«Анашым, сіздің мені жоқтап жылап жатқаныңызды көріп, жаным қатты қиналды. Анашым, сіз есінізден танып, әкемнің жүрегі ауырып, бауырларым жылап жатқанда менің жаныма түрі тым суық, қап қара түтіккен өте қорқынышты бейне келді де жанымды өзегімді жұлым-жұлым етердей суыра бастады. Осындай қорқынышты көріністен үрейленген менің жаным денемнен шығуға қарсылық көрсетіп, денемнің әрбір бұрышына барып, тығыла бастады. Жаным қаншалықты қарсылық көрсетсе, періштелер де мені соншалықты соққының астына алды. Өзегімнің жұлма-жұлмасын шығарып, ақыры жаным денемнен ажырады.
Анашым, жаным неге қиналып жатыр, құтқарыңдаршы мені. Намаздарым, құтқарыңдаршы мені, садақаларым, оразаларым неге келмейсіңдер.
Көзі соқыр, аяғы ақсақ, өте жұпыны бір шал көзіме көрінді. «Сен кімсің?» деп сұрағанымда «Мен сенің амалдарыңмын» «Сен неге маған бағанадан бері келмедің?» дегенімде, ол маған: «Сен амалдарды немқұрайлы, намаздарды ықылассыз кешігіп оқушы едің ғой. Оразаларыңда тек ішіп жеуден ғана тыйылатынсың. Сондықтан мен саған осындай бейшара күйде келіп тұрмын» деп жауап берді.
Анашым, сол кезде менің өзегімді өкініштер өртеді. Өмірімде сезініп көрмеген өкініш, өзгертуге болмайтын өкініш. Неге, сол кезде намаздарыма немқұрайлы болдым, неге амалдарым аз, әлсіз болды, анашым, анашым маған, киіміме, тамағыма мән бергенше неге намаздарымды, құлшылығымды қадағаламадың. Сен кигізген кебін шіріді, сен жегізген тамақтар бойымнан құрт шаянға жем болды. Денемді әр жерінен тескілеп, өздеріне азықтарын тауып жеп жатыр.
Анашым, маған екі періште келді де өмірде мен көп естіп жүрген сұрақтарды қоя бастады, бірақ менің тілім күрмеліп, аузыма сөз түспеді, неге… Мен оларды білемін ғой… Айта алмай жаным қиналды, Анашым сонда олар мен қатты соққының астына алды, бұл өмірде адам баласы сезінбеген қатты ауыр соққы, шыңғырған, ышқынған даусым шықты.
Құтқарыңдаршы,құтқарыңдаршы…. Бірақ бәрінің кеш екенін түсіндім. Енді ештеңені түзете алмаймын ғой. Сол кезде маған тозақтағы орным көрсетілді. Қандай жаман орын. Алладан қиямет күніңді жақындата көрме деп қатты жалбарынып сұрадым.
Анашым, маған сенің жақсы амалмен жасаған дұғаларың ғана жәрдем бере алады. Анашым, сенің өкінішке ұрынғаныңды қаламаймын.. Анашым, бәрі хақ, бәрі шын.
Алладан жәрдем сұра,анашым..»