Жыл басы Әз-Наурыз

Жарнама

Жыл басы Әз-НаурызНа­урыз мей­ра­мы яда қысқаша на­урыз пар­сы тіліндегі نوروز – Но­руз сөзінен, яғни «жаңа күн» мағынасынан  шыққан. На­урыз ата­уы бұрынғы та­ри­хи мәдениеті ортақ болған халықтарда бүгінге дейін ұқсас ата­лып келеді. Мәселен  пар­сы тіліндеنوروز – но­руз деп атал­са күрт тілінде: не­уроз, өзбек тілінде: на­вруз, түркімендер мен әзірбайжандарда:  нов­руз, қырғыздарда: но­о­руз, , қырым та­тар­ла­рын­да: на­врез, тәжіктер «гүл гар­дон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусар­джи», та­тар­лар «нар­ду­ган», бу­рят­тар «са­га­ан са­ра», соғды-лықтар «науса­рыз», ар­мян­дар «на­ва­сар­ди», чу­ваш­тар «но­рис оя­хе» деп атап, сән-сал­та­на­ты­мен жоғары деңгейде той­ла­нып отырған. Қазақтар бұл мей­рам­ды «Әз-На­урыз» дейді. Халқымыздың ежелгі на­ным-түсінігінде «на­урыз-дың алғашқы үш күнінде жер-көкті жа­рып ерек­ше ды­быс (гуіл) естіледі, оны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерек­ше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады» де­ген аңыз бар.  Сол себепті, халқымыз «Әз бол­май, мәз бол­май­ды».дейді.

Ауғаныстандағы На­урыз мей­ра­мы

Ауғаныстанда, На­урыз­ды той­лау дәстүрге айналған. Мұнда ме­ре­ке екі аптаға дейін со­зы­ла­ды. Күні бұрын қызу дайындық бас­та­лып Жаңа жылға ең жақын соңғы сәрсенбі күніне дейін дайындық жа­са­лып тағамдар әзірленеді. Айрықша тағамдар ішіне Хафт ме­ва, Сма­нак секілді жеңіл тағамдар кіреді. Сма­нак би­дай­дан жа­са­ла­тын шекерлі мерекелік ас. Дай­ын­дау кезінде ауыл әйелдері күндегідей емес ерек­ше көңіл күйде , бір үйге жи­на­ла­ды. Таңға дейін ән ай­тып, мерекелік көңіл күйде та­ма­ша етіп әзірлейді. Сәрсенбі күнінен кейін дайындық тоқтатылып мерекені тойлауға шығады. Ме­ре­ке ар­ты Гүле Сурх яғни ла­ле гүлдері фестивальіне ұласады. Бұл фес­ти­валь тек Ма­за­ри-Ша­риф қаласында ата­лып өтетін болғандықтан халық ме­ре­ке кезінде бұл қалаға бір келіп ке­ту­ге ты­ры­са­ды. Фес­ти­валь жаңа жылдың алғашқы күнінен қырық күнге дейін жалғасын та­ба­ды. Фес­ти­валь  кезінде қала келбетін жаңа ашылған ла­ле гүлдері құлпыртып ажар­лан­ды­ра түседі. На­урыз мерекесі ауған халқының  дәстүрлі   мейрамдарының ішіндегі ең маңызды мерекенің бірі бо­лып са­на­ла­ды.

Күрділердің той­ла­уы

Көптеген Күрді жазушыларының шығармасындада На­урыз ту­ра­лы өлеңдер, жыр шумақтары кездеседі. Соның бірі Мұса Атердің ай­туы бой­ын­ша На­урыз мей­ра­мы ежелгі күрд халықында 31- ші та­мыз­да той­ла­на­тын бо­лып­ты. Кейін арап күнтізбесін қбылдағаннан кейін на­урыз ай­ы­на ауы­сып­ты. Бүгінгі күнде на­урыз мей­ра­мын күрдттер  21, 22 және 23 На­урыз­да той­лай­ды. Ме­ре­ке­де көпшілік қала сыртындағы са­я­жай­лар­да, ашық алаңқайларда жи­ы­лып көптен күткен көктем мерекесімен бірін-бірі құтықтайды. Қыз-келіншектер түрлі түсті көйлектер киіп бас­та­ры­на ма­та қиындылармен безендірілген  ора­мал­дар тағады. Жиылған халық  от жағып үстінен секіреді, ән ай­ты­лып, би би­леп соңы үлкен мерекелік кеш­ке ай­на­ла­ды..

Ав­тор: Ма­рат Ержігітов
Фо­то: http://www.kazakh.ru


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz