жаңа тас дәуірінде қолға үйретілгендігін бүгінгі археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Олар сол дәуірлерде ой­лап тапқан атқа мінуге икем­дел­ген ауы кең шал­бар мен екi өңiрi ал­ды­нан қаусырынатын киiм және үзеңгіге тебінетін аяқ-киім жабдықтары көшпелі шаруашылық-мәдени та­лап­та­ры­нан туындаған жаңалықтар ретінде бағаланады.

Ер­ге мініп-түсуге, ат үстінен ұрыс са­лу­да үлкен міндет атқаратын етік өкшесі, оған қоса жүрдек ету үшін аттың бүйіріне тебінетін батқы (шпор), та­я­ныш қызметін атқаратын қонышының ар­ты­на салынған ме­талл тіреме, берік бо­луы үшін салынған сіріөкше қатарлы етік де­таль­да­ры салт ат­ты мәдениет өкілдеріне тән жаңалықтар ор­та ғасырдан бас­тап Еура­зия аумағына жап­пай та­рал­ды.

Біз бұл үрдісті бүгінгі за­ман та­ла­бы­на сай икем­деп, қайта жан­дан­ды­ру ұлттық спорттың машығы ғана емес, мәдени-спорттық туризмнің, қызық та­ма­ша­ла­у­ды сүйетін саяхатшылық са­ла­сы­на тап­тыр­май­тын ноу-хау де­уге бо­ла­ды. Шығыстық атбегілікті және сай­ыс өнерін ба­тыс жұртшылығына туристік, спорттық қызмет ретінде ұсынар болсақ, едәуір табысқа ке­не­лер едік.

Осылардың ішінде шығынды көп ке­рек етпейтіні – ұлттық асық ой­ын­да­ры. Осы жолдардың ав­то­ры өткен ғасырдың 1995-1997 жыл­да­ры «Үш та­бан» мен «Шеңбер» сияқты асық ойындарының за­ма­на­уи спорттық ережесін жа­сап, Аякөз өңірінде насихаттаған еді. Осы аталған асық ой­ын­да­ры де­ген­де ерек­ше ескеретін нәрсе, түркі халықтары бо­лып ортақ бірегей «Үш та­бан» мен «Шеңбер» ту­ра­лы концепциялық мәмілеге кел­ген­нен соң, оны халықаралық деңгейге, олимпиадалық спорт деңгейіне жеткізу мүмкіндігі бар.

Бұл спорт ой­ы­нын жаңғырту – жас­тар­ды мергендік пен шапшаңдыққа ба­у­лып қана қоймай, патриоттық тәрбие, этникалық мәдениетке құрметпен қарауды үйретеді. Бізде енді қолға алғалы отырған ұлттық спорт түрлерінің ше­тел­дер­де ер­те­ден жүзеге асқан, нарыққа бейімделу тәжірибесін өзімізге икем­де­сек көп нәрсе ұтар едік.

Енді мен шар­т­ты түрде «Үш та­бан» ойынының ой­на­лу ережесіне тоқталайын:

Ой­ын 1 тур­да 1 асықпен ой­на­лып, қалған тур­лар­да 3 асықпен ой­на­ла­ды. Ақтық сынға шыққандар 5 асықпен бақ сы­на­са­ды. Төреші сақаларды иірген кез­де кімдікі не ал­ша, не тәйке тұрса сол адам 1,5-2 мет­р­жер­ден асықты бірінші бо­лып ата­ды. Егер мүлт кет­се, қарсыласы 1-1,5 мет­р­жер­ден асықты ата­ды. Ату қашықтығын төреші белгілейді. Бірінші ой­ын­шы асықты емес сақаны атам де­се, ол асық тігілген жерден0,50 метрқашықтықтағы сызыққа қойылады. Осы жағдайда тигізе ал­ма­са, қарсыласы сақа мен асықтың қайсысын ату­ды таңдауды өзі шешеді. Ұшырылған асық40 смтөреші қолындағы қамшымен ( не­ме­се ар­найы таяқпен) өлшенеді, осы40 смасырған ой­ын­шы атып түсірген бо­лып са­на­ла­ды.40 смтолмаған асық ортаға қайыра тігіледі. Оны ату 1-ой­ын­шы үшін 1,5-2 метр; 2-ой­ын­шы үшін 1-1,5 метр. Екі ой­ын­шы­да 1-1 асықтан ал­са, кім бірінші атып ал­са, сол 1-нөмірлі ой­ын­шы ата­лып, ой­ын­ды бас­тап оты­ра­ды. Сақаны атқан ой­ын­шы сол пар­ти­яда жеңімпаз са­на­ла­ды. Осы жағдайда сақасы атылған ой­ын­шы осы пар­ти­яда бұрын атып алған асығынан ай­ы­ры­лып, асық жеңімпаздың иелігіне көшеді.

Шеңбер де ту­ра осын­дай шарт, ату мен ұпайында ғана өзгешелік бар. Диаметрі 3-4 метршеңберді төреші белгілейді. Оның бір бөлігін, ақ бір бөлігін қара түспен бо­яй­ды. Бұндада кімнің бірінші ата­тын ақ жақты иеленуі сақаның иірілуіндегі түсуіне бай­ла­ны­с­ты. Шыққан асық үшін ой­ын­шы бір ұпайдан иеленіп оты­ра­ды. Әр ой­ын­шы өз кезегінде үш рет­тен атып оты­ра­ды. Ой­ын үш кезеңнен тұрады. Әр кезең 10 ұпайдан тұрады. Бо­я­у­лы асықты шығарған 5 ұпай, жай асықты шығарған 1 ұпайдан иеленеді. Кім бірінші 10 ұпай жи­на­са сол жеңімпаз ата­на­ды. Тігілетін он асықтың 7 жай, 3 бо­я­у­лы бо­лып келеді. Әр атыс­тан соң жығылған (шыққан) асық қайта тігіліп оты­ра­ды.

Қорыта айтқанда, Еуро­па төріндегі отырықшы халықтардың бірі ма­жар­лар көшпелі әлемнің ой­ын-сауықтарын қайтадан сәтті жаңғырта білген. Ба­ба­ла­ры­мыз­дан қалған асық ой­ын­да­рын заманға сай икем­де­се, эт­но­ту­ризм са­ла­сын­да табысқа жететін тетік бо­ла­ды де­ген ой­да­мыз. Ауған және Тәжік соғысының ардагерлері турнирін республикалық көлемде осы ере­же негізінде өткізу ой­ы­мыз­да бар. Егер, тиісті қаражат та­бы­лып, осы тур­нир өтетін бол­са, бір кісідей ат­са­лы­сып қатысайық.

Ав­тор: Әбіл-Серік Әбілқасымұлы әліәкбар ,

ШҚО Бо­ро­ду­ли­ха ауда­ны Но­во­пок­ров­ка ауы­лы

Фо­то:  http://www.aorda.kz


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz